Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » 100 жаңа оқулық » Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде     
Текелі қаласы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
(2017 жылғы  27 қазандағы жағдай бойынша)
 

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.

Ұстаздардың біліктігін арттыру мақсатында оқу жүйесіндегі жаңартылған бағдарламалар бойынша  25-26 қазанда № 4, №5  орта мектебінде қалалық       1  семинар мен 1 кеңес өтті. Қамтылған саны 75 мұғалім.

Жастар ресурстық орталығы Елбасының бағдарламалық мақаласын ақпараттық тарату мақсатында "100 жаңа оқулық-жастар көзімен" тақырыбында Текелі қаласының қалалық кітапханасында жастармен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. Дәуренбаев "Нұр Отан" партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г. Ибраимова және Тіл оқу әдістемелік орталығы Текелі қалалық филиалының директоры А. Қалысбаева қатысты (қамтылған адам саны – 35).

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау мақсатында № 8 орта мектебінде 7-9 сынып оқушыларының арасында «Білім және біліктілік» атты байқау өтті. Жастар ресурстық орталығы  "Текелі жастары" ЖҚБ бірлесіп ұйымдастыруымен Текелі қаласының кәсіптік колледжінде "Тілімнің терең тарихы" атты тарихшы мамандармен кездесу шарасы ұйымдастырылды (қамтылған адам саны – 100).


Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.

28 тамызда өткен қалалық Тамыз кеңсінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты, латын графикасына көшудің кешенді жоспары туралы білім бөлімінің басшысы баяндама жасады.

«Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында ЖОО-мен мектептің ынтымақтастығы» атты ұстаздардың біліктігін арттыру мақсатында ғылыми-педагогикалық семинар Алматы қаласының Орталық Азия университетінің қызметкерлерінің қатысуымен  ұйымдастырылып, 40 астам педагогтар дәріс алды.