Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Әкімнің сәлемдесуі

Әкімнің сәлемдесуі

Құрметті Ғаламтор желісін пайдаланушылар,
Текелі қаласы әкімінің жеке сайтына қош келдіңіздер!

Халық пен биліктің арасын ашық тілдесулер жақындата түседі десек, оның барысын ғаламтор тіпті де оңтайлы да ыңғайлы ете түсуде. Халықтың ақпараттық сауатын арттырып, жаңа технологиялардың даму үдерісіне ілесуін жеделдетіп отырған ғаламтордағы менің блогым қала дамуының жаршысы іспетті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы мен жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттер аясында қаламызда атқарылып жатқан игі істер аз емес. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, инвестицияға өріс ашу, экономиканы еселеп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған құлшыныстар құнды.
Менің жеке блогымда қызметім және қаламыздың экономикалық-әлеуметтік саласының беталысы жайындағы жаңалықтар кеңінен қамтылған.
Құрметті қала тұрғындары, сіздер блог арқылы соны ұсыныстар мен келелі кеңестерді ашық ортаға қоя аласыздар. Ол біздің алдағы мақсат-мұраттарымызды сәтті жүзеге асыруымызға септесері сөзсіз.

Ізгі ниетпен
Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бақтияр Алтайұлы