Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Білім беру » Арнаулы орта оқу орындары

Арнаулы орта оқу орындары

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

Колледж 1971 жылдың 6 тамызында кәсіптік техникалық білім беру басқармасының бұйрығымен құрылған болатын. Бастапқы кезде оқу орнында Текелі кен-байыту комбинаты үшін  бұрғылаушылар, жерасты электровоздарының машинисттері, жарылғыш заттармен жұмыс жасайтын мамандар даярланды.
Өзінің 40 жылдық тарихында жұмысшы маман даярлау мен қайта даярлау ісіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан колледж  аймақтың экономикалық дамуын қамтамасыз етуде.
     Колледж Текелі қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін жалғыз оқу орны болып табылатындықтан, оның негізі мақсаттары мынадай:  
-    әр мамандық бойынша қажетті теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшы мамандарды даярлау;
-    жұмыстан қысқартылған жұмысшыларды және жұмыссыз тұрғындарды қайта оқыту мен қайта даярлау.


 
Оқу орнының 8 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар
 
Текелі кәсіптік колледжінде оқытылатын мамандықтар тізімі
Мамандықтың коды мен атауы
Біліктіліктің коды мен атауы
1
0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика
0506012 Шаштараз-модельер
2
0507000 Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру
0507011 Портье
0507042 Администратордың көмекшісі
3
0508000 Тамақтануды ұйымдастыру
0508012 Аспаз
0508042 Даяшы
4
0511000 Туризм (салалары бойынша)
0511012 Туризм бойынша нұсқаушы
0511022 Экскурсия жүргізуші
5
0910000 Электрлік және электромеханикалық жабдықтар(сала бойынша)
0910022 Электр жүйелерін және электр жабдықтарын электрмонтаждаушы
0910053 Техник-электрик
6
1114000 Дәнекерлеу ісі
1114042 Электрмен, газбен дәнекерлеуші
7
1201000 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
1201072 Автомобильдерді жөндеу слесарі
1201011 Жүргізуші
8
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)
1304012 Электронды-есептеу машиналарының операторы
1304043 Техник-программист

2012 жылы оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Алматы облысының білім беру басқармасының 2012 жылғы 2 ақпандағы №32 бұйрығымен аттестатталды.
Колледж облыстық «Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы -2012» байқауының жеңімпазы болып табылады.

Директоры: Нусупов Дәуболат Бейсембайұлы
Мекен-жайы: 041701, Алматы облысы,Текелі қаласы, Сәтпаев көшесі,  66 үй, байланыс телефондары: 8(72835) 4-11-96, 4-14-01.
Оқу орны туралы толық ақпарат колледж  сайтында орналасқан:   http://tekeli.skom.kz