Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бос лауазымдар » Бос лауазымдар туралы мәлімет » Текелі қаласының әкімдігі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының...

Бос лауазымдар туралы мәлімет

Текелі қаласының әкімдігі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Санат: Бос лауазымдар туралы мәлімет
Уақыты: 24.09.2019
Оқылды: 48 Печать страницы

Индекс 041700, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылайхан көшесі №34, анықтама телефондары/факс 8(72835) 42739, 42241, электрондық пошта: apparat@tekeli.gov.kz, БСН 001140002438.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылайхан көшесі №34, 1-қабат, кіші мәжіліс залы.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

1. «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 134851 теңгеден 182456 теңгеге дейін, E-2 санаты, /№90-01-02-01/, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

         Білімі: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

         Жұмыс тәжірибесі: келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

         4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

         6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         7) ғылыми дәрежесінің болуы.

         Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет, атқарушылық тәртіпті сақтау, кадрлармен қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті камтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге. Текелі қаласы әкім аппараты мен қала әкімдігі регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етуге. Текелі қаласы әкімдігі отырыстарының дайындығына басшылық етуге. «Текелі қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі жұмысының жоспарлауын қамтамасыз етуге. Алматы облысы әкімінің аппаратымен, Текелі қалалық мәслихатымен, басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға. Қала әкімінің депуттар алдында есеп беруін өткізу, халыққа есеп беру кездесулерді ұйымдастыруға. Қазақстан Республикасы Президентінің, Казақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттардың депутаттарының сайлауын заттық-техникалық камтамасыз етуіне жәрдемдесуге. Сайлаушылардың тізімдерін сапалы әзірлеуіне жауапты болуға. «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметін облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімінің тапсырмаларын орындау бөлігінде үйлестіруге. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі бақылауын жүргізу үшін жауапты болуға. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарауға, азаматтардың қабылдауын жүргізуге. Мемлекеттік тілді білу. Компьютерде жұмыс істей алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

      __________________________
                               (мемлекеттік орган)

 

 

                                                                    Өтініш

         Мені_________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына  қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

         "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

__________________________________________________________________

 

 ____ __________                                   __________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))