Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Верхняя навигация » Ауылдық округ » Бюджет жобасы

Бюджет жобасы

28.11.2019ж                                                                                                                                                                                                                                ЖОБА
 
ШЕШІМ
 
Текелі қаласының ауылдық округінің
2020-2022 жылдарға арналған
бюджеті туралы
 
2008 жылдың 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020-2022 жылдарға арналған Рудничный ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
         1) кірістер 23680 мың теңге, оның ішінде:
         салықтық түсімдер 1840 мың теңге;
         трансферттер түсімі 21840 мың теңге, оның ішінде:
         субвенциялар 21840 мың теңге;
         2) шығындар 23680 мың теңге;
         3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
         бюджеттік кредиттер 0 теңге;
         бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
         5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0 теңге;
                      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы,
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы   _______________ Н. Калиновский