Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қаланың инфрақұрылымы » Туризм

Туризм

«Киелі тас» туралы аңыз

Бұрхан-бұлақ сарқырамасына 1 км жетпей «Киелі» тас орналасқан. Ежелгі заманда Көксу өзенінен өтетін көпір болмаған кезде, малшылар малды жайлауға Қапал шатқалынан айдаған. Бұрхан-бұлақ сарқырамасының маңында ең жақсы шөптер өсті, осы себептен малшылар қазақ үйлерін осы жерге тіккен. Шуақты жаздың бір күні қазақ үйдің алдында төселген көрпенің үстінде кішкентай қыз ойнап отырды, ал оның ата-анасы сол уақытта үйден жақын жерде мал жайды. Кенет аяқ астынан күшті зіл-зала басталды. Жер қатты сілкінді, таудан үлкен тастар домалады. Қыздың ата-анасы қазақ үйге қарай көз салған сәтте, олардың үйлеріне қарай домалап келе жатқан тасты көріп орындарында қатып қалды. Кішкентай қызды құтқару мүмкін емес еді.

Қора шатқалына кіре берістегі тас туралы

Жетісу Экономикалық Институтының тарихшысы М.А. Антонов «Текелі маңындағы буддалық сурет» деген мақаласында ежелгі тастың бетінде алғашқы өңдеудің іздері көрінгенін айтады. Тастың ортаңғы жағында суға толған шұңқыр пайда болған. Этнографиялық мәліметтер бойынша жиналған су тастың ортасында жыл бойы сақталады екен, жергілікті тұрғындар арасында тастың ортасындағы су киелі болып ардақталған. Тастың төменгі бөлігінде сурет орналасқан. Тастың үстіңгі бөлігіндегі лотостың бейнесі Мадура (ХVІІ) ғасыр және Таджавур (ХV) ғасыр үлкен пагода сияқты Үнді пагодасының схемалы суреті болып табылады. Тастың астыңғы бөлігінде мифологиялық жануар бейнеленген.Бұл бейнелердің басқа ескерткіштермен ұқсастығы табылмаған. Мәселен Шива храмындағы бейне мүсіндермен ұқсастығын байқауға болады. Өзімізден айта кетсек бұл жануардың басы айдаһар ал денесі арыстанға ұқсас екен. Бұл тастың үстіңгі бөлігінде жазулар бар. Зерттеушілердің айтуы бойынша тастағы жазулар «Ом-ма-ни-пад-мэ-хум» Қалмақ әліпбиімен ұқсас. «Саған жалбарынамын, аса қамқор пірәдар» деген мағынада. Текелідегі тас қора шатқалындағы қақпадан бірнеше метр қашықтықта орналасқан.

Текелідегі тас ғылымға белгісіз деп айтса болады дейді: А. Марғұлан атындағы археологиялық институттың басты ғылыми қызметкері Зайнолла Самашев. Біз тек қана онда будда суреті бар екенін білеміз. Ол жерде тылсымды тазару рәсімдері өткен. Ежелгі адамдардың сенімі бойынша онымен байланысқа түскен адам, рухани байлыққа иеленеді және азаптан босайды. Бірақ осы заттардың орындалуы үшін олар осы жолда көп еңбек ету керек еді. Ламалардың айтуы бойынша тастың энергетикалық күші шексіз.

         Қора шатқалының кіре беріс жері ежелгі адамдармен кездейсоқ таңдалған жоқ, мұнда барлық: су, жер, жел және от (күн) өте тығыз үйлесім тапқан.

         Археолог мамандардың болжауы бойынша Қора жоталары әлі көп жұмбақты сақтауда. 

         Ең алғашқы болып (1903 жылы) Қора сағасымен өтіп, «Белуха» тауын ашқан сібірдегі бірінші Томсктік университеттің профессоры, географ, ботаник, этнограф Василий Сапожников болды. Атпен Қараталдың оң тарауынан Қапалдан экскурсияға жол тартты. «....Қора өзенінің терең жазығы ақ бұраң таспасымен екі жақтың жоталарымен қоршалған өзеннің төмен жағы өтуге өте тығыз» Қырғыздың Қора деген атауы осы жерден туған болар бұл «Есік» деген мағынаны білдіреді.

         Оң жағалаудың (солтүстігінен) жүріп кешкі сағат 5 шамасында біз алып шырша топтарының арасында жатқан үлкен тастарға жақындадық. Бұл «Әулие тас» Қырғыздың киелі тастары, ол тастардың киелі екендігін дәлелдейтін жайт көршілес талшыбықтарда түрлі-түсті жіп маталар ілінген. Сәл осы жерден ары қарай әдемі сарқырама үзіліп ағуда.

 

Асылбай мұздықтары туралы аңыз

         ХХ ғасырдың басында Жетісу өңірінде Асылбай есімді хан болыпты, ханның байлығы санауға келмейтіндей көп болыпты. Бірақ 1917 жылы революция басталысымен аймақта советтік қағида орналаса бастады. Хан өзінің байлығын тартып алып халыққа таратып береді деп қорықты. Бірақ Асылбай байлығымен ешкіммен бөліскісі келмеді.Ол Қытайға қарай өтіп үрейлі кезеңдерді сол жерде күтуді ұйғарды. Түндердің түні хан өзінің сенімді адамдарымен аттар тізбесін алтынға, күміске және т.б. асыл заттарға толтырып қуғыннан қауіптеніп шатқалдың жоғарға жағына қарай жөнелді өзінің мақсатына тез арада жету үшін керуен ең жабайы адам аяғы баспаған жерлермен жүрді. Асылбайдың әр басқан қадамы қиыншылықтар мен бөгеттерге толы болды: асқар шыңдар, таудың тасқындары, жартастар. Оның алдын мұздық тосқауылдағанша хан тек қана алға ұмтылды. Мұздықты өте алмағандықтан хан қалған керуенмен артқа қарай қайтуды ұйғарды бірақ ол жолда қайтыс болды. Ханмен болғандардың бірі де тірідей үйіне қайтпады.

 

Бұрхан-бұлақ сарқырамасы туралы аңыз

         Бұрхан-бұлақ орталық Азияның ең биік сарқырамасы, биіктігі 120 метр. Сарқыраманың бірнеше

         Сарқырама атауының шығуы осы жердің киелілігі туралы айтады. «Бұрхан» бұл бір кездері шатқалда Будда бейнесі болды, ал «бұлақ» бұл бастау не қайнар. Ғасырлар бойы монахпен жасалған Будда мүсіні осы жерделердің бірінде сыр шертіп жатқан болар.

         Сарқырама жайлы аңыз бар: Бұрхан анасының жалғыз ұлы болады, анасы оны өте қаты жақсы көреді және Бұрхан үйге сыпайы жақсы қыз алып келеді деп армандады. Бірақ Бұрхан өте намысшыл асқақ Қораны сүйіп қалады. Баласының таңдауына наразы болған ана ұлын сол махаббаттан алшақтатуды ойлады да өте үлкен сарай салып ұлын сол жерге қамап қойды. Бірақ Бұрханның махаббаты өте күшті болғандықтан ол қамаудан босап шығып өзінің суларын әдемі Қорамен түйістірді. Сол уақыттан бері олар бірге ағады. Ал Бұрханның анасы өзінің ұлын көп жылдар бойы жоқтаумен болды. «Бұрхан-бұлақ» сарқырамасының маңында «Ананың көз жасы» деген бұлақ бар.

Чажа атауының шығуы туралы

         Жетісудың ең басты үш сағасының бірін құрайтын өзенді әшейін Чижа деп атайды, расында оның атауын Чажа деп айту керек.

         Шешуші шайқас кезінде  Жоңғар сарбаздары жеңіліс тапты. Жау әскерлері шатқалда тығылуы мүмкін деп Қазақ әскері Жоңғар алатауын іздеуге адамдар жіберіп өзен бойында  жау әскерінің 4 мыңнан астам жауынгерін көрді бұл әскерді бастаған Ойраттық Нойон Чажа еді.Ал Қазақтың әскерінде бұл сан 10 есе аз болғандықтан ашық ұрысқа бармады.       Сол сәтте Қазақ әскербасы түн батысымен маңайдағы өрлерге от жақтырып қулыққа барды ал осыны көрген Чажа қоршауда қалдым деп ойлап, аяушылықты сұрап өзінің шартын айтты: оның қасындағы жауынгерлерін қалдырып қалған жаяу әскерін асулар арқылы шығысқа жіберуді сұрады. Қазақ әскері бұл шартты қабылдады да орындады.Оның үстіне Чажа әскерлерімен бөлінген жерде бірталай уақыт мекендеді.  

Керімбек және Солдатсай атауларының шығуы туралы

         Керімбек тоғайын Текелі өзенінің ортаңғы ағысында туған-туысқандарымен мекен еткен байдың атымен атап кеткен.

         Бұл жерлер өте құнарлы, жайылымдарға бай болғандықтан Патша шенеуніктері Керімбектің жеріне көз салады. Ол кезең Ресейден адамдардың топ-тобымен жер аударып келген кезі еді.  Олар Қазақтардың жерін өздері иемденіп Қазақтарды шөл суы жоқ жерлерге ығыстыра бастады.

         Керімбек жиналыс құруды жөн санап адамдарын жинап ары қарай не болатынын анықтап алғысы келіп олар бір жерге жиналған сәтте, Патша өкіметі мұны көтеріліс деп есептеп олардың барлығын атып тастайды.

         Сол уақыттан бері айыпсыз адамдар қаны төгілген жерді «Солдатсай» деп атайды.

Текелі стелласы туралы

         Нұраш Жүнісұлы Жақанов өзінің білімі бойынша сәулетші, қазіргі уақытта қалалық жылжымайтын мүлік орталығын басқарып отыр. Өзі суретші және өлкетанушы ежелден бері осы жерде адамдар тұрып, шаруашылықпен айналысқан деп есептейді. Осының дәлелі Қора шатқалындағы ескерткіш. Бұл ескерткіш XVIII ғасырда Қазақ әскерімен Жоңғар әскері шайқасқа түскенде табылды деп есептейді. Осы жайт үш жарым ғасыр бұрын болған. Жәңгір ханның әскерімен оған көмекке келген Құйделең-тайшының әскерін қосқанда 90 мың әскерді құрады олар Жоңғарларға жақсы тойтарыс бере білді. Жоңғар әскерін басқарған Чажа есімді батыр еді оның әскері Қазақтың әскерінен едәуір көп болды. Бірақ Жәңгір хан оны алдап кетті. Жоңғар әскер талқандалып Чажа тұтқындалды.  Осы жерлерге ешқашан жаулы ниеттен болмайды және оның әскері бұл жерден мәңгі кетеді деген шартпен оған осы жерде тұруға рұқсат етіледі. Бәлкім ол өз тәңіріне алғыс ретінде осы ескерткішті салып кетті.

Жетісу Экономикалық Институтының тарихшысы М.А. Антонов «Текелі маңындағы буддалық сурет» деген мақаласында ежелгі тастың бетінде алғашқы өңдеудің іздері көрінгенін айтады. Тастың ортаңғы жағында суға толған шұңқыр пайда болған. Этнографиялық мәліметтер бойынша жиналған су тастың ортасында жыл бойы сақталады екен, жергілікті тұрғындар арасында тастың ортасындағы су киелі болып ардақталған. Тастың төменгі бөлігінде сурет орналасқан. Тастың үстіңгі бөлігіндегі лотостың бейнесі Мадура (ХVІІ) ғасыр және Таджавур (ХV) ғасыр үлкен пагода сияқты Үнді пагодасының схемалы суреті болып табылады. Тастың астыңғы бөлігінде мифологиялық жануар бейнеленген.Бұл бейнелердің басқа ескерткіштермен ұқсастығы табылмаған. Мәселен Шива храмындағы бейне мүсіндермен ұқсастығын байқауға болады. Өзімізден айта кетсек бұл жануардың басы айдаһар ал денесі арыстанға ұқсас екен. Бұл тастың үстіңгі бөлігінде жазулар бар. Зерттеушілердің айтуы бойынша тастағы жазулар «Ом-ма-ни-пад-мэ-хум» Қалмақ әліпбиімен ұқсас. «Саған жалбарынамын, аса қамқор пірәдар» деген мағынада. Текелідегі тас қора шатқалындағы қақпадан бірнеше метр қашықтықта орналасқан.

Текелідегі тас ғылымға белгісіз деп айтса болады дейді: А. Марғұлан атындағы археологиялық институттың басты ғылыми қызметкері Зайнолла Самашев. Біз тек қана онда будда суреті бар екенін білеміз. Ол жерде тылсымды тазару рәсімдері өткен. Ежелгі адамдардың сенімі бойынша онымен байланысқа түскен адам, рухани байлыққа иеленеді және азаптан босайды. Бірақ осы заттардың орындалуы үшін олар осы жолда көп еңбек ету керек еді. Ламалардың айтуы бойынша тастың энергетикалық күші шексіз.

         Қора шатқалының кіре беріс жері ежелгі адамдармен кездейсоқ таңдалған жоқ, мұнда барлық: су, жер, жел және от (күн) өте тығыз үйлесім тапқан.

 

Қора шатқалы туралы

         Қора шатқалы Жоңғар Алатауындағы ең әдемі де әсем жерлердің бірі болып табылады. Шатқалдың ұзындығы – 90 км шамасында. Қора өзені Бессонов, Тронов және Сапожников мұздықтарынан бастау алады. Өзен терең шатқал және оның маңындағы жолдың шетімен ағады. Бұрын осы жерден машинамен өтуге болатын бірақ биылғы жылы тасқын болғандықтан жол мен көпірлерді сумен шайып кетті. 

         Шатқалға 50 км жетпей кіре берісінде әйгілі «Бұрхан-бұлақ» сарқырамасы бар, ал сарқырамаға 1 км жетпей «Киелі тас» орналасқан.

         Ең алғашқы болып (1903 жылы) Қора сағасымен өтіп, «Белуха» тауын ашқан сібірдегі бірінші Томсктік университеттің профессоры, географ, ботаник, этнограф Василий Сапожников болды. Атпен Қараталдың оң тарауынан Қапалдан экскурсияға жол тартты. «....Қора өзенінің терең жазығы ақ бұраң таспасымен екі жақтың жоталарымен қоршалған өзеннің төмен жағы өтуге өте тығыз» Қырғыздың Қора деген атауы осы жерден туған болар бұл «Есік» деген мағынаны білдіреді.

         Оң жағалаудың (солтүстігінен) жүріп кешкі сағат 5 шамасында біз алып шырша топтарының арасында жатқан үлкен тастарға жақындадық. Бұл «Әулие тас» Қырғыздың киелі тастары, ол тастардың киелі екендігін дәлелдейтін жайт көршілес талшыбықтарда түрлі-түсті жіп маталар ілінген. Сәл осы жерден ары қарай әдемі сарқырама үзіліп ағуда.

         П.П. Семенов-Тянь-Шанский бұрын Қапалдағы Мың-Шүкір жотасына шыққан ал 1856 жылы Қора шатқалын үстінен көріп: бұл шатқал маған Швейцарияның ең әдемі де әсем шатқалдарын есіме салды алды деді.

,

         Қора, Чажа, Текелі өзендері қосылып Қаратал өзенін құрайды Қаратал өзені Талдықорған қаласынан өтіп Балхаш көліне құйады және ол Іле өзенінен кейін су көлемі бойынша Балхашқа құйатын екінші өзен болып саналады. Қаратал біздің аймағымыздың басты 7 өзеніне кіреді.