Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Верхняя навигация » Сайлау 2018 » Іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2018 жылғы 23 қаңтардағы Алматы
облыстық сайлау комиссиясының
№ 23 қаулысына қосымша
 
 
2018 жылғы 25 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттарының шығып қалған депуттарының орнына сайлауын
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 
 
1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну.
 
Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен.
2018 жылғы 24 қаңтарда басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда - 2018 жылғы 23 ақпанда аяқталады.
(103-б.)

 

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Тиісті әкімдер.
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей -
2018 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей.
(23-б.)
 
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей
  • 2018 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей.
(17-б.)
 
4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –
2018 жылғы 3 ақпаннан кешіктірмей.
(22-б.)
 
5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –
2018 жылғы 3 ақпаннан кешіктірмей.
 
(15-б.)
 
6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-
2018 жылғы 3 ақпаннан кешіктірмей.
(13-б.)
 
7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.
 
Тиісті жергілікті атқарушы органдар,халықты есепке
алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің
негізінде.
(24-б. )

 

8. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына жеткізу.
 
Тиісті әкімдер.
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын-
2018 жылғы 5 наурыздан кешіктірмей.
(24-б. 5-т.)
 
9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.

 

Қоғамдық білестіктердің, олардың құрылымдық
бөлімшелерінің жоғарғы органдары
(103-б. 3-т 1 т-ша)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Қоғамдық бірлестіктердің олардың құрылымдық
бөлімшелерінің жоғарғы органдары, депутаттыққа
кандидаттар.
(103-б. 3-т. 2 т-ша)
 
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге
берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы
органының кандитатты ұсынуы туралы хаттамасының
көшірмесімен қоса, оның дауысқа түсуге келісімі туралы
өтініші түскен сәттен бастап үш күн ішінде.
(103-б. 8-т.)
 
12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2018 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
 
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(104-б.1-1т.)
 
13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
2018 жылғы 24 қаңтарда басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2018 жылғы 28 ақпанда аяқталады.
(104-б. 8-т.)
 
14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Бескүндік мерзімде.
(104-б. 5-т.)
 
15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Округтік сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күнен
кешіктірмей.
(104-б. 6-т.)
 
16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексерту.
 
Салық қызметі органдары
Кандидат тіркелен күннен бастап он бес күн ішінде.
(104-б. 1-1т.)
 
17. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсына тиісті куәлік беру.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген
сәттен бастап
(31-б.)
 
18. Сайлау алдындағы үгіт.
 
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен
басталып (2018 жылғы 1 наурызда басталады), сайлау
болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уакыт бойынша
нөл сағатта аяқталады (2018 жылғы 23 наурызда сағат
24.00 аякталады)
(27-б. 2-т.)

 

19. Үгіттік баспа материялдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарықтандыру.
 
Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау
комиссиялары.
Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы
үгіт басталғанға дейін.
(28-б. 6-т.)
 
 
 
 
 
20. Кандиттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.
Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаулаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі
басқару органдары.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.
(28-б. 4-т.)
 
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін ұсыну.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда -
2018 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей.
(26-б. 1-т.)
 
22. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру өткізілетін күнге он күннен кешіктірмей
  • 2018 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей.
(38-б. 2-т.)
 
23. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаутаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
(38-б. 1-т.)
 
24. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері анықталатын округтік сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау.
Округтік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей –
2018 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей.
(43-б. 8-1-т.)

 

 

25. Сайлау бюлетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары.
Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын – 2018 жылғы
23 наурыздан кешіктірмей.
(37-б. 3-т.)
 
26. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.
(2018 жылғы 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 6-00 - де)
(40-б.)
 
27. Дауыс беруді өткізу.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, сайлау күні, 2018 жылғы 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат
7-00-ден 20-00- ге дейін)
(38-б. 1-т., 42-б.)
 
28. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті
уақыт бойынша сағат 20-00- де басталады.
(43-б.)
 
29. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгілеген орынға ілу.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталысымен - дереу.
(43-б. 8-т.)
 

 

 
 
 
30. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасағаннан кейін –
дереу.
(108-б. 1-т.)
 
31. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу, тиісті хаттама жасау оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзіммен
асырмай - 2018 жылғы 27 наурыздан кешіктірмей.
 
(108-б. 2-т.)
 
32. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың кошірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлау учаскесінің үй-жайында ілу.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін –
дереу.
(43-б. 8-1-т.)
 
33. Сайлау учаскелерін дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тізімдемені жалпыжұрттың танысуы үшін отырыс өткен сайлау учаскесінің үй-жайында ілу.
 
Округтік сайлау комиссиялары .
Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей - 2018
жылғы 29 наурыздан кешіктірмей.
(43-б. 8-2-т.)
 
34. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
(16-б.9)
 
 
 
 
 
 
35. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап бескүндік мерзіммен
кешіктірмей - 2018 жылғы 29 наурыздан кешіктірмей.
(111-б. 1-т.)
 
36. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей
  • 2018 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей.
(44-б. 4-т. 2 т-ша)
 
37. Кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен ақшаның жалпысомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
 
Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күн ішінде –
2018 жылғы 3 сәуірден кешіктірмей.
(34-б. 4-т.)
 
38. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

 

Аумақтық сайлау комиссиялары.
(46-б. 3-т., 112-б 1-т.)
 
 
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.