Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Мәслихат » Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес

 

2017 жылдың I жартыжылдығына Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы
АҚПАРАТ

 

2017 жылдың  16 қаңтарында  Текелі қаласы әкімінің жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды; Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және де 2 НҚА қаралды.

2017 жылдың 28 ақпанында «2016-2020 жылдарға арналған Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК есебі тыңдалды; 4 НҚА қаралды.

2017 жылдың 31 наурызында «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ басшысы Е. Ахметовтың 2016 жылғы Текелі қаласы бюджетінің атқарылуы туралы; «Текелі энергокомплексі» ЖШС бастығы В. Тарлавиннің жылу мен ыстық су тарифтері және жылу желілерін пайдалану сұрағы бойынша; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы                      Ғ. Қызылбаевтың; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК бастығы Б. Салиевтың есептері тыңдалды.

2017 жылдың 31 мамырында «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» және «Балапан» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы және ҰБТ дайындық мәселесі  бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ есебі тыңдалды. 2 НҚА қаралды.

Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша барлық басшылардың есептері қанағаттанардық деп танылды. Аталған кемшіліктерді көрсете отырып, хаттамалар толтырылды.

 2017 жылдың 06 маусымында 2017-2019 жылдарға арналған Текелі қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша отырыс өтті.

2017 жылдың I жартыжылдығында барлығы 3 жария талқылау өткізілді. Қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 9 нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Барлық ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің жобасына Қоғамдық кеңеспен оң ұсынымдар берілді.

2017 жылдың II жартыжылдығында Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің алдында мемлекетітк бағдарламалардың орындалу мәселесі бойынша төмендегі мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тыңдалатын болады: «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ; «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ;  «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ; «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ; «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ.

2017 жылдың I жартыжылдығына Текелі қаласы Қоғамдық кеңесінің және Рудничный ауылдық округі әкімінің есептерін тыңдау күтілуде.

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау мәселесі бойынша қоғамдық пікір ескерілетін жұмыстар жалғасатын болады.

 Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы толық мәліметтерді Текелі қаласы әкімінің tekeli.gov.kz ресми сайтынан, мәслихат бөлімінен алуға болады. 

 
 
 
Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы
жылдық есеп

Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі 2016 жылы барлығы 13 отырыс өткізді.

Көрсетілген кезеңде Текелі қаласының әкімінің; Рудничный ауылдық округі әкімінің; 2015 жылғы Текелі қаласы бюджетінің атқарылуы туралы «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының; бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторларға қол жеткізу мәселесі бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің; «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» және «Балапан» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы мәселесі бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ-нің; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК-нің; ыстық су мен жылыту тарификациялары мәселесі бойынша «Текелі энергокомплексі» ЖШС-нің есептері тыңдалды.

Қоғамдық тыңдауда азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 13 жобалары талқыланды, соның ішінде  Текелі қалалық мәслихатының шешім жобалары 7, Текелі қаласы әкімдігі қаулысының жобалары 6.

Талқылау қорытындысы бойынша Текелі қалалық Қоғамдық кеңесімен мемлекетік мекемелерге ұсынымдар берілді.

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы толық мәліметтерді Текелі қаласы әкімінің tekeli.gov.kz ресми сайтынан, мәслихат бөлімінен алуға болады.

 
2016 жылдың I жартыжылдығына Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы
АҚПАРАТ
 

2016 жылдың  24 ақпанында  Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді. Күн тәртібінде үш сұрақ қаралды. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің төралқа құрамын, төрағасын, хатшысын сайлау;  Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің тұрақты комиссияларын сайлау; «Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ережесі» шешім жобасын талқылау және қалалық мәслихатқа бекітуге енгізу.

2016 жылдың 11 наурызында Текелі қаласының әкімі Т.Қайнарбековтың 2015 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы есебі тыңдалды.

2016 жылдың 30 наурызында Текелі қалалық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы Құнанбаев Медет Мұратжанұлы ақпарат берді.

2016 жылдың 25 сәуірінде 2015 жылғы Текелі қаласы бюджетінің атқарылуы туралы «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Е. Ахметовтың, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК бастығы Б. Салиевтің, ыстық су мен жылыту тарификациялары мәселесі бойынша «Казцинк-ТЭК» ЖШС бастығы В.Тарлавиннің есептері тыңдалды.

2016 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша отырыс өткізілді.

2016 жылдың I жартыжылдығында барлығы 3 жария талқылау өткізілді. Қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланды.

2016 жылдың II жартыжылдығында Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің алдында төмендегі мемлекеттік органдар басшыларының есебі тыңдалады.

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» және «Балапан» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ есебі

2016 жылдың I жартыжылдығына Текелі қаласы Қоғамдық кеңесінің есебі

2016 жылдың I жартыжылдығына Текелі қаласы әкімі Т. Қайнарбековтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Рудничный ауылдық округінің әкімі С. Вишняковтың 2016 жылдың I жартыжылдығына өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі

Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторларға қол жеткізу мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ есебі

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ есебі

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ есебі

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау мәселесі бойынша қоғамдық пікір ескерілетін жұмыстар жалғасатын болады.

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы толық мәліметтерді Текелі қаласы әкімінің tekeli.gov.kz ресми сайтынан, мәслихат бөлімінен алуға болады.


 

2016 жылғы 24 ақпанда Текелі қалалық мәслихатының кезектен тыс ХLVIІІ сессиясында Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.

 

Текелі қалалық қоғамдық кеңесінің ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылдың  24 ақпанында  Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді. Отырыс барысында қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС-нің директоры  Бақт Сарбасұлы Шалбаев, кеңестің хатшысы болып «Жас Өркен» Жастар  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақмарал Мухтарбекқызы Ахметжанова сайланды. Сонымен бірге Қоғамдық кеңес мүшелерімен қалалық Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланып оның құрамына келесі азаматтар енді:
 

Қалалық Қоғамдық кеңес төралқасының құрамы

Таблица көру


                        

БЕКІТЕМІН
Текелі қалалық
Қоғамдық кеңесінің төрағасы
________________ Б. Шалбаев
«___»_____________ 2016 жыл
 
 
Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің
2017 жылға арналған жұмыс жоспары
 
Іс-шаралар атауы
Аяқталу түрі
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушы
1
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Қарар
Келіп түсуіне байланысты
Қоғамдық кеңес, мәслихат аппараты және Текелі қаласы әкімінің аппараты
2
Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Қорытынды хаттама
Тоқсанда бір рет
Бюджет және экономика бойынша комиссия, «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
3
Текелі қаласы әкімінің жұмыс нәтижелері туралы есебі
Қарар
Қаңтар
Текелі қаласы әкімінің аппараты, мәслихат
4
«2016-2020 жылдарға арналған Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК есебі
Қарар
Ақпан
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК
5
«Текелі тазалық» ЖШС жұмыс нәтижелері туралы есебі
Қарар
Ақпан
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі тазалық» ЖШС
6
«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту» және «Балапан» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ есебі
Қарар
Наурыз
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ
7
2016 жылғы Текелі қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебін талқылау
Қорытынды хаттама
Сәуір
Бюджет және экономика бойынша комиссия, «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ
8
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК есебі
Қарар
Мамыр
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК
9
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ есебі
Қарар
Маусым
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ
10
2017 жылдың I жартыжылдығына Текелі қаласы Қоғамдық кеңесінің есебі
Қарар
Шілде
Мәслихат, Қоғамдық кеңес төрағасы
11
Рудничный ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың I жартыжылдығына атқарған жұмыс нәтижелері туралы есебі
Қарар
Тамыз
Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты, мәслихат
12
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың арналған бағдарламасы 2017-2021 жылдарға» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ есебі
Қарар
Қыркүйек
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
13
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және нысаналы индикаторларға қол жеткізу мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ есебі
Қарар
Қазан
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
14
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ есебі
Қарар
Қараша
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қаласының құрылыс бөлімі» ММ
15
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ есебі
Қарар
Қараша
 
Әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия, «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ
16
Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетінің жобасын жария талқылау
Қорытынды хаттама
Желтоқсан
Бюджет және экономика бойынша комиссия, «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
17
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарымен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау
Қорытынды хаттама
Жобалардың келіп түсуіне байланысты
Қоғамдық кеңес, мәслихат аппараты және жобаны әзірлеуші органдар
18
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау мақсатында қоғамдық тыңдау жүргізу
Қорытынды хаттама
Тұрақты
Қоғамдық кеңес, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
19
Текелі қаласының 2016-2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламасынын талқылау мақсатында қоғамдық тыңдау жүргізу
Қорытынды хаттама
Тұрақты
Қоғамдық кеңес, «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
20
Қоғамдық бақылау жүргізу:
  1. Қоғамдық мониторинг;
  2. Қоғамдық сараптама;
Қорытынды
Тапсырма бойынша
Қоғамдық кеңес
 
 
 
Текелі қаласының
Қоғамдық кеңесінің хатшысы А. Ахметжанова
 

                                                                                 Текелі қалалық мәслихатының
2016 жылғы 24  ақпандағы
                                                                                 № 48-306 шешіміне 2 қосымша
 

 

Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер
  1. Осы Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде әзірленді.
  2. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі – жергілікті өкілді орган басшысы (Текелі қалалық мәслихатының хатшысымен) құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
  3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
  4. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Текелі қалалық қоғамдық кеңесін қалыптастыру
  1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
  2. Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде құрылады, автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
  3. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
  4. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі
  1. Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
  1. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын жергілікті өкілді органның басшысы (Текелі қалалық мәслихатының хатшысы) өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
  2. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
  3. Жұмыс тобының сандық құрамын Текелі қалалық мәслихатының хатшысы айқындайды.
  4. Қалалық мәслихат жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
  5. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде қалалық мәслихатқа жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
  1. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
  2. Қалалық мәслихат конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
  3. Текелі қалалық мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
  4. Отырыста осы Ереженің 13 және 14-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
  5. Жұмыс тобының құрамы Текелі қалалық мәслихат хатшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
  6. Жұмыс тобының құрамы қалалық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.
4. Жұмыс тобының өкілеттіктері
  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
  1. тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
  2. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
  3. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
  4. Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже жобасын әзірлейді.
5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
  1. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
  2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
  3. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
  4. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
  5. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
  6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес келесі мәліметтерді жариялайды:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы.
  1. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
  2. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
  3. Құрылған Қоғамдық кеңес қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
  4. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
  5. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.
6. Өтпелі және қорытынды ережелер
  1. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.
35. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.