Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бос лауазымдар » Бос лауазымдар туралы мәлімет » Текелі қаласының әкімдігі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының...

Бос лауазымдар туралы мәлімет

Текелі қаласының әкімдігі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Санат: Бос лауазымдар туралы мәлімет
Уақыты: 09.09.2019
Оқылды: 42 Печать страницы
Текелі қаласының әкімдігі осы мемлекеттік органның
мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды
 
Индекс 041700, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылайхан көшесі №34, анықтама телефондары/факс 8(72835) 42739, 42241, электрондық пошта: apparat@tekeli.gov.kz, БСН 001140002438.
 
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
 
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады
 
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
 
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
 
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
 
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
 
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
 
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
 
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
 
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылайхан көшесі №34, 1-қабат, кіші мәжіліс залы.
 
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
 
Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
 
Сарапшы ретінде мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
 
1. Текелі қаласы әкімінің орынбасары, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 150778 теңгеден 203162 теңгеге дейін, E-1 санаты, /№90-01-01-01/, 1 бірлік.
 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 
Білімі: жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау және/немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе авиациялық техника мен технологиялар және/немесе құрылыс және/немесе геодозия және картография және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе теңіз техникасы мен технологиялары және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе көлік құрылысы және/немесе метрология және/немесе геодезия және/немесе маркшейдер ісі және/немесе жол қозғалысын ұйымдастыру және/немесе ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларды өндіру және/немесе организация перевозок, и управление движением на транспорте және/немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) және/немесе тау-кен ісі және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы және/немесе жер кадастры және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология және/немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс ); ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау және/немесе агроэкология және/немесе агрохимия); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе кадастр және/немесе бағалау және/немесе логистика (сала бойынша) және/немесе жерге орналастыру); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе статистика және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және менеджмент және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (сәулет және/немесе графика және/немесе мүсін және/немесе дизайн)салаларында.
 
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
 
Жұмыс тәжірибесі: келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
 
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
 
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
 
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
 
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
 
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
 
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
 
Функционалдық міндеттері: Сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, байланыс, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, жер қатынастары мәселелерін жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімі мен қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын орындау мен бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру. Коммуналдық шаруашылықтың, «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Текелі қаласының құрылыс бөлімі», «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы», «Текелі қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелердің жұмысына басшылық ету. Текелі қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің, өртке қарсы қызметі бөлімінің қызметін үйлестіру. Басшылық ететін мемлекеттік және өзге де мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын қадағалауға. Мемлекеттік тілді білу. Компьютерде жұмыс істей алу.
 
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
 
Өтініш
 
Мені_________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________
__________________________________________________________________
 
____ __________ __________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))