Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Текелі қалалық сайлау комиссиясы

Текелі қалалық сайлау комиссиясы

ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЫ
 
Текелі қаласының Рудничный ауылдық округі әкіміне кандидаттар болып тіркелді:
Вишняков Сергей Дмитриевич, 1979 жылы туылған, Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімі, «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Рудничный ауылында тұрады;
Дәуренбаев Марат Өмірбекұлы, 1978 жылы туылған, басшы, «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Текелі қаласында тұрады;
Махаев Сергей Петрович, 1982 жылы туылған, басшы, «Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Текелі қаласында тұрады.
 
 

 

 
 
21.06.2017
 
 
 
 
 
ШЕШІМ
 
 
 
 
Текелі қаласының Рудничный
ауылдық округ әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
 

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына сәйкес, Текелі қалалық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қаласы бойынша Рудничный ауылдық округ әкімін сайлау 2017 жылғы 11 тамызға тағайындалсын.
  2. Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Текелі қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                                                                                                      Н. Джылкыбаев