Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Верхняя навигация » Ауылдық округ » Ауылдық округі регламентінің жобасы

Ауылдық округі регламентінің жобасы

Жоба
 
 
Шешім
 
 
Текелі қаласы  Рудничный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. Қоса беріліп отырған Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа еңгізіледі.
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
Г. Ибраимова
 
     
 
Текелі қалалық мәслихатының хатшысы
 
 
Н. Калиновский
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Текелі қалалық мәслихатының
______ № ______ шешімімен бекітілген
 
 
Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
 
 
       1. Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының                       39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
      3) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
      4) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
 
 
      3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
       Рудничный ауылдық округі бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
      Рудничный ауылдық округі әкімі аппаратының ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
      Рудничный ауылдық округі бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
      Рудничный ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
       Рудничный ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізуге Текелі қалалық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Рудничный ауылдық округі әкімінің қызметіне қала әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
      Рудничный ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
      4. Жиналысты Рудничный ауылдық округінің әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.
      8. Жиналыстың күн тәртібін Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, Рудничный ауылдық округі әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
      10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
 
 
 
 


 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК