Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бос лауазымдар » Конкурс қортындысы » «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – салы...

«Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – салық жөніндегі инспекторы E-G-3 санаты (индекс 90-02-02)

Санат: Конкурс қортындысы
Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 545 Печать страницы
 

Хабарландыру

Қатысушылардың тізімі

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

Конкурстың қорытындысы

 

«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, индексі 041700, телефондары 8 (728 35) 4-22-58,  факс 4-22-41, электрондық пошта адресі apparat@tekeli.gov.kz., мемлекеттік қызметшілер арасында аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға орай жалпы конкурс жариялайды:

1. «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – салық жөніндегі инспекторы E-G-3 санаты  (индекс 90-02-02):

Лауазымдық айлық ақысының мөлшері: (мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты төлемді қоспағанда): E-G-3 -69957 теңге.

 Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілерге салық нормаларын түсіндіру. Жеке тұлғалардан мүлік, жер және көлік құралдары алымдары мен салықтарының толық әрі мерзімінде түсуін қамтамасыз ету. Округ аумағында салық төлеушілерді және салық нысандарын  мерзімінде есепке алу. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын және шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітаптарын (жер учаскелері, өсімдіктер жөнінде деректерді) жүргізу, оларға енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап беру. Салық төлеушілер туралы ақпарат құпиясын сақтау.Округ әкімінің басқа тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік тілді білу. Компьютерде жұмыс істей алу.

   Білімі, мамандығы, кәсіби құзыреттілігі, жұмыс тәжірибесі:

   Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес   (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару),  құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер).

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.Word, Excel компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білу, мемлекеттік тілді білу.

   Құзыреттілігі: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. 

Жұмыс тәжірибесі: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының   2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).     

 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жайдағы мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінен, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Муратбеков Ермек Муратбекович

Муратбеков Ермек Муратбекович

 

Муратбеков Ермек Муратбекович