Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ » Міндеті мен мақсаты

Міндеті мен мақсаты

Бөлімнің миссиясы: инфрақұрылым объектілерінің тиісті жағдайын қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық комплексінің дамуына жәрдемдесу, халықтың өмір сапасын арттыру,  тұрғын үй қорының жөндеуін және сақталғанын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қоры саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатын жүргізу.

Міндеттері:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар мен мекемелердің іс-қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізу;
2) пайдаланатын тұрғын үй қорының табиғи жай-күйіне мониторинг жүргізу;
3) конструкциялардың нормативтік беріктігіне қауіп төндіретін және инженерлік жүйелердің жұмыс істеуіне немесе тұрғын үйлердің адамдар тұруының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де бұзуларына әкелетін субъектілер тарапынан мүмкін болатын бұзушылықтарды болдырмау жөнінде шараларды жүзеге асыру;
4) кондоминиумге қатысушылардың жалпы мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғалармен тексеру жүргізу кезінде мемлекеттің құқығы мен заңды мүддесін сақтау.

Функциялары:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ әлеуметтік саласындағы қызметін жақсартуға және кенейтуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
2) өзі жетекшілік ететін мәселе бойынша шешім әзірлейді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытудың бағдарламасын әзірлейді;
3) коммуналдық қызмет саласындағы біртұтас техникалық және экономикалық саясатын жүргізу ісін үйлестіреді;
4) қала тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің жай-күйіне талдау жасайды, ондағы келесіздік пен келелі мәселені анықтайды, олқылықты түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) меншік нысаны әркелкі кәсіпорындар, мекемелер мен түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігінің қысқы жағдайда жұмыс істеуге әзірлену іс-шарасын жасау мен жүзеге асыруды үйлестіреді және бақылау жасайды;
6) жетекшілік ететін саланы ұстап тұру, пайдалану мен жөндеу шығының азайту мен оның тарифті бағаға сай келуі мақсатындағы тендрлік саясатты жүргізудегі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді;
7) тұрғын үй саласындағы реформаны одан әрі дамытуды, пәтерлердің меншік иелері кооперативі  мен олардың Ассоциациясын құруға ықпал етуді қамтамасыз етеді;
8) жетекшілік ететін салаға тендер (конкурс) өткізуге қатысады;
9) тұрғын үй-коммуналдық бағыттағы нысандарды, автомобиль жолы мен оның ғимараттарының аяқталған құрылысын пайдалануға беруді қабылдап алу коммисиясының жұмысына қатысады;
10) өзінің құзыры шеңберінде азаматтардың өтініші мен арызын уақтылы қарайды, жіберілген кемшілікті түзетудің шараларын қарастырады;
11) мемлекеттік тұрғылықты орындау уйымымен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды  кезекке және есепке алу жүргізеді;
12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергіліккті орындау уйымымен жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің жекешеліндіруіне құжаттарды дайындайды;
13) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергіліккті орындау уйымымен жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің жекешеліндіру шарттарына өзгерістер енгізеді;
14) 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын орындалуын қамтамасыз етеді;
15) меншік нысанына қарамастан тұрғын үй қорының пайдалануын және  қолдануын бақылауды жүзеге асырады;
16) тұрғын үй жайының, жалпы пайдалану жерлердің санитарлық күтіп ұстауын,  баспалдақ торшасының, подъездердің қолдануын бақылауды жүзеге асырады;
17) үй жанындағы аумақтарды  мақсаттық тағайындау бойынша қолдануын бақылау және көркейту ережесін сақтауды жүзеге асырады;
18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындайды;
20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстардың сметасын келіседі;
21) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;
22) бөлімнің мақсат мүлдесіне жататын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқадай міндеттерді жүзеге асырады.