Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Туған жер » Атамекен

Атамекен

 

 

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде     
Текелі қаласы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
(2017 жылғы  27 қазандағы жағдай бойынша)
 

«Атамекен» кіші бағдарламасы

Тәуелсіздік алаңында «Менің қалам - менің мақтанышым» атты Текелі қаласының 65-жылдық мерейтойы бағдарламасының   аясында  «Әскери Даңқ қаласы мен арман қаласының арасы» атты  мерекелік қойылым және концерт ұйымдастырылып өткізілді. Барлығы 2000 адам қамтылды.

Орталық Азия университетінің ұйымдастыруымен «Туған жер – алтын бесік» Текеліліктер құрылтайы өтіп, 50 адам  қамтылды. 

Текелі қаласының 65 жылдық мерейтойы аясында қала көшелеріне қарағай көшеті отырғызылды (қамтылған адам саны – 35).

«Менің қаламның биік белестері» атты әлеуметтік-экономикалық жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлік бөлімі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Бал және алма көрмесі өтті (қамтылған адам саны – 100).

Қала әкімі Б. Өнербаев қаладағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті (35 адам).

Текелідегі «Flay» спорттық-сауықтыру клубында «Мүмкіндігі шектеулі қарттарға арналған спорт» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.


2.«Атамекен» кіші бағдарламасы

2.1. Әлеуметтік бастамалар картасы:
22 тамызда қала кәсіпкерлерімен бірлесе әлеуметтік мәселелер картасы түзіліп, оған коррекциялық кабинетке иппотерапия емі, туризм орталығындағы балалардың саяхатқа шығуы үшін көлік сатып алу және қалада спорттық алаңшалар салу туралы енгізілді.
28 тамызда қала әкімінің үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтті. Кездесуге 15 ҮЕҰ басшылары мен 5 діни бірлестік төрағалары қатысты. Жиын барысында азаматтық институт өкілдерінің «Туған жер» жобасына белсенді атсалысу мәселесі көтерілді.
28 тамызда қала әкімі үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестік және саяси партия өкілдерімен кездесті.
7 қыркүйекте Жастар орталығында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
15 қыркүйекте қалалық Қоғамдық кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша мәселелер көтерілді.
22 қыркүйекте Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалында қала әкімі Б.Өнербаевтың қатысуымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.
 
2.2 Жомарт жүрек
16 тамызда «Мектепке жол» республикалық «Менің таңдауым – балаларға көмек!» акциясы өткізілді. 312 балаға қала кәсіпорындары мен мекемелері, жеке азаматтар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 4 млн теңге оқушы балалардың керек-жарағы алынып берілді.
Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Орталық Азия Университетіне баратын қалалық жол салынып жатыр. Жолдың ұзындығы 970 м., жобаның бас демеушісі - Орталық Азия Университеті, құны 129 млн 630 мың теңгені құрайды. Аталған жоба туралы облыстық «Жетісу» арнасында сюжет көрсетілді. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Туған жер» арнайы жобасы аясында қаладағы бірнеше мекемелердің әлеуметтік мәселелері көтеріліп, Қоғамдық кеңес қала тұрғындарына, шағын және орта бизнес өкілдеріне, жалпы қолдау көрсете алатын азаматтарға Үндеу жолдады. Үндеу жергілікті «Текелі тынысы» газетінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі №38 басылымында жарияланды.