Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ » Міндеті мен мақсаты

Міндеті мен мақсаты

 
1. Бөлімнің миссиясы:
Текелі қаласы аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқарудың функцияларын іске асыру.
 
2. Міндеттері:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара қарым-қатынаста бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
3) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.
 
3. Функциялары:
1) қала аумағын дамыту бағдарламасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету және мониторинг жүргізу;
2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторинг жүргізу;
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;
4) жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін болжау;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және қарастыру;
6) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін айқындау;
7) Текелі қаласының бюджеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларын қарастыру және таңдау;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауылдық жерлерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру;
9) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне
мониторинг және талдау жүргізу;
10) қала әкіміне, жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына, қала әкімдігінің жиналыстарына, отырыстарына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындау және ұсыну;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.