Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » САЙЛАУ 2019 » Сайлаушыларға

Сайлаушыларға

ҚҰРМЕТТІ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН САЙЛАУШЫЛАР!
 
2019 жылғы 9 маусым
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы
 
Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз конституциялық сайлауға қатысу құқығыңызды іске асырудың кепілдігі болып табылады.
 
Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 3-тармақ 24-бап).
 
Сайлау учаскелерінің шекаралары 2019 жылдың 12 сәуірінде «Текелі тынысы» газетінде (№14) және қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
 
Сайлаушылар тізіміне азаматтарды дұрыс енгізу мақсатында қалалық әкімдікте call-centre жұмыс істей бастады. Орталықтың жұмыс уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін.
 
Сізді сайлаушылар тізіміне енгізудің дұрыстығын тексеру үшін келесі телефон нөміріне хабарласа аласыз 8 (72835) 5-00-30 немесе жеке куәлігіңізбен қала әкімдігінің 31/2-ші кеңсеге келуіңізге болады.