Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Қазақ тілін латын графикасына көшіру

Қазақ тілін латын графикасына көшіру

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы
 
Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы
№ 569 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Латын графикасына негізделген қазақ тілі
ӘЛІПБИІ


 

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде      
Текелі қаласы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
(2017 жылғы  27 қазандағы жағдай бойынша)

1.3. Қазақ тілін латын графикасына көшіру

Текелі қалалық әдістемелік кабинетінің және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 қазанда  №8 орта мектебінде «Латын жазуына көшу мәселелері» семинар  мектеп директорларының әдістемелік ісі, тәрбие ісі жөніндегі және тіл мамандарының қатысуымен өткізілді (40 адам қамтылды).

Орталық кітапханада Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы директорының қатысуымен «Переход на латинский алфавит – шаг в   будущее» дөңгелек үстел өтті. Шараға25 адам қамтылды.

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығында  Текелі қаласының Құрметті азаматы М. Шалқыбекованың қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 15 адам қамтылды.

Қала әкімі Б. Өнербаевтың шағын және орта бизнес өкілдерімен «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үрдіске жақындау» кездесуі өтті.  Кездесуге 40 адам қатысты.

Жастар орталығында  үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер және саяси партия өкілдерімен «Переход казахского языка на латинскую графику» кездесу ұйымдастырылды. Шараға 50 адам қамтылды.

№8 ОМ негізінде білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Латын жазуына көшу мәселелері» атты қалалық семинар өтті. Семинарға тілдерді дамыту орталығының маманы және 50 мұғалім қатысты.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жетісу жастары ұйымының конгресі» ЖҚБ № 5 ОМ  «Латын графикасына көшу – болашаққа нық қадам» тақырыбында кездесу ұйымдастырып өткізді (қамтылған адам саны – 60).


Қазақ тілін латын графикасына көшіру

Тамыз айында «Үштұғырлы тіл меңгеру – білім бәсекелестігін арттырады» атты мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру курстарына 6 мұғалім қатысты.

25 тамызда мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында қаладағы этнос жастары арасында «Тіл Парасат» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың жеңімпазы Адриянова Ульяна облыстық байқауда бағын сынайды.

Қалалық  кітапханада  оқырмандар қатысуымен  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласы бойынша «Қоғамдық   сананы  жаңғырту»  тақырыбында  талқылау  өтті.

Текелі қалалық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» дөңгелек үстел  мектеп директорларының әдістемелік ісі, тәрбие ісі жөніндегі және тіл мамандарының қатысуымен өткізілді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша мектеп мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды.  Қала мектептерінен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 30 мұғалімі қатысты.