Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы » Қасиетті Қазақстан

Қасиетті Қазақстан

 

3.2. «Қасиетті Қазақстан»:

15 желтоқсанда № 7 орта мектебінің оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты аясында І.Жансүгіров атындағы муражайға саяхат жасады.

1 желтоқсанда Балалар туризмі орталығында «Жас турист» атты жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа 3 аудан, 2 қала оқушылары қатысты.

Текелі қаласы  №6 орта мектеп оқушылары«Рухани жаңғыру» символын қалықтап ұшқан «қыранды» салтанатты лездемеде,   Ақ ордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойының қарсаңында  №4  орта мектепке табыстады. «Қыран  құсы» барлық 8 білім ордаларын айналып қайта өзінің ұшырылған мектебіне 15 желтоқсанда ұшып келді. Қамтылған бала саны 4067.

Барлық білім беру ұйымдарында қараша мен желтоқсан аралығында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында «Қазақстанның рухани құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Қала мектептерінде өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақстаныда, «Тұңғыш президент күнімен» «Тәуелсіздік күні» қарсаңында «Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Қамтылған оқушы саны: 410.

«Қасиетті Қазақстан»:

Ш.Уәлиханов атындағы мемориал-мұражайында 2 саяхат-сабақ,  Будда тасына саяхат-4 (тарих, география) ұйымдастырылды.  Барлығы 218 оқушы қамтылды.

Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында 152 балаға 4 саяхат-сабақ ұйымдастырылды (қазақ әдебиеті, тарих, география).


«Қасиетті Қазақстан»:

2017 жылдың 14-18 тамыз аралығында Оңтүстік Балқаштағы орта ғасырдағы Қара-Мерген, Ағаш-Аяқ, Ақ-там қалашықтарына экспедиция ұйымдастырылды. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын 8 бала қатысты.

27 шілде – 7 тамыз аралығында Қарқаралы Ұлттық паркінде қиындығы 1 санатты жаяу жорықта болып қайтты. Жорық барысында 11 бала Большое, Пашное, Кендара, Шайтанколь, Бассейн көлдерін, «Семь братьев», жартастарында табиғи мұражайда,  ең алғашқы адамдардың үңгірлерін аралады.

1 - 30 қыркүйек аралығында  Ш. Уәлиханов атындағы мемориал-мұражайында 6 саяхат-сабақ, Жапон халқының бауырлық зиратына, Будда тасына саяхат (Қазақстан тарихы,  қазақ әдебиеті, тарих, география) ұйымдастырылды.  барлығы 112 оқушы қамтылды.

Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында 172 балаға  5 саяхат-сабақ ұйымдастырылды (қазақ әдебиеті, тарих, география).

23 қыркүйекте № 5 орта мектебінің 17 оқушысы  Жаркент қаласындағы Уәлібай мешітіне және  Айғай құмға саяхаттады.