Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Верхняя навигация » Ауылдық округ » Жергілікті қоғамдастықтың Даму бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастықтың Даму бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хаттамасымен
бекітілген
№ 5
« 29 » шілде 2019 жыл
 
Алматы облысы Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің
2019-2021 жылдарға арналған
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
 
 
Әзірлеуші: «Текелі қаласының
Рудничный ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ
 
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
 
Бағдарламаның атауы
Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары
- Рудничный кенті Буденный геологиялық барлау партиясының «Текелі қорғасын-мырыш комбинатының шикізат базасын кеңейту бойынша іздестіру жұмыстарының негізінде құрылған".
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 25 ақпандағы "Талдықорған облысы 28 гвардияшы атындағы Көксу ауданының Көксу Кеніші елді мекенін жұмысшылар кенті санатына жатқызу туралы" Жарлығына сәйкес, 28 гвардияшы атындағы Көксу Кеніші елді мекені жұмысшылар кенті санатына жатқызылып, Рудничный жұмысшылар кенті деп аталынды және халық депутаттарының Текелі қалалық кеңесінің құрамына енді.
Алматы облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 шілдедегі шешімімен Рудничный кенті, Текелі қаласының Рудничный ауылдық округі болып қайта құрылды.
 
- аумақтың жалпы ауданы 1960 га құрайды;
- халық саны 1033 адамды құрайды;
- ауылдық округ құрамына – 1 елді мекен кіреді;
- Рудничный ауылдық округі Текелі қаласынан 70 км қашықтықта және Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км қашықтықта орналасқан;
- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 10.11.2013 ж., жергілікті қоғамдастық мүшелерінің өкілдерін қайта сайлау күні 20.09.2017 ж;
- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны - 11 адам.
 
 
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
 
2.1 Рудничный ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2019 жылдың 1 шілдесіне талдау.
 
Жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы Рудничный ауылдық округінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
 
2019 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1033 адамды құрайды.
 
Ауылдық округтің экономикасы өнеркәсіптік бағытпен сипатталады. Ауыл аумағында бір өнеркәсіптік кәсіпорын "Көксу" тау-кен компаниясы " ЖШС жұмыс істейді.
 
Ауылдық округ бойынша 4 шаруа қожалығы, 1 тұтыну кооперативі, 16 жеке кәсіпкер тіркелген.
 
Шаруа қожалықтарының негізгі қызмет түрі - мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы, өнеркәсіптегі негізгі бағыт - шунгит шикізатын өңдеужәне таурит өндірісі болып табылады.
 
Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т.б. мәселелерді қозғайды.
 
Ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерін шешуге қатысу үшін жергілікті қоғамдастық өкілдерінің жиналысы құрылған. Сондай – ақ ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді, олар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, ауыл тұрғындары арасындағы дауларды шешуге белсенді қатысады.
 
Бюджет және өзіндік кірістер
 
Рудничный ауылдық округінде 1033 адам ғана тұруына байланысты, 4-ші деңгейлі дербес бюджетке 2020 жылы ауысады.
 
Өнеркәсіп
 
Ауыл аумағында негізінен дөңгелек өндірісінде пайдаланылатын, Қазақстандағы жалғыз шунгит шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорын, таурит өндірушісі болып табылатын "Көксу "Тау-кен компаниясы" ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорны жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдері Украина, Белоруссия және Ресейдің дөңгелек шығаратын зауыттарына, сондай-ақ тежегіш қалыптарын өндіретін Ресей зауыттарына жеткізіледі.
 
Кәсіпкерлік
 
Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 22 бірлікті құрайды, оның ішінде: ЖШС - 1, шаруа қожалығы - 4, тұтыну кооперативі - 1 және жеке кәсіпкер - 16. Онда 151 адам жұмыспен қамтылған.
 
11 сауда нысаны бар, онда 18 адам жұмыс істейді.
 
19 ауыл тұрғыны Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
 
Ауыл шаруашылығы
 
Барлығы 272 га ауыл шаруашылық жерлері бар, оның ішінде егістік алқабы - 162 га, жайылым – 32 га, шабындық - 69 га, басқалары (тыңайған жерлер) – 9 га.
 
2019 жылы 111 га – арпа, 50 га – картоп, 1 га – көкөніс егілді.
 
2019 жылдың 1 шілдесіне мал басы: ІҚМ – 599 басты, жылқы – 67 басты, қой мен ешкі – 649 басты, шошқа – 31 басты құқрады.
 
49 ауыл шаруашылық техникасы тіркелген, оның ішінде 47-трактор, 2 - комбайн.
 
Сумен жабдықтау мен су бұру
 
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша "Текелі су Құбыры" ЖШС айналысады. Су құбыры желілерінің ұзындығы 15 км құрайды (тозуы: 3,5 км – 30%, 11,5 км – 100%). Ауылдық округ тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу үлесі 100% құрайды.
 
Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау
 
Электр желілерінің ұзындығы 38 км құрайды. Барлық электр желілері "ТАТЭК" АҚ теңгерімінде тұр, тозуы 78% құрайды.
 
Округ тұрғындары автономды жылыту түрін қолданады.
 
Көлік және коммуникация
 
Автомобиль жолдарының ұзындығы 28 км құрайды. Округ көшелері тек 4,6 км ғана немесе 16,4% асфльтталған. Қатты жабыны бар автомобиль жолдарының үлесі, елді мекендердің өңірлік стандарттарына сәйкес келмейді.
 
Округтегі 13 көшенің ішінде, тәуліктің қараңғы уақытында тек 7 км жарықпен қамтамасыз етілген, бұл округ көшелерінің жалпы ұзындығының 25% құрайды. Көшені жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
 
Білім
 
Ауылда 1 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
 
"№7 ОМ МДШО КММ 1970 жылы салынған, типтік ғимарат, жобалық қуатылығы 640 орынға есептелген. Мектепте: шағын орталықта 30 балаға арналған 2 топ және мектепалды даярлықта 30 балаға арналған 2 топ бар. Жылыту түрі автономды.
 
Оқушылар санының барлығы 159. Ғимаратқа күрделі жөндеу 2005 жылы жүргізілген. Мектепте 50 компьютер бар, интернет желісіне қосылған. 1 компьютерге 3,2 оқушыдан келеді.
 
Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, сондай-ақ жаңа модификация бойынша химия мен физика кабинеттеріне арналған жабдықтар талап етіледі.
 
Округте 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 60, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандары 60 немесе 100% құрайды.
 
Денсаулық сақтау
 
Округте 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.
 
2019 жылы ғимаратты сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1 дәрігер және 5 бірлік орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
 
Мәдениет және спорт
 
Ауылдық округте мәдени іс-шаралар өткізуге арналған ғимараттар жоқ. Клубты орналастыру үшін Мәдениет үйінің теңгеріміне берілген асхана ғимараты бар. Ғимаратты күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, материалдар сотта жатыр.
 
Күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін 45,0 млн. теңге қажет.
 
2 спорт нысаны бар, оның ішінде 1 спорт залы және спорт алаңы.
 
Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны өсуде, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 310 адамды немесе 30% құрады.
 
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
 
2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 586 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 579 адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 207 адам.
 
2018 жылы жұмыссыздар саны 7 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 1,2%.
 
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл бойынша жаңа форматтағы АӘК 20 отбасының 104 отбасы мүшесіне 4,7 млн. теңгеге тағайындалды.
 
Округте 14 мүгедек және 170 зейнеткер тұрады.
 
Қоғамдық қауіпсіздік
 
2018 жылы салынған тұрғын үйі бар учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан.
 
Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ.
 
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
 
Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):
 
-жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу қажет;
 
-Рудничный ауылында көше жарығын толық қамту мақсатында жаңартуды жалғастыру қажет;
 
- ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеу қажет;
 
- жолаушыларға қызмет көрсету пункті қажет.
 
- шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымдарына (жедел жәрдем пункті) жеткізуді ұйымдастыру қажет. Жедел жәрдем пункті ауылдан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.
 
- ҚТҚ орналастыру үшін полигон салу қажет;
 
- №7 ОМ-ке жаңа модификациядағы физика мен химия кабинеттерін сатып алу қажет;
 
- спорттық іс-шараларды өткізу үшін дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттары жоқ;
 
- ауыл ішілік жолдарды орташа және күрделі жөндеу қажет;
 
- жаяу жүргіншілердің қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бейбітшілік көшесінің - 150м., Ескельді би көшесесінің - 330 м., Құрманғазы көшесінің - 830м тротуарларын күрделі жөндеу қажет. 2017 жылы "Рудничный ауылының тротуарларын күрделі жөндеу" жұмыс жобасы әзірленіп, бекітілді. Жобаны іске асыру үшін 21,0 млн. теңге қажет;
 
- ауыл көшелерінің қиылысында жол белгілерін орнату қажет (27 дана).
 
- апатты жағдайда тұрған, су тарту құрылыстарын қайта жаңғырту қажет. Сараптама қорытындысы жасалған, құны 35,0 млн. теңгені құрайтын дайын жоба бар. Сараптама қорытындысы 12.09.2017 жылғы №18-0163/17.
 
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
 
Іс-шаранын атауы
Аяқтау нысаны
Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)
Қаржыландыру көзі
Іске асыру мерзімдері
 
1
2
3
4
5
6
 
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1
 
 
 
 
 
 
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1
 
 
 
 
 
 
III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1
Халықтың туберкулез ауруымен ауруын болдырмау үшін флюорографиялық тексеруді ұйымдастыру
659 адам
 
Жергілікті бюджет
2021г.
 
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
4.1
Елді мекеннің көшелерін жарықтандыру
Орындалған жұмыстар актісі
2,4
2,6
2,7
Жергілікті бюджет
2019г.
2020г.
2021г.
 
4.2
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
Орындалған жұмыстар актісі
0,3
0,3
0,3
Жергілікті бюджет
2019г.
2020г.
2021г.
 
4,3
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру
Орындалған жұмыстар актісі
1,5
1,6
1,6
Жергілікті бюджет
2019г.
2020г.
2021г.
 
4,4
Рудничный ауылының тротуарларын күрделі жөндеу
Орындалған жұмыстар актісі
21,0
Жергілікті бюджет
2020г.
 
 
4,5
Рудничный а.о. су тарту құрылыстарын қайта жаңғырту
Орындалған жұмыстар актісі
30,5
Жергілікті бюджет
2020г.
 
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1
Клубты күрделі жөндеуге ЖСҚ
 
2,0
Жергілікті бюджет
2020г.
 
5.2
Клубты күрделі жөндеу
Орындалған жұмыстар актісі
45,0
Жергілікті бюджет
2020г.
 
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
6.1
Ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (қысқы ұстау)
Орындалған жұмыстар актісі
1,4
1,5
1,5
Жергілікті бюджет
2019г.
2020г.
2021г.
 
6.2
5 көше жолдарын орташа жөндеу (Ескелді би, Бейбітшілік, Біржан Сал, Бейсеулов, Наурызбай батыр) ұзындығы 1,5 км.
Орындалған жұмыстар актісі
25,0
Жергілікті бюджет
2020г.
 
VII. БАСҚАЛАР
7.1
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында өңірлерді дамыту бойынша шараларды іске асыруға жәрдемдесу
Орындалған жұмыстар актісі
0,9
0,9
1,0
Жергілікті бюджет
2019г.
2020г.
2021г.