Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» ММ » Халыққа арналған жадынама

Халыққа арналған жадынама

Жануарлардың иесілеріне жаднама.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі
«Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес,
«Текелі қаласының ветеринария бөлімі» ММ-мен құрастырылған.
 
Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның
iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу
жөнiндегi мiндеттерi

Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар

әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
8) алып тасталды

9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;

Бас прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, ұрлық деп саналады, жануарларды ауласынан, немесе ұйымдастырылған жайылымнан ұрланған жағдайда ұрлық болып тіркеледі. Иесінің қарауынсыз қалған жануарлар ұрлау фактісі болып табылмайды.

 

Таныстым: ________________________________________________

А.Ж.Т. қолы

___________________________________________________________

Күні Мекен-жайы

 

 

ЕСКЕРТПЕ

Аусыл ауру ашатұяқтыларға тән, әсіресе бұл ІҚМ өкілдеріне (ірі қара мал, қой, шошқа) қатысты, аусыл ауруы вирустық сипатқа ие, безгекпен, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, желінінде және терінің жүн өспеген жерлерінде болатын көпіршіген экзантемамен сипатталады. Ірі қара мал үшін аурудың басты белгісі – көп мөлшерде сілекей бөлінуі.

Аусыл ауруынын белгілері - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады.

Емдеу түрі -Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араластырып аузын қан аққанша үйкелеп ысады. Жануарлар арасында ауру мен өлімді азайту, сондай-ақ асқынудың алдын  алу үшін ауру малдарға қызмет көрсету жағдайын жақсартады. Оларды жиі суарады, диеталық азық (шөп, ұн быламықтары), дезинфекциялайтын ерітінділер  немесе  тері  мен  шырыштық қабаттарды өңдеуге арналған жақпа майлар береді. Жүрекке арналған дәрілер мен антибиотиктер қолданылады, сондай-ақ көктамырға глюкоза жіберіледі.

«Текелі қаласының ветеринария бөлімі»ММ
сенім телефоны: 8 (72835) 4-90-17

 

ЕСКЕРТПЕ

Шошқа обасы-шошқаның вирус арқылы таралатын жұқпалы індеті. Шошқа обасының вирусы барлық органдар мен тканьдерде, лимфа түйінінде, сүйек кемігінде,көк бауырда, ішектін кілегей қабығында өніп-өседі. Шошқа обасы еметін жас торайларда жіті өтеді.

Ауру 3-7 күнге созылады, жіті өтетін түрінде дене температурасы 41,5-42°С-қа дейін көтеріледі. 1-2 күннен кейін шошқа жемнен қалады, денесі дірілдейді, жата береді, көзі қызарып,ісінеді, орнынан әрең қозғалады, салқын орын іздейді, кейде бауырының астында сарғылт сұйыққа толы күлдірек пайда болады, біраздан кейін тұтасып қоңыр даққа айналады. Жүрек қызметі нашарлап, мұрнынан қан кетеді, артқы аяқтары салданады, 7-10 күнде өледі. Ауру білінісімен ауру шошқаны бөлек күтеді, шошқа қораны 2-3%-тік күйдірігіш натр ерітіндісімен дезифекциялайды. Шаруашылыққа карантин қойылады.