Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлімнің мекен-жайы: 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан к-сі, 34

Кабинет: №39,26

Электрондық пошта: politika@tekeli.gov.kz

Бөлім телефондары: 8(72835)44038; 8(72835)44589


 
Бөлім басшысы - Шоханова Нұржамал Абдрахманқызы

Шоханова Нұржамал Абдрахманқызы 1973 жылы 25 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында дүниеге келді.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

1995-2003 жылдары Алматы қаласындағы «Әл-Фараби» және «Отырар» баспаларында редактор, ғылыми редакция бөлімінің меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарды.

2003-2005 жылдары «Текелийский рабочий» газетінде редактор, Текелі қаласы әкімінің аппаратында ішкі саясат бөлімінің бастығы, «Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2006 жылдан - «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалдерімен марапатталған.

 

 


 

Бөлім құрылымы

Бөлім басшысы: Шоханова Нұржамал Абдрахманқызы

Бас маман: Бекшойынова Гүлнар Тілеубергенқызы

Жетекші маман: Иысова Гүлзат Қанатқызы​​​​

 


«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.Алматы облысы Текелі қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №368 қаулысының негізінде «Текелі қаласының ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі және«Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта құрылды .2011 жылғы 31 желтоқсанда Алматы облыстық Әділет департаментінің Текелі қалалық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 183 – 1907 – 23 – ММ

 

Азаматтарды қабылдау кестесі

Апта күндері
Қабылдау уақыты
Түскі үзіліс
Дүйсенбі
9.00 – 18.30
13.00 – 14.30
Сейсенбі
9.00 – 18.30
13.00 – 14.30
Сәрсенбі
9.00 – 18.30
13.00 – 14.30
Бейсенбі
9.00 – 18.30
13.00 – 14.30
Жұма
9.00 – 18.30
13.00 – 14.30
Сенбі
Демалыс
Жексенбі
Демалыс