Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Президент жолдауы » Жүзеге асыру барысы туралы ақпарат » №1 орта мектебінде Елбасы Жолдауын оқушыларға түсіндіру жұмыстары өткізілді

Жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

№1 орта мектебінде Елбасы Жолдауын оқушыларға түсіндіру жұмыстары өткізілді

Санат: Жүзеге асыру барысы туралы ақпарат
Уақыты: 06.02.2018
Оқылды: 289 Печать страницы

«Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы – «Текелі қаласының Жастар ресурстық орталығы», «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесі және қалалық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен №1 орта мектебінде Елбасы

Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын оқушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Шара барысында Елбасының алға қойған міндеттері туралы нақты айтылып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Шара соңында ардагерлер, жастарға ақ жол тілеп білім жолын шыңдауларына тілектес екендіктерін жеткізді. Шараға Текелі қаласының құрметті азаматы Омарұлы Тұрарбек, қалалық ардагерлер ұйымының төрайымы Б. Ықыласова мен ұйымның маманы Г. Омарова және Текелі қаласы Жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі А. Такенов қатысты.