Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қалалық басқармалар » ХҚКО » Хабарландырулар

Хабарландырулар

ХҚКО хабарлайды: сот органдарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою
 
Қазақстандықтарға сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарды астанаға бармай ресмилендуруді қолайлы ету үшін, оның заңды күшін басқа мемлекетте растайтын арнайы мөртаңба қойылған құжаттарды алу үшін Сізге жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш толтыру қажет және 0,5 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек.
Өзіңізде жеке куәлік пен апостиль қоюға арналған құжаттың түпнұсұқасы болуы қажет. Ал егер ХҚКО үшінші тұлға жүгінген жағдайда нотариалды расталған сенімхат болуы шарт.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі – 20 күнтізбелік күн, ал егер сіз оны Астана қ. ХҚКО арқылы ресімдеген болсаңыз – 1 жұмыс күні.
 
 
ХҚКО хабарлайды: жобалық қызметке лицензия беру
 
«Жобалық қызметке лицензяи беру» мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ала аласыз. Ол үшін инспекторға жеке куәлік және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз жөнінде түбіртекті ұсынуыңыз қажет. Сонымен бірге, толтырылған өтінішке біліктілік талаптарына сәйкес укелу туралы мәліметтері бар үлгі бекітіледі. Филиал немесе шетелдік тұлға көмегімен жүгінген жағдайда І, ІІ санаттағы лицензияларды алу қажет болған кезде жобалық қызметке шетелдік тұлға үшін тиісті расталған шетел мемлекетінің тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі болу керек.
Жоғалған жобалық қызметтің лицензиясын (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса) ХҚКО арқылы қалпына келтіруге болады.
«Жобалық қызметке лицензяи беру» мемлекеттік қызметін ресімдеу үшін төлем 10 АЕК құрайды, лицензияның телнұсқасын беру – лицензяи беру кезіндегі ставканың 100%, лицензияны қайта ресімдеу үшін – 4 АЕК артық емес төлем алынады.
Лицензия алушы - заңды тұлғаны қайта құру кезінде лицензияны беру және қайта ресімдеу мерзімі және санатты тағайындаумен лицензияны қайта ресімдеу кезінде 15 жұмыс күнін құрайды. ЖК қайта тіркеу, оның атауы немесе заңды мекенжайы ауысқан кезінде, атауының өзгеруі мен лицензия алушы – заңды тұлғаның заңды мекенжайын анықтау кезінде, лицензия алушы – жеке тұлғаның ТАӘ өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күнін, лицензия телнұсқасын беру – 2 жұмыс күнін құрайды.
 
 
Ауыл шаруашылығы техникасына ауыртпалықтары туралы ақпаратты ХҚКО-да алуға болады
 
 
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ауыл шаруашылығы техникасына ауыртпалықтардың бар немесе жоқ болуын растайтын құжаттарды алуға болады.
Бұл үшін клиентте өзімен бірге жеке куәлігі болса болғаны. Қызмет тегін, бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Құжатты электрондық үкімет порталында Жеке кабинеттегі электрондық өтінішке қол қойып алуға болады.
Онлайн-қызметтерді алудың артықшылығы бір анықтама үшін ХҚКО бару қажеттілігінің болмауында, бұл сіздің уақытыңыз бен жолға кеткен ақшалай шығындарыңызды үнемдейді. Клиенттерге қызмет көрсету кезінде жайлы болу үшін барлық ХҚКО бөлімдерінде интернетке қолжетімді компьютерлермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы қарастырылған.
 
 
Меншік иесі туралы мәліметті ХҚКО алуға болады
 
Қазіргі таңда 200 астам мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы алу мүмкіндігінің арқасында, клиенттер уәкілетті органдарда ұзын кезектерде тұру қажет емес. Егер ісіңіз жылжымайтын мүлік сатып алуға қатысты болса, онда сатып алушылар мен сатушыларда меншік иесі туралы мәліметті алатын өте жақсы мүмкіндіктері бар.
Бірнеше минут ішінде ХҚКО сізге техникалық паспортқа жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметі бар қосымша береді. Осындай анықтамалық деректерді алу үшін өзіңізде жеке куәлік болса жеткілікті.
Осындай анықтаманы тек мүлік иесі ғана ала алады, ал уақытша, банкрот болған және сауықтыру басқарушылары алу өтінішіне соттың шешімін бекітулері керек.
Сонымен қатар, электрондық үкімет порталы мүмкіндігінің арқасында меншік иесі туралы мәліметті үйде отырып алуға болады, тек интернет және электрондық цифралық қолтаңба болса болғаны.
 
 
ЭҮП және ХҚКО арқылы міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді қалай өткізуге болады?
 
 
ХҚКО-наң қызметті алу үшін клиент келесі құжаттар тізімін ұсынады
- жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш
- жеке куәлік
- төлем туралы куәландыратын құжат
- кепіл туралы шарт немесе кепіл жағдайы жазылған басқа шарт, немесе тапсыру актісі немесе оның қосымша көшірмесі (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме) қосылған құқықтарды (талаптарды) шегіндіру туралы шарт
Қызмет алушыға жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш толтырып, инспекторға жеке куәлік пен төлемді растайтын түбіртекті ұсыну керек.
Егер Электрондық үкімет порталында Жеке кабинетіңіз болса, онда қызметті ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйесі арқылы алуыңызға болады.
1) кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты үлгісінде өтініш (сауал);
2) жеке куәлік;
3) кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған қызмет берушінің ақпараттық жүйесінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтінішті жіберу үшін қызмет алушының жазбаша келісімі;
4) төлем түбіртегі;
5) кепілдік туралы шарт немесе кепіл алушының (кепіл беруші) және кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты үлгісінде басқа кепілдік талаптары қойылған шарт.
Порталда қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні, ХҚКО – 2 жұмыс күні.
Құжаттарды ресімдеу ақылы негізде жүзеге асырылады, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін жеке тұлғалар 1 АЕК, заңды тұлғалар – 5 АЕК төлеулері қажет.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасы үшін – 0,5 АЕК.