Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мәдени мұра » Мәдениет үйлері

Мәдениет үйлері

«Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі» МКҚК

«Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» МКҚК  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып табылады, қалалық бюджеттен қаржыландырылады, мәдениет саласының өндірістік-шаруашылық қызметін атқарады.
«Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы облысы Әкімдігінің 2004 жылғы 21 қаңтар № 8 қаулысымен құрылды.
Алматы облысының әділет Департаменті Текелі қалалсының әділет басқармасында 2008 жылдың 06 қарашасында қайта тіркеліп № 91-1907-23-МҚ тіркеу нөмірі берілді.

Мекен-жайы: 041700 Алматы облысы, Текелі қаласы, Тәуелсіздік көщесі  № 11 үйі
Телефондар:  8(72835)4-34-84/факс/, (72835)4-46-84
e-mail: nesterovdk@mail.ru

Мәдениет үйінде 8 штат бірлігі бөлінген:

Директоры -  Нестеров Константин Михайлович
Режиссеры – Окаева Диляра Маратқызы
Әдіскер – Саламов Петр Мавладиевич
Есепші – Назарбекова Аина Мұбараққызы
Шаруашылық жөніндегі менеджері – Жүнісова Ботағоз
Дыбыс операторы –Жүнісов Бағдат Хожаұлы
Жарық операторы –Ермек Еркебұлан
Хатшы -  Елеусізова Роза Серікқызы

Кәсіпорынның негізгі қызметі

Мәдениет үйі  азаматтардың демалу, шығармашылық еркіндік жөніндегі Конституциялық құқығын жүзеге асыруға, әуесқой бірлестіктер, қызығушылығы бойынша клубтар, ұжымдар, үйірмелер құруға, халық шығармашылығының, дарын мен қабілеттіліктің дамуына ықпал етуге, халықтың рухани тілектерін қанағаттандыруға жағдай жасайды.
Мәдениет үйінде 24 клубтар, ұжымдар мен үйірмелер жұмыс істейді, оған 416 адам қатысады. Оның ішінде 10 үйірме балалар мен жасөспірімдерге арналған, 250 бала қатысады. «Абзал ана отауы» клубына «Халықтық» атағын алған ән ұжымы кіреді, ол халық ән шығармашылығын насихаттайды және  көпшілікке мәлімдейді. Сондай ақ клуб жастардың эстетикалық тәрбиесімен айналысады. «У самовара», «Надежда»  және «Ардагерлер» клубтары да халық шығармашылығын насихаттайды.
 
Мәдениет үйінің негізгі міндеттері

- халықтық әуесқой ұжымдардың орындаушылық деңгейін арттыру, тиімді шығармашылық қызметі жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру мақсатында оның материалдық қамтамасыз етілуіне жағдай жасайды;
кино-бейнесалондар, дискобарлар, компьютерлік техника залдарын, салтанатты кеш жүргізу, отбасымен демалу орындарын, көркемдік және техникалық шығармашылық шеберханаларын, театр студиялар ашады;

- әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бойынша, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының мәдениет сұранымдарын және  қажеттіліктеріне зерделеу негізінде, ұлтына, біліміне, кәсібіне т.б. ерекшіліктеріне сәйкес жүзеге асырады. Кәсіпорын ұлттық-мәдениет орталықтарымен, шығармашылық одақтармен, өндірістік және оқу ұжымдарымен бірлесіп жұмыс істейді;

- саханлық-репертуарлық жоспарларын әзірлеуін жүзеге асырады, концерттік бағдарламалар, спектакльдер, көрмелерді, байқау жұмыстарын ұйымдастырады.

Өз қызметінде кәсіпорын  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Мәдениет туралы» заңдарымен, ҚР Үкіметінің нормативтік акттарымен, Еңбек Кодексімен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бұйрықтарымен жұмыс  істейді.

 


 

 Текелі қаласы «Металлург» шағынауданы клубыны

Текелі қаласы «Металлург» шағынауданы клубыны

Мекен-жайы

Текелі қаласы  Сәтпаев көшесі 38 үй

Меңгерушісі

Дәурембеков Жандос Серікұлы

Құрылған уақыты

1947 жыл  150 орынға

Меншік иесі

Мемлекеттік

Қызметтін негізгі бағыты

Мәдениет мекемесі

Клубтың жалпы көлемі      

482 шаршы м, іргелес алаңы  0,36 га

Күрделі жөндеу бойынша мінездеме 

 

Меншік құқығына құжаттарды әзірлеген соң 2011 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасалып бекітілді.

2012 жылы  жоба мемлекеттік сараптамадан өтті.

2013 жылдың қыркүйек айында  сәтпаев көшесі 38 үй мекен-жайы бойынша орналасқан клубтың ғимаратына күрделі жөндеу өткізуге  Республикалық моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін  облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Құрылыс жұмыстарына   76 701 878 теңге  (оның ішінде  8 754 058 теңге ҚҚС) . Құрылыс жұмыстарын  «SB&Construction»  ЖШС  жүргізді (Алматы қаласы).

Мәдениет мекемесінің қызметін қамтамасыз ету үшін  7 штаттық бірлік бөлінді және   коммуналдық қызметтерді өтеу үшін  798 мың теңге қаржы бөлінді. Материалдық-техникалық базасына  9,5 млн теңге бөлінді.

Залдар бойынша мәлімет

Көрермендер залы 150 адамға қарастырылған. Мекемеде  7 үйірме  жұмыс істейді,  101 адам қатысады.

Балаларға арналған би үйірмелері – 2 (55  бала қатысады)

Вокалдық-аспаптық – 1 (6 адам)

Домбрыа үйірмесі – 1 (8 адам)

Шахматшылар клубы – 1 (11 адам)

«Штурм» мото-клубының филиалы-8 адам

Дыбыстандыру студиясы -1 (5 адам)

Кәсіптік колледждің оқушыларына арналған би үйірмесі – 8 адам қатысады.