Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ » Міндеті мен мақсаты

Міндеті мен мақсаты

Қызметтері:

1) өнеркәсіпті, энергетиканы, кәсіпкерлікті, инвестициялық және инновациялық саясатты, жарнамалық кеңістікті, сауда рыноктарын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаны дайындау және қамсыздандыру, орындау;
2) меншік түрінен тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, энергетика, кәсіпкерлік, инвестициялық және инновациялық саясат, жарнамалық кеңістік, сауда рыноктары қызметін, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және өнімнің осы түрінде қала тұрғындарының сұраныстарын толық қамтамысыз ету мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және оны жүзеге асырумен айналысатын ұйымдардың қызметтерін реттеу және үйлестіру;
3) сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға рұқсатты беру;
4) аймақтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтаумен байланысты мәселелерді шешу үшін кен пайдаланушылармен келіссөз жүргізуде қатысады, және қазақстандық кадрларды қатыстыру;
5) өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту, энергетиканы, кәсіпкерлікті дамыту және қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында жұмыс істейтін объектілерді қайта құру және жаңа объектілерді енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеп, орындайды;
6) тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің маңызды түрлеріне мониторинг және бағаларының анализін жүргізеді, дағдарыс процесін қадағалауды жүзеге асырады;
7) осы кәсіпорындардың, қоғамдық тамақтанудың, тұрмыстық қызмет ету, сауда, қала рыноктарының банкісін құрады;
8) қала кенішінде қызмет көрсету деңгейін көтеру, сауда жағдайын, қоғамдық тамақтандыруды, қызмет салаларын, қызмет көрсету саласындағы жұмысшылардың кәсіби дайындығын дамыту бойынша ұсыныстар, іс-шаралар әзірлейді және сараптама жасайды;
9) қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер саласындағы мәселелер бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
10) жергілікті бюджет қаржысын, гранттық бағдарламаларын, халықаралық және отандық қаржы институттарын қатыстыру арқылы кәсіпкерлік саласындағы мамандарды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;
11) экономиканың кластерлік дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
12) қала ұйымдары мен кәсіпорындарында халықаралық стандартты және техникалық реттеуді енгізуге көмек көрсетеді;
13) қала кәсіпорындарын өнім сапасы бойынша облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге, байқаулар мен семинарларға қатысуға тартады және ұйымдастырады;
14) қаланың экономикасы салаларының дамуына несие және инвестициялар тартуға жағдай жасайды, екінші деңгейдегі банктермен, шағын несиелік ұйымдармен, селолық несиелік серіктестіктермен, кәсіпкерлікті дамыту қорларымен қарым-қатынас жасайды;
15) кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, кәсіпкерлер ассоциациясы мен одақтарын, қоғамдық бірлестіктерін құруға көмек көрсетуге, кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету сұрақтарындағы олардың рөлін күшейтуге бағытталған заңнамалардың сақталуын қадағалайды;
16) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша шара қолданады, шағын кәсіпкерліктің нормативті-құқықтық базасын жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныс енгізеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бөлімге жүктелген басқа да қызметтер.

Міндеттері:

1) қаланың инновациялық және индустриалдық дамуы бойынша мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
2) жоғарғы технологиялық қайта өңдеуді енгізу және табиғи ресурстарды тиімді қолданудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
3) қала экономикасы салаларының дамуына несие және инвестициялар тартуға жәрдемдесудің мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
4) қаланың су және желді энергетикалық қорларын дамыту және тиімді пайдалану негізінде тәуелсіз энергетикалық мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
5) қала ұйымдары мен кәсіпорындарында халықаралық стандарттарының бірлік өлшемін енгізуді және техникалық реттеуді дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қала аймағында жүзеге асыру;
6) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) қызмет көрсету деңгейін, сауда және қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің кәсіби дайындығын көтеру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;
8) тауарларды импорттау кезінде ішкі нарықты қорғау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;
9) бағаның менеджментін, маркетингін, мониторингін, жарнамалық кеңістігін, нарықтарды реттеудің мемлекеттік саясатын жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бөлімге жүктелген басқа да міндеттер.