Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бос лауазымдар » Конкурс қортындысы » «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөл...

«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, E-3 санаты (индекс 90-01-06-01)

Санат: Конкурс қортындысы
Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 562 Печать страницы
 

Хабарландыру

Қатысушылардың тізімі

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

Конкурстың қорытындысы

 

«Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, индексі 041700, телефондары 8 (728 35) 4-22-58,  факс 4-22-41, электрондық пошта адресі apparat@tekeli.gov.kz., мемлекеттік қызметшілер арасында аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға орай жалпы конкурс жариялайды:

1. «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, E-3 санаты  (индекс  90-01-06-01).

            Лауазымдық айлықақысының мөлшері: еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық айлықақысы 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.

            Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік  қызметшілердің дербес  іс  қағаздарын  жүргізу, қала  әкімінің жеке құрамы бойынша өкімдердің  жобаларын  дайындау. Бос  әкімшілік лауазымдарға орналасуға байқаулар өткізу үшін құжаттарды  дайындау. Кадрлар  мәселесі бойынша бөлімге  жіберілген құжаттарды  орындау. Кадрлар бойынша есептілік жүргізу. Наградаларға ұсыну құжаттарын рәсімдеу жұмысын жүргізу. Мемлекеттік тілді білу. Компьютерде жұмыс істей алу.

Білімі, мамандығы, кәсіби құзыреттілігі, жұмыс тәжірибесі:

Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес   (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару),  құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) 

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.Word, Excel компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білу, мемлекеттік тілді білу.

   Құзыреттілігі: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

Жұмыс тәжірибесі:

     жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;*

      4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

Атабаева
Кулара Жапаровна
Атабаева
Кулара Жапаровна

 

Атабаева
Кулара Жапаровна