Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Туған жер » Ақпарат толқыны

Ақпарат толқыны

4. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді орындау мақсатында жолға шыққан «Рухани керуен» Текеліге де келіп жетті.
Алматы облысы Дін істері басқармасының "Рухани Керуен" жобасы Текелі қаласындағы Даңқ Монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

"Рухани Керуен" жобасы аясындағы қалалық актив жиыны өтті.

«Рухани Керуен» аясында Текеліде «Ақпараттық түсіндіру жұмысы – діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дәріптейді» тақырыбында білікті мамандар, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Текелі қалалық ауруханасында «Рухани Керуен» жобасы бойынша «Денсаулық – болашақ кепілі» тақырыбында діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен кездесу өтті.

Ұлт жоспарына айналған мақаланы насихаттауға мектеп оқушылары да ат салысуда. №8 орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген «Діндер тарихы» брейн-ринг ойынына көрермен ретінде қала мектептерінен оқушылар, тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Баянды мерекемізге «Облыстық дін басқармасының» «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу» орталығының нұсқаушысы, теолог Асанов Ақжол Мұратұлы қатысып мектеп жастарына ақыл кеңесін берді.

"Рухани Керуен" жобасы аясында ақпараттық түсіндіру тобы Орталық базарда қала тұрғындарына экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арбатта сурет және кітап көрмелері көрсетілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Рухани жаңғыру - жарқын істердің бастамасы» тақырыбында деструктивке шалдыққан отбасы мүшелерін қоғамға бейімдеу бойынша әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын қарастыру мақсатында кездесу өтті.

Рухани Керуен" жобасы аясында қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Дінаралық татулық – болашаққа нық қадам» тақырыбында діни бірлестік жетекшілерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р. Есдәулетов қатысып, жергілікті діни бірлестік басшыларымен ашық әңгіме өрбітті.

Спорт сарайында "Рухани Керуен" жобасы аясында «Дін бірлігі – ел тұтастығының кепілі» тақырыбында (діни бірлестіктер жетекшілерімен) спорттық жарыс ұйымдастырылды. 

Металлург клубында "Рухани Керуен" жобасы аясында «Рухани мұра» атты концерттік бағдарлама көрсетілді. Концерт барысында Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның әншілері өз өнерлерін ортаға салды.

«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасында» КММ -де "Рухани Керуен" жобасы аясында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері және облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Идигов. А.С., әнші, ақын – Әділбеков Ә.Б. қатысқан «Ұлттық рух – рухани жаңғырудың негізі» атты рухани кездесу өтті.

№ 8 орта мектебінде "Рухани Керуен" жобасы аясында  өткен дөңгелек үстелге облыстық дін істері басқармасының нұсқаушысы Ә. Әлімханова қатысты.

 

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы

Барлық базалық бағыттарды ақпараттық қолдау

Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1-27 қазан аралығында барлығы 103 шара ұйымдастырылып, 12 280  адам қамтылды. Оның ішінде:

 «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша  74 шара ұйымдастырылып, 6238 адам қамтылды;

Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 7 шара ұйымдастырылып, 2335 адам қамтылды;

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы 22 шара ұйымдастырылып,  3933 адам қамтылды.

Жергілікті «Текелі тынысы» газетінде  қазан айында «Рухани жаңғыру» арнайы логотипімен, «100 жаңа есім», «Туған жер», «Твои люди город» айдарларымен 40 мақала жарық көрді.

Әлеуметтік желілердегі Текелі қаласының әкімдігі парақшасында «Рухани жаңғыру» логотипімен атқарылған шаралар туралы жарияланымдар, зиялы қауым және оқырмандар мақалалары шығарылып отыр. Қазанда  40 жарияланым орналастырылған.


 

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы
 
Барлық базалық бағыттарды ақпараттық қолдау
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қалалық желілік кестесіне сәйкес тамыз айында 4 ауқымды шара ұйымдастырылып, барлығы 1400 тұрғын қамтылды. .
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 4 жоба, «Атамекен» кіші бағдарламасы – 4 жоба, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы – 7 жоба, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы – 7 жоба, барлығы 22 жоба ұсынылды.
Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипімен 4 билборд, 6 аспалы тақта, 1 панно, 1 брандмауэр орналастырылған.
«Фейсбук», «Инстаграмм», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі Текелі қаласының әкімдігі парақшасында, Ішкі саясат бөлімінің парақшаларында «Рухани жаңғыру» арнайы логотипі орналастырылған. Тамыз айында барлығы 40 жарияланым шығарылды.
2017 жылдың сәуір айынан бастап қалалық «Текелі тынысы» газетінің әр нөмірінде «Рухани жаңғыру» логотипі орналастырылып, «Ұлт рухы», «Текелім – атамекенім», «Сакральная география», «Твои люди, город», «Достопримечательности Текели», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» айдарлары ашылды. Тамыз айында барлығы 36 мақала жарық көрді.
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қалалық желілік кестесіне сәйкес қыркүйек айында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 12 шара ұйымдастырылып, 860 тұрғын қамтылды.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 11 шара өткізіліп, 2421 адам қамтылды. кіші бағдарламасы – 6 шара ұйымдастырылып, 150 адам қамтылды.
Жергілікті «Текелі тынысы» газетінде «Рухани жаңғыру» арнайы логотипі орналастырылып, қыркүйек айында 15 мақала жарық көрді.
Әлеуметтік желілердегі Текелі қаласының әкімдігі парақшасында «Рухани жаңғыру» логотипімен атқарылған шаралар туралы жарияланымдар, зиялы қауым және оқырмандар мақалалары шығарылып отыр. Қыркүйекте 14 жарияланым орналастырылған.