Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ АОФ » Банк туралы

Банк туралы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
 
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі – акционерлік қоғам, екінші деңгейдегі банк. 2003 жылы құрылған. Банктің жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысады.
 
Банктің негізгі мақсаты – екінші деңгейдегі банктерден ипотекa несие алу кезінде бастапқы жарналарды төлеу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты табысы бар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алуын қаржыландыру мақсатымен жеке жинақ қаражатын қорландыру негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру.
 
Жарғылық капиталы 1,5 млрд. теңге. 2003 жылдың 29 қыркүйегінен бері 1,05 мың салымшы тартылды.
 
Банк тартқан тұрғын үй құрылысы жинақ қаражаты бойынша жалпы келісімшарт сомасы 900 млн. теңгеге жуық.
 
2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің 26 бөлімшесі, 14 облыстық және 3 қалалық филиалы, 15 қызмет көрсету орталығы мен 7 қызмет көрсету нүктесі бар.[1]
 
Тарихы: Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған осы жүйенің ұстанымдары мен талаптарын іске асыруды бастаған ТМД аумағындағы бірінші ел.
 
2000 жылы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізудің негізін қалады.
 
2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 қаулысының негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту тиімділігін көтеру және жетілдіру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды.
 
Банктің Құрылтайшысы және Акционері – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі.
 
Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады.
 
2004 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты жолдауында мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалды, оған сәйкес халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешу үшін Президент 2004 жылғы 11 маусымда №1388 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғы шығарды.
 
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
 
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III ҚР заңы арқылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық салынатын табыстан шегерілімдерге ҚР резиденті – жеке тұлғалар тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен ҚР аумағында тұрғын үй салу немесе сатып алуға, жөндеуге алған тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сома жатқызылды.
 
Аймақтық құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ.
 
2005 Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемын беру.
 
Сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңына мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту туралы өзгеріс енгізілді.
 
Жаңа «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А, «50/50 Б», «50/50 В» тарифтік бағдарламаларын енгізу.
 
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы заемын беру.
 
Қазанда Банк «Экспожылжымайтын мүлік» көрмесі аясында «Жылжымайтын мүлік нарығында жаңашыл идеяларды көтергені үшін» номинациясымен марапатталды.
 
Банктің №254 банктік және банктер жүзеге асыратын басқа да операцияларды ұлттық әрі шетелдік валютада жүргізуге арналған және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияларды алуы.
 
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «В», «К» және «Р» санаттары бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелігіне қабылдануы.
 
«Қазақстан халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасау.
 
Аймақтық құрылымды дамыту: 11 филиал, 2 ЕКБ.
 
2006 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғаш рет Банктің шығынсыз қызметі көрсеткішіне қол жеткізді.
 
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы қосымша Агенттік келісімге қол қою. Келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошталық байланыстың облыстық филиалдары мен аудандық тораптарында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарттар жасау бойынша агенттік қызметтер көрсетеді.
 
Банк жаңа «Жеңiл» кредит беру бағдарламасын енгізді.
 
Банк клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру.
 
Аймақтық құрылымды дамыту: 15 филиал.
 
2007 2005-2007 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру.
 
Қазақстан Республикасының Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің Банкке қаржылық агенттік мәртебесін беруі, ол Банкке мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысу құқығын береді.
 
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қазақстандық банктерден бірінші болып ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алуы.
 
«ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертурлер мен толықтырулардың енгізілуі, олардың аясында:
 
- «25/75» жинақ схемасының күші жойылды;
 
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға алдын ала заем алу мүмкіндігі берілді.
 
«ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертулердің күшіне енуіне сәйкес жаңа «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаларын енгізу.
 
«Қазақстан ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-мен Бас келісімді қайта жасау.
 
Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленуі.
 
«Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызметтер көрсету туралы шарттың жасалуы.
 
Банктің жаңа қызмет – алдын ала тұрғын үй заемын енгізуі.
 
Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы алдын ала тұрғын үй заемын беру.
 
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банкке ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Baа2» ұзақ мерзімді рейтингін, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Prime-2» қысқа мерзімді рейтингін, Банктің қаржылық тұрақтылығының (BFSR) Е+ рейтингін беруі. Барлық рейтингілер бойынша болжам – «тұрақты».
 
Аймақтық құрылымды дамыту: 16 филиал.
 
2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы заемды беру.
 
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банк рейтингілерін растауы.
 
Аймақтық құрылымды дамыту: 17 филиал.
 
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуы.
 
Банк клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасын іске қосу.
 
Moody’s рейтинг агенттігінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша Банктің кредит рейтингін Baa3/P-3 деңгейінде растауы.
 
20 тамыздан бастап Банктің жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
 
«Русский регистр» сертификаттау қауымдастығының Банктегі Сапа менеджменті жүйесін қолдаудың ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес әрекет етуі мен дамуын растауы.
 
Банктің Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуді бастауы.
 
Аймақтық құрылымды дамыту: 18 филиал.
 
Жыл ішінде: - Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын (2008-2010 МБ) іске асыруға қатысуы; - Банктің 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы-көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуы; - Банктің 2010-2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы; - Банктің «Самұрық-Қазына» ЖҚ» АҚ-ның жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысуы; - Банктің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және іске асыру бойынша жеке салушылармен ынтымақтастығы.
 
Банктің 2008-2010 МБ іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қоюы.
 
Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкес болуын растау.
 
Moody’s рейтинг агенттігінің Банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін Ba1/ Not prime деңгейінде белгілеуі.
 
Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен ниеттер туралы келісімдерге қол қоюдың басталуы.
 
Банк клиенттері үшін кредит беру талаптарын жақсарту.
 
Банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру.
 
Алматы қаласында Банктің Қызмет көрсету орталықтарын ашу.
 
Банктегі тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу мен енгізу жұмысының басталуы.
 
ТҚЖ қатысушыларының 200 мың адамдық санына қол жеткізу.
 
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарының қолданылу мерзімін ұзарту.
 
2010-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою.
 
100 млрд. теңге Банк активтеріне қол жеткізу.
 
Аймақтық құрылымды дамыту: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қаласында 3 Қызмет көрсету орталығы.
 
 
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №295 қаулысын орындау үшін Банк акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру.
 
2011 жылғы 13 сәуірден бастап Банктің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
 
ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарғысын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 қазандағы №1224 қаулысына сай Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығы берілді.
 
2011 жылғы 23 қарашадан бастап Банктің жалғыз акционері – ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі.
 
Жыл ішінде:
 
- Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы;
 
- Банктің «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы.
 
Сертификаттау, рейтингілер:
 
Ва1/ Not prime деңгейінде ұлттық валютадағы депозиттер бойынша Банктің Moody’s ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерінің расталуы.
 
Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігінің расталуы.
 
Марапаттар мен жетістіктер:
 
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізгі көрсеткіштері жүйесін диагностикалау нәтижелері бойынша «Эрнст энд Янг» компаниясының банк қызметкерлерінің күшімен енгізілген жүйені пысықтау деңгейіне жоғары баға беруі.
 
Банкке «2011 жылдың үздік жылдық есептері» РА Эксперт конкурсы шеңберінде «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» аталымында номинант дипломының тапсырылуы.
 
Банк өнімдері:
 
Негізгі қарыздың 50%-ын өтеуді кейінге қалдыру көзделетін «Жеңіл-2» жаңа кредиттік өнімінің енгізілуі.
 
Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары бойынша, соның ішінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын, республикалық бюджет қаражаттары есебінен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясында берілетін заемдар бойынша комиссиялар мөлшері мен сыйақы мөлшерлемелерінің төмендетілуі.
 
Банк өнімін өткізу жүйесі:
 
Ақтөбе, Өскемен, Астана, Қарағанды, Екібастұз қалаларында клиенттерге қызмет көрсететін 5 орталықтың ашылуы.
 
Банктің аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында алғашқы 35 төлем терминалдарының пайдалануға берілуі.
 
Банк Акционерлері:
 
28.03.13ж. бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығының Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігіне берілуі.