Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Верхняя навигация » Әкім аппараты » Аппарат әкімшілігі

Аппарат әкімшілігі

Текелі қаласының әкімі – Өнербаев Бақтияр Әлтайұлы
 

1967 жылдын 9 ақпаныда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Көксайек ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет еткен. 1991 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдады. 1998 жылы Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1991 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет етуден бастады. 1992 жылдың тамыз айыннан бастап Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінде маман қызметін атқарды. 1998 жылы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 2003-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі лауазымында жұмыс жасады. 2014 жылдың қараша айында Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың 9 қарашасынан бастап Текелі қаласының әкімі лауазымында қызмет етуде.
 
1. Төмендегілердің жұмысына тікелей басшылық етеді:
1) Қала әкімінің орынбасарлары;
2) Қала әкімі аппаратының жетекшісі;
3) Рудничный ауылдық округ әкімі;
2. Қызметін үйлестіреді:
1) Қалалық ішкі істер бөлімі.
3. Төмендегілермен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады:
1) Қала прокуратурасы;
2) Қазақстан Республикасының Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қалалық бөлімі;
3) Қалалық соты;
4) Әділет басқармасымен.
4. Төмендегілердің қызметіне басшылық жасайды:
1) Текелі қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) Текелі қаласының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия;
4) Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау жөніндегі комиссия;
5) Конкурстық комиссия.

 

Текелі қаласы әкімінің орынбасары – Дүйсебаев Руслан Ертайұлы

1976 жылы Талдықорған облысы Талдықорған ауданының Жетісу ауылында туған. 1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы көпсалалы «Парасат» институтын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Текелі қаласында «Руал» ЖШС-е заңгер болып бастады.

Алматы облысы бойынша құқықтық статистика және ақпарат орталығынының бас маманы, Талдықорған аумақтық учаскесінің сот орындаушысы, «Леонина» ЖШС-ң бас директорының орынбасары, «Алматытемір» АҚ коммерциялық бөлімінің басшысы,  Алматы облысының құрылыс басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері, «Медиахолдинг» АҚ экономисты, Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.    

2016 жылдың қазан айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары.
 
1. Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
1) «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
2) «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ;
3) «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
4) «Текелі қаласының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
5) «Текелі қаласының тұрғын - үй пайдалану кешені» ЖШС
6) «Текелі қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ;
7) «Текелі су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
2. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:
1) «Жылжымайтын мүліктер жөніндегі орталық» РМК Текелі филиалы;
2) Өртке қарсы қызметтік бөлім;
3) «Өртті сөндіру және аппатық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің филиалы
3. Төмендегілермен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады:
1) Барлық меншік түрдегі автомобиль және темір жол көліктерінің кәсіпорны;
2) Құрылыс индустрия кәсіпорны;
3) Жобалық ұйымдары;
4) «Жетісугаз» АҚ Текелі филиалы;
5) «Текелі АЭЖ» ТАТЭК АҚ;
6) «Жетісу энерготрейд» ЖШС;
7) «Казселезащита» РМК Текелі филиалы;
8) Отын ресурстарымен қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілері;
9) Текелі қалалық телекоммуникациялар торабы.
4. Төмендегілердің қызметіне басшылық жасайды:
1) Төтенше жағдайды ескерту және жою жөніндегі комиссия;
2) Тұрғын үй мәселесі жөніндегі комиссия;
3) Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі комиссия;
4) Тәртіптік комиссия;
5) Жер мәселесі жөніндегі комиссия;
6) Қаланы көркейту және көгалдандыру, санитарлық тазалық жөніндегі Штабы;
7) Қылмыстық-жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік–кеңесші кеңесі;
8) Материалды құндылықтарды, активтерді жылдық түгендеу жүргізу
үшін комиссия;
9) Жылжымайтын мүліктерді түгендеу жөніндегі комиссия;
10) Мемлекеттік қабылдау комиссия;
11) Текелі қаласында құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға
қабылдау жөніндегі комиссия;
12) Текелі қаласының құрылыс және ғимаратын техникалық тексеру
жөніндегі жұмыс тобы;
13) Орманның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сондай-ақ, табиғи өрттерді
өшіру үшін қажетті күштерді және құралдарды жұмылдыру Штабы.

 

Текелі қаласы әкімінің орынбасары – Сері Болысбайұлы
 
1966 жылдың 25 қарашасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңа-Қала совхозында дүниеге келген.

1984-1986 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін атқарды.

1991 жылы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженер-электригі» мамандығы бойынша бітірген, 2007 жылы Қазақ Экономика және Консалтинг университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1991 жылы «KEGOK» АҚ «Алматы-500» қосалқы станциясында электрмонтер болып бастады. 2007-2009 жылдар аралығында Жамбыл облысы Темір жол ауылдық аумағы әкімі аппаратының жетекші маманы, Асай ауылдық аумағы әкімі аппаратының бас маманы, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Қаскелең қалалық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдың шілде айында Қарасай ауданы Ақсай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

2011 жылдың 01 желтоқсанынан бастап Текелі қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етуде.
 
1. Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
1) «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ;
2) «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
3) «Текелі қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
4) «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
5) «Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ.
2. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:
1) «Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» филиалының қалалық бөлімшесі;
2) Текелі қаласының «Текелі тынысы» Газеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
3) «Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық – коммуналдық кәсіпорыны;
4) «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық-кәсіпорны;
5) Мемлекеттік санитарлық – эпидемиалогиялық қадағалау басқармасы;
6) «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медециналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;
7) «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
8) «Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі
3. Төмендегілермен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады:
1) «Казпошта» АҚ қалалық филиалы;
2) Орталық Азия университеті, қоғамдық бірлестігі, ұлттық – мәдени орталығы;
3) Діни бірлестіктері;
4) Ардагерлер Кеңесі;
4. Төмендегілердің қызметіне басшылық жасайды:
1) Әкім жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия;
2) Кедейшілікті төмендету жөніндегі комиссия;
3) Кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия;
4) Ономастика жөніндегі комиссия;
5) Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу, шылым шегудің алдын алу және оны шектеу жөніндегі комиссия;
6) Туберкулезге қарсы үйлестіру кеңесі;
7) Жастарды әскерге тіркеу және шақыру жөніндегі, жасты анықтау жөніндегі комиссия;
8) Балалар жәрдемақысын тағайындау жөніндегі комиссия;
9) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі комиссия;
10) «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі комиссия;
11) Діни бірлестіктер байланысы жөніндегі комиссия;
12) Адам ағзасындағы иммунотапшы вирустың алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңесі;
13) Тұрғындардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі;
14) Жалпылай құқықтық оқу, құқықтық білімді насихаттау жөніндегі үйлестіру – әдістемелік кеңесі;
15) Текелі қаласының тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмыс тобы.

 

Текелі қаласы әкімінің орынбасары – Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы
 
1980 жылы туған. 2001 жылы мемлекеттік І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін «Экология және табиғат пайдалану» мамандығы бойынша, 2008 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылдың 7 қарашасынан 2002 жылдың 28 қазанына дейін  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет өткерген.

 Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» ААҚ моноблок қую цехінің  қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта қую корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда «Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен.

2013 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары.
1. Төмендегілердің жұмысына жетекшілік етеді:
1) «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;
2) «Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ;
3) «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ;
4) «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» ММ;
5) «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ.
2. Төмендегілердің қызметтерін үйлестіреді:
1) Қазынашылық басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Текелі қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі;
3) Статистика басқармасы.
3. Төмендегілермен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады:
1) Барлық меншік түрдегі банкалық және басқа қаржы мекемелері;
2) Салық басқармасы;
3) Өндірістік кәсіпорын және энергетика;
4) Сауда кәсіпорындар, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, базар және негізгі бағыттар қызметі саласы;
5) Жалпы таратылатын пайдалы қойнаулардың өнімдерін қазатын және өңдейтін шаруашылық субъектілері;
6) Ауыл шаруашылық субъектілерімен, барлық қызмет түрін қайта өңдеу кәсіпорыны.
4. Төмендегілердің қызметіне басшылық жасайды:
1) Бюджетік комиссия;
2) Жою комиссия;
3) Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредитациялау жөніндегі комиссия;
4) Кәсіпкерлік мәселесі бойынша сараптама кеңесі;
5) Текелі қаласының рыногында бағаны тұрақтандыру бойынша тұрақты қызмет атқаратын комиссия;
6) Текелі қаласының 009 бағдарламасының 104 шағын бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге көктемгі егін және жинастыру жұмыстарына, дән дақылдарының сапалылығын көтеруге, жанар май, тыңайтқыш, дәрілеуге дәрі, тұқым алуға субсидия төлеуге тізімдерді бекітетін комиссия;
7) Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылай сауықтыру жөніндегі жұмыс тобы;
8) Үш жақты келісім бойынша комиссия.

 

Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы

 
1. Басшылық етеді:
1) Әкім аппаратының қызметіне;
2) Әкім аппараты қызметкерлерінің еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссиясына;
3) Әкім аппаратының ұзақ мерзімді активтерді және тауарларды есептен шығару, тапсыру бойынша комиссиясына;
4) Әкім аппаратының ұзақ мерзімді активтерді және тауарларды түүгендеу жүргізу бойынша комиссиясына;
5) Әкім аппаратының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою бойынша комиссиясына;
6) Әкім аппаратының тұрғын үй комиссиясына;
7) Сайлаушылардың тізімін өзектендіру бойынша жұмыс тобына;
8) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Текелі қаласы атқарушы органдарының
әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жөнінде комиссиясына;
9) Тұрақты қызмет атқаратын сараптау комиссияна;
10) Әкім аппаратының тұрақты қызмет ететін құқықтық білім және жалпыға бірдей оқыту бойынша мектебіне басшылық етеді.
2. Қызметтерді үйлестіреді:
Қала әкімі аппаратының бөлімдері және Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелері, облыс және қала әкімдерінің шешімі және өкімдері, қала әкімінің тапсырмаларын орындау.