Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы » Туған жер

Туған жер

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы
 
«Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным - тағдырым», «Кітап – білім бұлағы»:
28 тамызда Мәдениет үйінде «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақырыбында қалалық Тамыз кеңесі өтті. Кеңесте Елбасының рухани жаңғыруға негізделген «Отаным-тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап-білім бұлағы», «Өлкетану» жобаларын тиімді іске асырудағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру талқыланды.
Тамыз айында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» аясында өткен облыстық «Тарихы терең заманның жерұйығы Жетісу» байқауында №2 балабақша ұжымы 1 орынға ие болды.
«Отаным-тағдырым», «Өлкетану» жобалары аясында 15 тамызда Тынышпаев атындағы мұражайға 52 оқушы, 28-31 тамыз аралығында № 4, № 5 орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барып келді.
Қыркүйек айының басынан Текелі қаласында «Жылқы туризмі және иппотерапия» жобасымен 20 мүмкіндігі шектеулі балаға әлеуметтік көмек көрсетілуде.
4-8 қыркүйекте облыстық білім басқармасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында жалпы орта білім беру мекемелеріндегі 9-11 сынып оқушылары арасында, «Туған жер; Рухани жаңғыру» тақырыбына шығарма жазу байқауы өткізілді. Жеңімпаздардың шығармалары қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланды.
8 қыркүйекте №8 орта мектебінің түлектерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Еуразия мемлекеттік университетінің студенттерімен мектепішілік кездесу өткізілді.
11 қыркүйек күні №5 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9-11 сыныптармен қалалық жергілікті газетінің редакторы Т.Тұрлыбаевамен кездесу өтті.
«Тілдер мерекесі» апталығы аясында №5 орта мектебінде «Тіл болашағы-жас ұрпақтың қолында» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Қатысқан бала саны 300.
Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру бойынша облыстық педагогикалық іс-тәжірибе алмасу өтті. Аудан-қалалардан 50 мұғалім қатысты.
23 қыркүйекте Орталық саябақта BMX трек велоспорттың «BMX кросс» түрінен жасөспірімдер арасында Текелі қаласының ашық біріншілігі өткізілді.20 велосипедшінің өнерін 70 тұрғын тамашалады.
24 қыркүйекте Балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында спорттық өрмелеу бойынша чемпионат өтті.
 
 
1.2. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.
28 тамызда өткен қалалық Тамыз кеңсінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты, латын графикасына көшудің кешенді жоспары туралы білім бөлімінің басшысы баяндама жасады.
«Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында ЖОО-мен мектептің ынтымақтастығы» атты ұстаздардың біліктігін арттыру мақсатында ғылыми-педагогикалық семинар Алматы қаласының Орталық Азия университетінің қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылып, 40 астам педагогтар дәріс алды.
 
1.3. Қазақ тілін латын графикасына көшіру
Тамыз айында «Үштұғырлы тіл меңгеру – білім бәсекелестігін арттырады» атты мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру курстарына 6 мұғалім қатысты.
25 тамызда мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында қаладағы этнос жастары арасында «Тіл Парасат» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың жеңімпазы Адриянова Ульяна облыстық байқауда бағын сынайды.
Қалалық кітапханада оқырмандар қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша «Қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында талқылау өтті.
Текелі қалалық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» дөңгелек үстел мектеп директорларының әдістемелік ісі, тәрбие ісі жөніндегі және тіл мамандарының қатысуымен өткізілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша мектеп мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды. Қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 30 мұғалімі қатысты.
 
2. «Атамекен» кіші бағдарламасы
 
2.1. Әлеуметтік бастамалар картасы:
22 тамызда қала кәсіпкерлерімен бірлесе әлеуметтік мәселелер картасы түзіліп, оған коррекциялық кабинетке иппотерапия емі, туризм орталығындағы балалардың саяхатқа шығуы үшін көлік сатып алу және қалада спорттық алаңшалар салу туралы енгізілді.
28 тамызда қала әкімінің үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтті. Кездесуге 15 ҮЕҰ басшылары мен 5 діни бірлестік төрағалары қатысты. Жиын барысында азаматтық институт өкілдерінің «Туған жер» жобасына белсенді атсалысу мәселесі көтерілді.
28 тамызда қала әкімі үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестік және саяси партия өкілдерімен кездесті.
7 қыркүйекте Жастар орталығында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
15 қыркүйекте қалалық Қоғамдық кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша мәселелер көтерілді.
22 қыркүйекте Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалында қала әкімі Б.Өнербаевтың қатысуымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.
 
2.2 Жомарт жүрек
16 тамызда «Мектепке жол» республикалық «Менің таңдауым – балаларға көмек!» акциясы өткізілді. 312 балаға қала кәсіпорындары мен мекемелері, жеке азаматтар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 4 млн теңге оқушы балалардың керек-жарағы алынып берілді.
Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Орталық Азия Университетіне баратын қалалық жол салынып жатыр. Жолдың ұзындығы 970 м., жобаның бас демеушісі - Орталық Азия Университеті, құны 129 млн 630 мың теңгені құрайды. Аталған жоба туралы облыстық «Жетісу» арнасында сюжет көрсетілді. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Туған жер» арнайы жобасы аясында қаладағы бірнеше мекемелердің әлеуметтік мәселелері көтеріліп, Қоғамдық кеңес қала тұрғындарына, шағын және орта бизнес өкілдеріне, жалпы қолдау көрсете алатын азаматтарға Үндеу жолдады. Үндеу жергілікті «Текелі тынысы» газетінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі №38 басылымында жарияланды.
 
3. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы
 
3.1. «Туған жер – туған ел»:
Шілде – тамыз айларында Текелі қаласының аймағында 8 екі күндік жорық өткізілді. Жорыққа 120 бала қатысты.
26 шілде – 6 тамыз күндері аралығында Іле – Алатауында қиындығы 1 санатты жорық өткізілді. 8 бала қатысты.
2017 жылдың 16-20 тамыз аралығында Бұрханбұлақ сарқырамасына 5 күндік жорық өткізілді. 9 бала қатысты.
2017 жылдың 18-20 тамызда Облыстық Қаратал су регатасына 8 бала қатысты.
2017 жылдың 23-25 тамыз аралығында Есік қаласындағы «Алтын адам» табылған жерге үш күндік экскурсия өткізілді. 17 бала қатысты. Балалар «Алтын Адам» мұражайында, Есік көлінде, Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолданбалы өнер мұражайында, Түрген шатқалындағы Медвежий сарқырамасында, түйеқұс фермасында болып қайтты.
Рудничный ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуде латын әлібиіне көшу, әлемдік озық әдебиеттерді қазақ тіліне аудару, гуманитарлық ғылымдарға мән беру, белсенді, еңбекқор, өнерлі жандарды елге танытып, үлгі-өнеге ету, туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілікті дәріптеу, қасиетті өңірлерге, мәдени мұраларға елдің назарын аудару, ізгілік пен жомарттықты насихаттау бастамалары туралы кеңінен сөз қозғалды.
15 қыркүйекте «Металлург» клубында «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тіл тұнығы – ұлттық жауһарымыздың маржаны» атты қалалық тіл фестивалі өтті.
20 қыркүйекте «Отбасы отанның ошағы» жанұялық балда көпке танымал текелілік отбасылар ұлықталды. Қала әкімі Б. Өнербаев қоғам дамуына берекелі бірлігімен үлес қосып жүрген жанұяларды құттықтап ізгі ниетін білдірді.
23 қыркүйекте Текелі қаласының 65 жылдығын мерекелеу аясында "Біз спортты таңдаймыз" марафоны өткізілді. 500-ден астам қала тұрғыны 1,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
27 қыркүйекте Жастар ресурстық орталығы тұрғындар арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» акциясы аясында тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 20 адам қатысты.
 
3.2. «Қасиетті Қазақстан»:
2017 жылдың 14-18 тамыз аралығында Оңтүстік Балқаштағы орта ғасырдағы Қара-Мерген, Ағаш-Аяқ, Ақ-там қалашықтарына экспедиция ұйымдастырылды. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын 8 бала қатысты.
27 шілде – 7 тамыз аралығында Қарқаралы Ұлттық паркінде қиындығы 1 санатты жаяу жорықта болып қайтты. Жорық барысында 11 бала Большое, Пашное, Кендара, Шайтанколь, Бассейн көлдерін, «Семь братьев», жартастарында табиғи мұражайда, ең алғашқы адамдардың үңгірлерін аралады.
1 - 30 қыркүйек аралығында Ш. Уәлиханов атындағы мемориал-мұражайында 6 саяхат-сабақ, Жапон халқының бауырлық зиратына, Будда тасына саяхат (Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, тарих, география) ұйымдастырылды. барлығы 112 оқушы қамтылды.
Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында 172 балаға 5 саяхат-сабақ ұйымдастырылды (қазақ әдебиеті, тарих, география).
23 қыркүйекте № 5 орта мектебінің 17 оқушысы Жаркент қаласындағы Уәлібай мешітіне және Айғай құмға саяхаттады.
 
3.3. «Мәдени даму»:
17 тамызда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, жасөспірімдер мен шекарашы жауынгерлердің кездесуі өткізілді. Шекара сақшылары ұлықталды.
24 тамызда Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай «Ұлағатты істің ұйытқысы» атты қалалық мәдени-салтанатты шарада «Абзал ана отауы» әжелер халықтық ансамблі, «Надежда» клубының ардагерлері ән шырқап, терме-жыр, күй орындады.
30 қыркүйекте «Музыкальный калейдоскоп» музыкалық жәрмеңке ұйымдастырылды Барлығы 500 адам қамтылды.
Балалар шығармашылығы орталығының педагогтары мен шәкірттерінің «Осенняя палитра» байқау-көрмесі өтті. Көрмеге барлығы 800 тұрғын қамтылды.
 
4. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы
 
4.1 Барлық базалық бағыттарды ақпараттық қолдау
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қалалық желілік кестесіне сәйкес тамыз айында 4 ауқымды шара ұйымдастырылып, барлығы 1400 тұрғын қамтылды. .
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 4 жоба, «Атамекен» кіші бағдарламасы – 4 жоба, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы – 7 жоба, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы – 7 жоба, барлығы 22 жоба ұсынылды.
Текелі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипімен 4 билборд, 6 аспалы тақта, 1 панно, 1 брандмауэр орналастырылған.
«Фейсбук», «Инстаграмм», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі Текелі қаласының әкімдігі парақшасында, Ішкі саясат бөлімінің парақшаларында «Рухани жаңғыру» арнайы логотипі орналастырылған. Тамыз айында барлығы 40 жарияланым шығарылды.
2017 жылдың сәуір айынан бастап қалалық «Текелі тынысы» газетінің әр нөмірінде «Рухани жаңғыру» логотипі орналастырылып, «Ұлт рухы», «Текелім – атамекенім», «Сакральная география», «Твои люди, город», «Достопримечательности Текели», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» айдарлары ашылды. Тамыз айында барлығы 36 мақала жарық көрді.
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының қалалық желілік кестесіне сәйкес қыркүйек айында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 12 шара ұйымдастырылып, 860 тұрғын қамтылды.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 11 шара өткізіліп, 2421 адам қамтылды. кіші бағдарламасы – 6 шара ұйымдастырылып, 150 адам қамтылды.
Жергілікті «Текелі тынысы» газетінде «Рухани жаңғыру» арнайы логотипі орналастырылып, қыркүйек айында 15 мақала жарық көрді.
Әлеуметтік желілердегі Текелі қаласының әкімдігі парақшасында «Рухани жаңғыру» логотипімен атқарылған шаралар туралы жарияланымдар, зиялы қауым және оқырмандар мақалалары шығарылып отыр. Қыркүйекте 14 жарияланым орналастырылған.
 
4.2 «100 жаңа есім» жобасы:
Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының жоспары құрылды.
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» арнайы жобасына жергілікті үміткерлер іріктеліп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық хатшылығына 14 текелілік азаматтың мәліметтері ұсынылды.
«Ел.kz» сайтына ұсынылған қалалық аурухана дәрігері Кан Евгений Валентинович туралы ақпараттық мәлімет облстық ҚХА хатшылығына жолданды.
Текелі қаласында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» арнайы жобасына іріктелген текелілік тұлғалар туралы жергілікті «Текелі тынысы» газетінде 4 материал, «Кәсіпкер» журналында 1 материал жарияланды.