Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Туған жер » Рухани қазына

Рухани қазына

«Туған жер – туған ел»:

Шілде – тамыз айларында Текелі қаласының аймағында 8 екі күндік жорық өткізілді. Жорыққа 120 бала қатысты.

26 шілде – 6 тамыз күндері аралығында Іле – Алатауында қиындығы 1 санатты жорық өткізілді. 8 бала қатысты.

2017 жылдың 16-20 тамыз аралығында Бұрханбұлақ сарқырамасына 5 күндік жорық өткізілді. 9 бала қатысты.

2017 жылдың 18-20 тамызда Облыстық Қаратал су регатасына 8 бала қатысты.

2017 жылдың 23-25 тамыз аралығында Есік қаласындағы «Алтын адам» табылған жерге үш күндік экскурсия өткізілді. 17 бала қатысты. Балалар «Алтын Адам» мұражайында, Есік көлінде,  Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолданбалы өнер мұражайында, Түрген шатқалындағы Медвежий сарқырамасында,  түйеқұс фермасында болып қайтты.

Рудничный ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуде латын әлібиіне көшу, әлемдік озық әдебиеттерді қазақ тіліне аудару, гуманитарлық ғылымдарға мән беру, белсенді, еңбекқор, өнерлі жандарды елге танытып, үлгі-өнеге ету, туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілікті дәріптеу, қасиетті өңірлерге, мәдени мұраларға елдің назарын аудару, ізгілік пен жомарттықты насихаттау бастамалары туралы кеңінен сөз қозғалды.

15 қыркүйекте  «Металлург» клубында «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тіл тұнығы – ұлттық жауһарымыздың маржаны» атты қалалық тіл фестивалі өтті.

20 қыркүйекте  «Отбасы отанның ошағы» жанұялық балда көпке танымал текелілік отбасылар ұлықталды. Қала әкімі Б. Өнербаев қоғам дамуына берекелі бірлігімен үлес қосып жүрген жанұяларды құттықтап ізгі ниетін білдірді.

23 қыркүйекте Текелі қаласының 65 жылдығын мерекелеу аясында "Біз спортты таңдаймыз" марафоны өткізілді. 500-ден астам қала тұрғыны           1,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

27 қыркүйекте Жастар ресурстық орталығы тұрғындар арасында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  акциясы аясында тұрғындар арасында сауалнама жүргізді.  Сауалнамаға 20 адам қатысты.