Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2017 жылғы І тоқсанына

7 қаңтарда православ қауымы Рождество Христово мейрамын тойлады. Қаладағы орыс православ шіркеуінде өткен мейрамға Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев қатысып, жиналғандарды Рождество мерекелерімен құттықтады.

11 қаңтарда қаладағы мұсылман қауым қасиетті Мәуліт мейрамын қалалық Мәдениет үйінде атап өтті. Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев мұсылман қауымды мерекемен құттықтады.

2 ақпанда Ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау-түсіндіру мақсатында Текелі қаласының кәсіптік колледжінің ұжымы және студенттерімен кездесу өтті. Жиында қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы қатысты.
3 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Мамраев Текелі қаласындағы «Зеленый дом - Green House» ЖШС, қалалық аурухана, туристік және өлкетану орталғы ұжымымен кездесіп, Елбасы Жолдауының басым бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының Текелі қалалық филиалында мәслихат депутаттарымен кездесті.

6 ақпанда Ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі басымдықтарынан туындайтын міндеттерді іске асыру бойынша Текелі қаласында актив жиыны өтті.

 

13 ақпанда Текелі қаласы әкімінің орынбасары С. Болысбайұлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласына қатысты Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамаларын түсіндіру бойынша № 4 орта мектебі, № 1 балалар бақшасы ұжымымен және ата-аналармен кездесу өткізді.

14 ақпанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар Текелі қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Қалалық активпен кездесу өтті.

17 ақпанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау-түсіндіру мақсатымен Текелі қаласына республикалық ақпарат тобының мүшесі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы Марат Алмасұлы Әзілханов келді. Жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, этномәдени орталықтар өкілдері, «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқыту курсының мұғалімдері қатысты.

27 ақпанда Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Текелі қалалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен № 2 орта мектебінде «Дін мен дәстүр үндестігі» тақырыбында «дөңгелек үстел», №1 орта мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы. Рухани құндылықтар» семинар ұйымдастырылды.
1 наурызда Мәңгілік Еліміздің мерейлі мәртебесін асқақтатын, достық пен адамгершіліктің, бірлік пен ынтымақтың мерекесі Алғыс айту күні қалалық «Металлург» клубында тойланды. Жергілікті ақындар Владимир Поляков пен Ақан Ырымжанұлы «Богаче всех богатств», «Туған жер, биік мәртебең!» атты жырларын оқып, Қазақ Елінің рухын асқақтатса, эномәдени орталықтар салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдар көрмесін ұсынып, әндерін шырқады.

6 наурызда Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Текелі қаласының әкімі Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысып жүрген абзал жандарды қабылдады. Бахтияр Әлтайұлы қабылдауға қатысушыларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ізгі жандарға қала әкімінің атынан мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Мәдениет үйінде Мәдениет үйі өнерпаздарының 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертіне ұласты.

10 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру аясында желілік кестеге сәйкес, Текелі қаласының Рудничный ауылдық округіне автопойыз барды. Ауыл тұрғындарына Жолдауда көрсетілген басымдықтар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, ауыл шаруашылығы бойынша жан-жақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар, Рудничный ауылдық округінің тұрғындары қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалады.

11 сәуірде «Металлург» клубында Текелі қаласында Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған шараға облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, облыстық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Қ. Жаңабаев, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының теолог маманы Ә. Әлімханова қатысты.

13 сәуірде қоғам қайраткері Ирак Елекеев пен «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азамат Әміртаев қалалық қоғамдық бірлестіктермен бірге өндіріс қалдықтары қоймасында да болып, мәселенің мән-жайымен танысты.

14 сәуірде Текелі қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша қалалық актив өтті. Зиялы қауым өкілдері, мекеме, кәсіпорын, құқық қорғау, білім саласы, ЭМО, ҮЕҰ, ардагерлер, жастар қатысты.