Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мәдени мұра » Ескерткіштер тарихы

Ескерткіштер тарихы

Данқ монументі

      1985 жылы кеңес халқының (1941-1945 жж) Ұлты Отан соғысындағы ерлігінің 40  жылдығына арналып Данқ монументі соғылды.
      Данқ монументі Қора, Шажа, Текелі атты үш өзенінің қиылысында тұрған Жетісудың маржаны Қаратал өзенінің әдемі де жасыл желекті жағасында орналаскан.
       Монументтің негізгі сәулеттік композициясы мынадан тұрады; негізгі бөлігі 1941-1945 деген жазбамен «жарыстың» бейнесі беріліп, алаңдағы алтықырлы тұғырға орналастырылған. Алаңның кіре берісіндегі оң және сол жақтарында тасқа қашалып салынған кенші мен соғыс тақталарында «Ебек ерлері жасасын», «Соғыс ерлері жасасын» деген ұрандар бар. Одан ішкері жақта екі жағына жерге жатқызыла орналастырылған мәрмәрдің бетінде Текеліден соғысқа аттанған ер азаматтардың және интернационалист жауынгерлердің аттары ойылып жазылған.
       Алтықырлы тұғырда мәңгі алаудың жұлдызшасы орын тепкен, оның да он және сол жағында койылған тақта тас бетінде соғыс ерлерінің аттары «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ» деген сөзбен жазылған. Монументтің артқы беті өзенңің жағалауымен ұштасады. (Мәрмәр тасқа ойылып жазылған Текелілік жауынгерлердің аты-жөндері).


«Будда» тасын сипаттау

       Археологиялық ескерткіш ретінде тіркеуге ұсынылған объект Текелі қаласының аумағында «Көне Будда бейнеленген тас» деп аталады.
       Объект Қора өзенінің оң жақ жағалауында Қора шатқалының кіруінен
30 м қашықтықта орналасқан. Бұл жеке тұрған табиғи тас, салмағы 3 тоннадан артық, ағат түрді, биіктігі 3 метрдей.
       Тастың солтүстік-шығыс жағында түзу бетіне жеті баспалдаққа орнатылып, астынан жолбарыс бейнесіндегі мифологиялық қорғаушы тіреп тұрған Лотос Храмында отырған Будда Тәңірінің бейнесі салынған. Суреттің үстінен доға тәрізді өрнектеліп, көне үнді немесе тибет жазуы сипаттас белгілер бар.         
       Бейне бірнеше жүз жыл бұрын салынған көрінеді.


«Текелі» стеласы