Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Білім беру » Кітапханалар

Кітапханалар

"Текелі қаласы әкімінің қалалық кітапханасы" ММ
 

Мекеме мекенжайы: 041700, Алматы облысы, Текелі қаласы, Гагарин көшесі, 14.
Тел/факс: 8(72835) 42140
эл.пошта: bibl_tekeli@mail.ru

Текелі қаласында екі кітапхана бар.
Текелі қаласында 27,7 мың. халық тұрады.
2012 жылы қаламыздың Алатау ықшам ауданында бір кітапхана ашылды.
Қала кітапханашыларының сапалық құрамы: арнайы жоғары білімді- 6, арнайы орта- 2.
Қала бойынша 2013 жылы қаралған қаржы – 7266,0 мың теңгені құра
Бүгінде «Текелі қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» ММ 7095 оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана қаладағы ең маңызды мәдени орталықтардың бірі болып саналады.
Кітапхананың басты мақсаты оқырмандардың әлемдік классикалық әдебиеттерді оқудың практикалық пайдалылығы, психологиялық-педагогикалық және мәдени-білімдік проблемаларды ғана емес, сонымен қатар психотерапевтік проблемаларды шешу тұрғысынан.
Кітапхананың кітап қоры облыстық С. Сейфуллин атындағы кітапханадан мемлекеттік тапсырыс бойынша төлеусіз алынған әдебиеттермен толықтырылды - 985 дана кітап, сомасы – 1272917-14. Жергілікті бюджеттен жаңа әдебиеттер алуға 256200 теңге бөлінді, 188 дана кітап сатып алынды. Мерзімдік басылымдарға жазылуға 154598-86теңге бөлінді. Республикалық 19 атаулы газетке жазылдық, 34 дана /оның ішінде мемлекеттік тілде – 24 дана/, журналдар – 10 атаулы, 14 дана, ресейлік басылымдар – 3 дана.
«Текелі қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» ММ кітап қоры 111310 дана,
олар білімнің әр саласы бойынша әдебиеттер, көркем әдебиеттер.
Кітап берілімі - 173810, Оқырман саны - 7095, Келушілер саны – 62570
Кітапхана жылда кітап қорының құрамы мен пайдалануын танып біледі. Жаңа әдебиеттерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 2013 жылы 161000 т. бөлінді. Оған оқулықтар, көркем және ғылыми танымал әдебиеттер алынды.

2013жылдың қаңтарынан бастап «Текелі қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» ММ штаттық кесте бойынша 8 штат бірлігі бар. Оның ішінде: 1-бірл. – директор, 1-бірл. – бас бухгалтер, 0,5 бірл. – сыпырушы, 5,5бірл. – кітапханашылар. Оның ішінде 3,75бірл. жоғарғы білімді, 1,75 бірл. арнайы орта білімді.
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Материалдық-техникалық база: компьютер – 6 дана, принтер – 3дана, көшіргіш машина -3, факс -1, интернет – 1.
Жұмыс жасайтындар: 8 штаттық бірлік (8 адам ) оның ішінде
6 адам жоғары білімді, 2 адам арнаулы – орта білімді.
Кітапхана қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша және басқа да дерек көздерімен бюджет есебінен толықтырылып отырады.
Қазақстанда біз кітапхана жүйесінің ұлттық моделін жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа сандық жоба және Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кітапханасын құруға ұмтылып келеміз. Бұл кітапхана қызметінде жаңа функционалдық бағыттарды анықтайды және толық қанағаттандырарлықтай ақпарат сұранысына жауапкершілікті арттырады.
Осыған байланысты кітапхана алдында мынандай мақсаттар мен міндеттер тұр:
- Дәстүрлі және электрондық баспадан басқа кітапхана ресурстарын ары қарай толықтыру және жаңарту
- Тұрғындарға ақпараттық және басқа да қызметті қамтамасыз ету
- Мемлекеттік «Мәдени мұра», «Бір ел – бір кітап», «Қазақстан 2050» стратегиясы және т.б. бағдарламалары шеңберінде елдің мәдени және рухани-тарихи мұрасына насихаттау.
Барлық білім салаларында өсіп келе жатқан ақпарат көлемі және біздің тұтынушыларымыздың сұранысына сәйкес қағаз және электронды түріндегі оперативті түрде қажетті құжаттары, компьютерлендіру жүйесін және соған байланысты кітапхана құралдарын, жұмыс технологиясын дамытты. Ай сайын электронды каталогтың база мәліметтерін жаңартып отыратын, РАБИС «Катализатор» бағдарламасы, КАБИС бағдарламасы алынды, олардың қазақ тілді нұсқасы бар.
Өз қызметінде кітапхана Президент Жолдауына, «Қазақстан 2050» Стратегиясына, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасына, «Жастар саясатына» ерекше назар аударады. Кітапхана іс-шараларында барлық басты даталар қамтылды. Кітапхана қызметінің басты бағыттарына өлкетану, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, салауатты өмір салтын ұстану жатады.

Мекеме директоры: Павленко Любовь Владимировна