Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Туған жер » Тәрбие және білім

Тәрбие және білім

1. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы
 

ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің төркіні тереңде жатыр. 
Өз ұлтының қадір-қасиетін, өнегелі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ырым-тыйымдарын бойына сіңіріп өскен ұрпақ елдіктің туын әрдайым биік ұстайды.
Тәрбие мен білімді егіз өріп, ұлағатты ұл мен қылықты қыз тәрбиелеуді мақсат еткен №8 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ажар Қалысбаева «Ұлттық дәстүр мен мәдениет – ұлттық рухымыздың іргетасы» атты дөңге-
лек үстел өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен келелі басқосуда оқушылар ұлттық дүниемізге ерекше қызығушылық танытты. Екпінді ауылынан келген Басар әже ұлттық қолөнер туралы тұщымды әңгіме өрбітіп, өзімен ала келген жүнін түтіп, ұршық иірді. Қалада өткізілетін мерекелік шаралардың сәні мен мәнін еселеп жүрген «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері ақ кимешектің қасиетін ұқтырып, әннен шашу шашты. Сонымен бірге, тұсаукесер, баланы бесікке салу салттарын көрсетті. Қазақи дәстүрлерді жаңғыртып жүрген саятшылық өнердің майталманы Бүркітбай Файзоллаұлы мен атбегі Қайролла Рахметоллаұлының әсерлі әңгімелері оқушыларға рухани серпіліс сыйлады. 
Өскелең ұрпақтың атынан аға буынға алғысын жеткізген А.Қалысбаева: Салт-дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын, ұлттық рухы күшті ата-әжелеріміз барда Елбасы үміт артқан тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндігіміз мол. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүр-лерді жастарға дұрыс жеткізе білсек, ұлтжанды азамат тәрбиелеудеміз деп нық айта аламыз», – дейді.

 

Текелі қаласының №5 орта мектебінде «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Жиынға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологтары, қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және ата-аналар қатысты. Шара барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша мәселелері қарастырылып, жан-жақты талқыланды.Семинарда психологиялық ойындар өткізіліп, бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып отырған қауіпті келеңсіздіктер жайында да айтылды.

 

18-20 қаңтар аралығында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жеңісім саған, Астана" атты Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жарыс өтті. Жарысқа жалпы 7 команда қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес №8 орта мектебі I орынды, №4 орта мектебі II орынды, №5 орта мектебі III орынды иеленді.

Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Текелі қаласының балалар шығармашылық орталығында Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Елордам - Астанам» атты жастар арасында сурет салу байқауы өтті. Шараның басты мақсаты жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, жастар арасында дарынды суретшілерді анықтауға, жас суретшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жас ұрпақтың ой - өрісін кеңейту болып табылады.


#РуханиЖаңғыру
Текелі қаласындағы Балалар шығармашылығы орталығы талантты, талапты балалардың өнерін шыңдап келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен Балалар шеберханасы көрмесінде орталық шәкірттерінің көз жауын алатын туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Көмеге, әсіресе, мектеп оқушылары қызығушылық танытты. Көрмені тамашалауға келген балаларға орталық ұстаздары қолөнер, сурет салу, мүсін жасау, кесте тігу және тағы басқа өнер түрлері туралы айтып, өздері сияқты балалардың қолынан туған туындылармен таныстырды.


 

Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Елімнің елеулі азаматтары» тақырыбында Текелі қаласының белгілі кәсіпкерлерінің қала жастарымен кездесу шарасы өтті. Шараның басты мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, өскелең жас ұрпақты еңбекқорлыққа, адал қызмет етуге тәрбиелеу болып табылады. Шараға «Қуаныш» ЖК басшысы Сәкен Сандырбаев, «Ерғожанов» ЖК басшысы Қуаныш Ерғожанов қатысып өзерінің кәсіпкерліктерін дамыту жолында жеткен жетістіктері туралы ой бөлісіп, қызықты сәттерін еске алды. Кәсіпкерлер жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмәділов қазіргі таңда мемлекетімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, жаңадан өз кәсібін ашуға ниет білдіретін азаматтарға көрсетілетін көмек пен жеңілдіктер туралы айтып өтті.

 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өлкетану" бағыты аясында Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында оқушылар мен ата-аналарды орталықтың негізгі қызметімен, дәстүрімен, ережелерімен, оқыту-тәрбиелеу үрдісінің міндеттерімен таныстыру, үйірме бірлестіктеріндегі өлкетану бойынша сабақтарға деген танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық әлеуетті қалыптасыру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді.

 

Текеліде мотофестиваль өтті

Қазақстанда алғаш ұйымдастырылған «Қыс қызықтары-Зимняя жара.Текелі-2018» мотофестивалінің негізгі мақсаты – туған жер, туған өлке табиғатын мототуризм арқылы әлемге паш ету. Қала көшелерін мото-, автошерумен аралаған алматылық «Nomads» , Free Rider» текелілік «Штурм» мотоклубтарының байкерлері Даңқ Монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті. Енді жыл сайын дәстүрлі түрде Текеліде өткізілетін мотофестивалге ТМД байкерлері де қатысуға тілек білдіруде#туғанжер_туғанөлкетабиғатытамаша#мотокросстекелі

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ ТІРЕГІ

Ұлан-байтақ даламызды ақылымен, күшімен, айбарлы сұсымен қорғап келген бабалар арманы орындалып, тәуелсіз ел болғанда халқымыздың, әсіресе, жас буынның рухани кемел, рухы күшті болуы маңызды. 
Өткен аптада №5 орта мектебінде ұл-қыздардың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, қайсарлыққа үндейтін екі бірдей шара өткізілді. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қайрат Рамазанның ұйымдастыруымен жоғарғы әскери оқу орындарында оқитын түлектермен кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскери күштері институтында оқитын Қадыржан Шаймолданов, Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының курсанты Айбол Қуантай, Ақтөбе қаласындағы екі дүркін Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты Игі-
лік Тоқтаров және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық инсти-
тутының курсанты Ділшат Әділ іздерінен ерген іні-қарындастарына әскери өмірдің алғашқы баспалдақтарынан сыр шертіп, сұрақтарына жауап берді. Мектеп директоры Э.Иманбердиева түлектеріне сәттілік тіледі. 
Ал 27 қаңтар күні Текелі қаласының жастар ресурс-тық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты Текелі қалалық бөлімшесі және №5 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 26 жыл толуына орай «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі» атты әскери-спорттық жарыс өткізілді. Оған Текелі қаласының шекара қызметкерлері, жастар ресурстық орталығы, ҚР Қарулы Күштері жоғарғы әскери оқу орнының курсанттары төрелік етті. Жарыс қорытындысына сәйкес ептілігімен, естілігімен ерекшеленген жеңімпаздар грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Текелі қалалық ОРМБЖМ жаттықтырушылары Алексей Клиновитский мен Виктория Односумованың шәкірттері Үштөбе қаласында өткен Алматы облыстық Чемпионатында ауыр атлетикадан 12 медаль жеңіп алды. Аяла Талаш, Марина Синицына, Роман Фартышев и Максим Грубов жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып алтын медаль иеленді. Бекзат Айдынұлы мен Ақжол Аңсамұрат екінші орын, Амина Жолдабекова, Әсем Савет, Анастасия Бетехтина, Ангелина Бакуленко, Валерия Чистякова, Руслан Кочергин үшінші орын иеленді.

1.1. «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным - тағдырым», «Кітап – білім бұлағы»:

Қараша - желтоқсан айында «Өлкетану» курсын ұйымдастыру бойынша, «Туған жер» бағдарламасы аясында  курс «Тарихқа - тағзым» тақырыбында Алматы облысындағы мұражайлары мен тарихы орындарға қала мектептері және қалалық «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы»  62саяхат-сабақтарын (Тынышпаев атындағы мұражайна-10 сабақ (қазақ тілі және әдебиеті, тарих, география), Будда ескерткіші тасына – 6 (тарих, география), Рудник шахтасы-2 (география-биология, тарих), І.Жансүгуров атындағы мұражайына-12 (география, тарих, қазақ тілі және әдебиеті)

Қамтылған бала саны 635.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында № 8 орта мектебінде «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тақырыппен «Таланты Вера» фестивалі өтті.

15 желтоқсанда Текелі қаласының Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев барша жұртты мемлекеттік мерекемен құттықтап, ел ырыздығын еселеп, ырысын молайтқан ел азаматтарына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
          Мерекелік шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

13 желтоқсанда қалалық балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында ұйымдастырылған «Мақтанышым – Текелім» атты жас өлкетанушылар мен экологтар, туристер форумы өтті. Қамтылған адам саны: 120.

13 желтоқсанда Рудничный ауылдық округінде учаскелік полиция пунктін ашу және тұрғын үйді табыстау салтанаты өтті. 

8 желтоқсанда Текелі қаласының № 8 орта мектебінде Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында мектебінде шахмат және дойбы ойындарының жарысы өтті.

6 желтоқсан Индустриаландыру күніне орай ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың телекөпір арқылы қатысуымен Қора су электр станциясының іске қосылу салтанаты өтті. 

2 желтоқсанда № 5 орта  мектебінде "Спорт жұлдыздары" журналының ұжымының "Жылы жүрек, жақсы тілек" атты кездесуі болып өтті. 

1  желтоқсанда Туризм Орталығында Тұңғыш Президенті күніне арналған «YOUNG TOURICT» атты жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті.

30 қарашада № 5 орта мектебінде "Мен Чемпион" спорттық жарыс 5-6 сынып оқушылар арасында өтті.

29 қарашада қалалык кітапханада 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында шара ұйымдастырылды.

29 қарашада қалалык кітапханада 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында шара ұйымдастырылды.  

24 қарашада №5 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым»базалық бағыты бойынша танымал тұлғаларымен кездесу өткізілді. Шараға қаламыздың танымал азаматтары - композитор Мэлс Рамазанұлы Керейбаев, қалалық мәслихатының депутаты, мәдениет үйінің директоры Константин Михайлович Нестеров және халықаралық деңгейдегі спорт шебері Сәлімжанова Ләззат Қордабайқызы қатысты. 

24 қарашада №6 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлттың ұлы мұраты» атты қалалық акция бастау алды.

24 қарашада №6 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ұлттың ұлы мұраты» атты қалалық акция бастау алды.

22 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жеке кәсіпкер Қуанышбек Ерғожанов («Ерғожанов»ЖК ) Текелі қаласында балалар аула алаңын орнатты.

22 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Текелідегі Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында «Махаббат көпірі» жобасының таныстырылымы өтті.

14 қарашада "Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы", қалалық "Нұр Отан" партиясының филалы және "Жас Отан" ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Текелі" шекара заставасына мектеп оқушаларымен саяхат өтті.

 

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы

«Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным - тағдырым», «Кітап – білім бұлағы»:

 «Туған жер» бағдарламасы аясында  «Тарихқа - тағзым» тақырыбында Алматы облысындағы мұражайлары мен тарихи орындарға қала мектептері және қалалық Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы 17 саяхат-сабақтары (Тынышпаев атындағы мұражайна - 4 сабақ (қазақ тілі және әдебиеті, тарих, география), Шоқан Уәлиханов атындағы мұражайына -         2 (қазақ тілі және әдебиеті, тарих, география), Ескелді би кесенесі-1 (тарих), Будда ескерткіші тасына – 4 (тарих, география), Рудник шахтасы -1 (география-биология, тарих), І.Жансүгіров атындағы мұражайына - 2 (география, тарих, қазақ тілі және әдебиеті), Жетісу Алатауы-Қора, Шажа өзендеріне саяхат - 2 (география, тарих,), Кербұлақ ауданы, Жайнақ батыр мазарына саяхат -1 (тарих) және 7 экскурсиялары мен жорықтар ұйымдастырылып өткізді. Қамтылған бала саны 522.

Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы Тамғалы тас шатқалына  2 күндік экскурсия  ұйымдастырды (қамтылған адам саны – 20).

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында және қаланың Орталық саябағында 8 – 16 жас аралығындағы балаларға «Мақсаты бірдің – рухы бір» атты туристік фестиваль ұйымдастырылды ( қамтылған адам саны – 100).

Текелі қаласындағы Орталық саябақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты аясында «Менің қалам – менің мақтанышым» қалалық туристік слеті өтті (қамтылған адам саны – 70). 

Білім беру ұйымдарында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» мұғалімдер күніне арналған салтанатты 12 іс-шара (сынып сағаттары, ұстаз-ардагерлерге мерекелік концерттер мен құттықтаулар, салтанатты шерулер) өткізілді. Қамтылған бала саны - 4097. Қамтылған мұғалім саны - 414.

Кәсіптік колледжде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Кәсібі білім – заман талабы» кәсіптік мамандар форумы өтті (қамтылған адам саны – 100).

Мәдениет үйінде «У самовара»  ардагерлер клубының кезекті отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтары талқыланды (қамтылған адам саны  - 30).

«Шапағат» арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға буын оқытушылары қарттармен кездесті (қамтылған адам саны  - 100).

Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы "Жеңіс" әлеуметтік жобасы аясында "Ұранды елдің-ұрпағы қайсар" атты ардагерлермен кездесу шарасы ұйымдастырылды (қамтылған адам сны – 20).

«Шапағат» орталығында Мәдениет үйінің өнерпаздары концерт ұйымдастырды (қамтылған адам саны – 100).

№8 орта мектеп оқушылары Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын қолдау мақсатында сабақта стенд жасап, мектептің кітапханасына сыйға тартты (қамтылған адам саны – 25).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Ішкі саясат бөлімі, «Жетісу жастары ұйымының конгресі» ЖҚБ № 4 ОМ «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында семинар ұйымдастырды (қамтылған адам саны – 60).

 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жетісу жастары ұйымының конгресі» жастар қоғамдық бірлестігімен № 6 ОМ «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды (қамтылған адам саны – 30).


 

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы
 
«Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным - тағдырым», «Кітап – білім бұлағы»:
28 тамызда Мәдениет үйінде «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақырыбында қалалық Тамыз кеңесі өтті. Кеңесте Елбасының рухани жаңғыруға негізделген «Отаным-тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап-білім бұлағы», «Өлкетану» жобаларын тиімді іске асырудағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру талқыланды.
Тамыз айында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» аясында өткен облыстық «Тарихы терең заманның жерұйығы Жетісу» байқауында №2 балабақша ұжымы 1 орынға ие болды.
«Отаным-тағдырым», «Өлкетану» жобалары аясында 15 тамызда Тынышпаев атындағы мұражайға 52 оқушы, 28-31 тамыз аралығында № 4, № 5 орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барып келді.
Қыркүйек айының басынан Текелі қаласында «Жылқы туризмі және иппотерапия» жобасымен 20 мүмкіндігі шектеулі балаға әлеуметтік көмек көрсетілуде.
4-8 қыркүйекте облыстық білім басқармасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында жалпы орта білім беру мекемелеріндегі 9-11 сынып оқушылары арасында, «Туған жер; Рухани жаңғыру» тақырыбына шығарма жазу байқауы өткізілді. Жеңімпаздардың шығармалары қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланды.
8 қыркүйекте №8 орта мектебінің түлектерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Еуразия мемлекеттік университетінің студенттерімен мектепішілік кездесу өткізілді.
11 қыркүйек күні №5 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9-11 сыныптармен қалалық жергілікті газетінің редакторы Т.Тұрлыбаевамен кездесу өтті.
«Тілдер мерекесі» апталығы аясында №5 орта мектебінде «Тіл болашағы-жас ұрпақтың қолында» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Қатысқан бала саны 300.
Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру бойынша облыстық педагогикалық іс-тәжірибе алмасу өтті. Аудан-қалалардан 50 мұғалім қатысты.
23 қыркүйекте Орталық саябақта BMX трек велоспорттың «BMX кросс» түрінен жасөспірімдер арасында Текелі қаласының ашық біріншілігі өткізілді.20 велосипедшінің өнерін 70 тұрғын тамашалады.
24 қыркүйекте Балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында спорттық өрмелеу бойынша чемпионат өтті.