Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бос лауазымдар » Конкурс қортындысы » «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Е-R-4 санаты (№90-15-02)

«Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Е-R-4 санаты (№90-15-02)

Санат: Конкурс қортындысы
Уақыты: 25.10.2016
Оқылды: 525 Печать страницы
 

Хабарландыру

Қатысушылардың тізімі

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

Конкурстың қорытындысы

 

«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, индексі 041700, телефондары 8 (728 35) 4-22-58,  факс 4-22-41, электрондық пошта адресі apparat@tekeli.gov.kz., мемлекеттік қызметшілер арасында аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға орай жалпы конкурс жариялайды:

1. «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Е-R-4 санаты (№90-15-02).

Лауазымдық айлықақысының мөлшері: еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық айлықақысы 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

 Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырына енетін Президент Жарлықтарының, жоғары тұрған органдар қаулылары мен шешімдерінің, қала әкімі өкімдерінің жүзеге асырылуына қатысу. Қала ұйымдары мен кәсіпорындарында халықаралық стандартты және техникалық реттеуді енгізуге көмек көрсету. Қала кәсіпорындарын өнім сапасы бойынша халықаралық және республикалық, салалық, облыстық көрмелерге, байқауларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру. Бағаның менеджментін, маркентингін, мониторингін және нарықтарды реттеудің мемлекеттік саясатын жүргізу.

Білімі, мамандығы, кәсіби құзыреттілігі: Жоғары, (мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі): әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), қызметтер (туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі).

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.Word, Excel компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білу, мемлекеттік тілді білу.

   Құзыреттілігі: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. 

Жұмыс тәжірибесі: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының   2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).      

 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жайдағы мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінен, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Бекболғанов Ринат
Қайрошұлы
 
 
Қажымұханұлы Ерқанат
 
 
 
 
 
 
 
Бекболғанов Ринат
Қайрошұлы
 
 
Қажымұханұлы Ерқанат
 
 
 
 
 
 
 

Қажымұханұлы Ерқанат