Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қаланың инфрақұрылымы » Қалалық кәсіпорындар

Қалалық кәсіпорындар

Қалада 117 қызмет атқарушы заңды тұлғалар бар, оның ішінде 2-і үлкен, 8-і орта, 107-і шағын. Оның ішінде 28 кәсіпорын өнеркәсіптік, 2 ауыл шаруашылық, 17 құрылыс, 19 сауда, 9 көлік және байланыс, 5 қонақ үй мен қоғамдық тамақтандыру, 37 басқа салалар.

Негізгі кәсіпорындар болып республика бойынша жалғыз сыра ашытқысын өндіруші «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ, кәсіпорын акцияларының бақылау пакеті француздық «Soufflet» фирмасына тиесілі, темір-кен концентратын өндіретін «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС, «Казцинк-ТЭК» ЖШС энергетикалық кешені, құрылыс кірпішін өндіруші «ТКСМ» ЖШС, табиғи шунгит өндіруші «Көксу» тау-кен компаниясы» ЖШС, гранит өнімдерін өндіруші «Текелі-Гранит» ЖШС мен «Шарықтас» ЖШС, мәрмәр шығару мен өнімдер жасаушы «Алатау Мрамор» ЖШС, «Мрамор Тас» ЖШС-і табылады.
Сонымен қатар сыра өндіретін «АЗ» ЖШС, трикотаж өнімдерін тігетін «Қазақстан Тексти Лайн» ЖШС-нің филиалы, құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «Тюрк Цемент» ЖШС, металлопластикалық бұйымдар шығаратын «Дисконт-Альфа» ЖШС-і қалыпты жұмыс істеуде.
Жалпы облыстық тауар өндіру көлемі бойынша қала табиғи тас, мрамор өндіру, ашытқы шығару бойынша алдыңғы қатарды иеленеді.


«Green House-Зеленый дом» ЖШС

Директоры - Тұяқбаев Руслан Шеризатұлы, қазақ, білімі - жоғары, аталған қызметте 2010 жылдың шілдесінен жұмыс істейді.
Құрылған жылы – 2003 жыл.
Меншік нысаны – жеке меншік.
Қызметінің негізгі бағыты жылыжайда гүлдер өсіру болып табылады. Жылыжайдың ауданы - 2 гектар. 2010 жылы өндірілген өнім өнім көлемі 122,8 млн. теңгені құрап, 13,3 млн. тал раушангүлі өсірілген.
2010-2014 жылдарға үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы аясында 3,65 га көкөніс өсіруге жылыжай кешенінің құрылысы іске асырылуда.
Жобалық қуаттылығы - жылына 1615 тонна қияр, 910 тонна қызанақ өсіру.
Жұмысшылар саны 76 адам, орташа айлық еңбекақы 66029 теңгені құрайды.


«Казцинк-ТЭК» ЖШС

Директоры - Әбенов Ержан Мейрамұлы, қазақ, білімі жоғары, осы қызметте 2008 жылдың сәуірінен жұмыс істейді.
Құрылған жылы – 2009 жылдың 1 қазаны.
Меншік нысаны – жеке меншік.
Қызметінің негізгі бағыты жылу энергиясы мен электроэнергиясын өндіру болып табылады.
Жұмыс қуаттылығы:
- электроэнергиясы - 24 Мвт/сағ;
- жылу энергиясы – 55 Гкал/сағ.
2010 жылы өндіріс көлемі 1282,7 млн. теңгені құрады. 245616,7 мың кВт.сағ. электроэнергиясы мен 141,1 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді.
Жұмысшылар саны 276 адам, орташа айлық еңбекақы 62000 теңгені құрайды.


«Суффле Казахстан ашытқы зауыты» АҚ

Бас директоры - Сүлейменова Айнұр Амантайқызы.
Құрылған жылы – 1992 жыл.
Меншік нысаны – жеке меншік, кәсіпорын акцияларының бақылау пакеттері француздық «Суффле»фирмасына тиесілі.
Қызметінің негізгі бағыты Пользендік типтегі сыраға арналған ашытқы өндіру және сату болып табылады.
Жобалық қуаттылығы - жылына 80,0 мың тонна ашытқы.
Нақты қуаттылығы - жылына 84,0 мың тонна ашытқы.
2010 жылы өндірісінің көлемі 4065,2 млн. теңгені құрады. Тауарлық өнім шығару көлемі 73 мың тонна ашытқы құрады.
Жұмысшылар саны 81 адам, орташа айлық еңбекақы 127195 теңгені құрайды.


«Текелі – Гранит» ЖШС

Атқарушы директоры - Стрельцов Владимир Васильевич, орыс, білімі жоғары, осы қызметте 2007 жылдың 12 қарашасынан жұмыс істейді.
«Текелі – Гранит» ЖШС, 2007 жылдың 7 қазанында құрылған.
Меншік нысаны – жеке меншік.
Қызметінің негізгі бағыты табиғи тасты өңдеу, гранит және мәрмәрдан өнімдер жасау болып табылады.
Кәсіпорынның жұмыс жасайтын қуаттылығы:
 жылына 24,0 мың шаршы метр гранит өнімдері;
 жылына 30,0 мың шаршы метр мәрмәр өнімдері.
2010 жылы өндірісінің көлемі 117 млн. теңгені құрады. 5,4 мың шаршы метрге жылтыратылған тақта және 22,4 мың пог. метр тасты көмкерме шығарылды.
Жұмысшылар саны 50 адам, орташа айлық еңбекақы 39912 теңгені құрайды.


«Текелі-Кондитер» ЖШС
«Алақай» кондитерлік фабрикасы

Директоры - Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы.
Құрылған жылы – 2010 жылдың 30 қарашасы.
Меншік нысаны – жеке меншік.
Қызметінің негізгі бағыты кондитерлік өнімдер шығару болып табылады. Тауарлық өнім «Алақай» сауда маркасымен тіркелген.
Жобалық қуаттылығы – тәулігіне 3,5 тонна кондитерлік өнімдер шығару.
Өндірісте жергілікті өндірушілердің шикізаты пайдаланылады. Өндірілген өнімдер Алматы, Шығыс-Қазақстан және Алматы қаласының көтерме сауда дүкендерінде сатылуда.
Алдыңғы күндер жоспарында өнімдерді Ресей нарығының шығыс өңірлеріне шығару жолдары қарастырылуда.
Жұмысшылар саны 50 адам, орташа айлық еңбекақы 33500 теңгені құрайды.


«Алтын Шажа» ЖШС
«Текелі» профилакторийі

Директоры – Кан Олег Станиславович, кәріс, білімі жоғары, осы қызметте 2010 жылдың наурызынан жұмыс істейді.
Құрылған жылы – қаңтар 2008 жыл.
Меншік нысаны – жеке меншік.
Қызметінің негізгі бағыты халыққа емдеу-сауықтыру қызметін көрсету болып табылады.
Кәсіпорын қуаттылығы – 70 адамға арналған
2010 жылы көрсетілген қызметтердің көлемі 80,6 млн. теңгені құрады, 1900 адамға қызмет көрсетілген.
Жұмысшылар саны 41 адам, орташа айлық еңбекақы 32300 теңгені құрайды.


«Шарықтас» ЖШС

Директоры - Сон Юрий Инхович, кәріс, білімі жоғары, осы қызметте 1993 жылдың қазанынан жұмыс істейді..
Құрылған жылы – 2003 жыл.
Меншік нысаны – жеке меншік.
Қызметінің негізгі бағыты табиғи тасты өндіру және өңдеу болып табылады.
2010 жылы өндірісінің көлемі 245,2 млн. теңгені құрады. Тауарлық өнім шығару көлемі 1072 шаршы. м. гранит өнімдері, 413 шаршы. м. мәрмәр өнімдері, 38,3 мың пог. м. жол тас көмкермелерін құрады.
Кәсіпорында Италияның «Pedrini» және «Monlevi» фирмаларының құрал-жабдықтары пайдаланылады. Тасты өңдеу және қашау жұмыстары консолдік дискілік, фрезерлік кесу станоктарымен, шетжақтарын жиектеу, жылтыратушы қол станоктары және айналдыру құрылғыларын жасаушы станоктармен жабдықталған.
Тұтынушыларының қатарына Қазақстанның қалалары және Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Екатеринбург, Красноярск қалалары болып табылады.
Жұмысшылар саны 70 адам, орташа айлық еңбекақы 28792 теңгені құрайды.