Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Мемлекеттік бағдарламалар » 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»

2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»

2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы  бойынша
ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК - ындағы
жұмыс қорытындысы
 
        ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК - ында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде нақты жұмыстар жүргізілуде.
Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Жарғысын жүзеге асыру мақсатында бекітілген.
Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүруге қабілетін арттыру, әлеуметтік - маңызды ауруларды, жалпы өлім жағдайын, сонымен қатар ана және сәби өлімі жағдайларын азайту арқылы қоғамның денсаулығын сақтау және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруда келісімге келу жолымен қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК - ында туберкулез ауруынан өлім жағдайы мен осы аурумен сырқаттануды азайту, туберкулезден ана және сәби өлімі жағдайларын, әлеуметтік – маңызды ауруларды азайту жөнінде шаралар жоспары құрылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде белсенді жұмыстар атқарылуда және нақты нәтижелерге жетуде:
Тұрғындардың 2014 жылғы өмір сүру ұзақтығы - 70,0.
Жалпы өлім жағдайын азайту:
2014 жылғы 12 айда жалпы өлім жағдайы 1000 тұрғынға шаққанда 2013 жылғы ұқсас кезеңге сәйкес деңгейде - 13,9.
2013 жылғы 12 айда – 424 - 13,9
2014 жылғы 12 айда – 418 - 13,9.
Ана өлімі жағдайын азайту:
Ана өлімі жағдайы 2013-2014 жж. тіркелмеген.
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау болып табылады.
2013 жылы сүт безі обырының 8 жағдайы анықталды, оның I, II сатыдағысы - 7-87,5%. 2014 жылы сүт безі обырының 10 жағдайы анықталды, оның I, II сатыдағысы - 9 - 90,0%.
Жатыр мойны обырын ерте сатыда анықтау артты:
2013 жылы 3 жатыр мойны обыры анықталды, оның I, II сатыдағысы – 1 - 33,3%. 2014 жылы 2 жатыр мойны обыры анықталды, оның I, II сатыдағысы – 1 - 50,0%.
Әлеуметтік – маңызды ауруларды азайту:
Туберкулезбен сырқаттану 1000 тұрғынға шаққанда 62,2 –ден 58,8 – ге дейін азайды.
2013 жылғы 12 айда -18-62,2.
2014 жылғы 12 айда -17-58,28.
Қайта анықталған науқастар ыдырау (деструкция) фазасында 22,2 - ден 5,8 – ге азайды.
Туберкулезден өлім жағдайы 100 мың тұрғынға шаққанда 2013 жылы – 1 және 2014 жылдары – 1 жағдай тіркелген – 3,5.
Қатерлі ісік ауруларымен сырқаттану 247,4 – тен 220,3 – ке азайды.
IV сатыда ауруды анықтау 8,2 - ден 2,9 - ға азайды.
Қатерлі ісіктен өлім жағдайы 128,2 – ден 121,7 – ге азайды.
2013 жылғы – 39 – 128,2,
2014 жылғы – 34 – 121,7.
Салауатты өмір салтын дамыту жөнінде:
Маскүнемдіктің, шылым шегудің таралуы және психотропты заттар мен есірткіге тәуелділік.
Тұрғындардың арасында маскүнемдіктің таралуы 0,1% - ға азайды (2013 жылы – 158 – 0,6%, 2014 жылы – 148 – 0,5%), шылым шегудің таралуы өткен жылғы деңгейде қалып отыр (2013 жылы – 4500 – 15,4, 2014 жылы – 450, - 15,1), психотропты заттар мен есірткіге тәуелділіктің таралуы 0,01% - ға артты (2013 жылы – 38 – 0,15%, 2014 жылы – 41 – 0,16%).
Жыл сайын қаржыландырудың артуы байқалады.
2013 жылы барлығы 542 574,0 мың т. бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 268 185,0 мың т., жергілікті бюджеттен – 274 389,1 мың т.
2014 жылы барлығы 627 663,3 мың т., оның ішінде республикалық бюджеттен – 499 610,3 мың т., жергілікті бюджеттен – 128 053,0 мың т.
Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін жақсарту жөнінде:
  1. Тегін медициналық көлемнің кепілдік көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьюторы («СК Фармация» ЖШС) арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:
2013 жылы – 21537,6 мың т.- 40,2%,
2014 жылы – 24574,7 мың т.- 48,6%.
  1. Бастапқы медициналық жедел жәрдем жұмысы уақыттарында жедел жәрдем шақыру саны 1000 тұрғынға шаққанда артты:
2013 жылы – 3844 - 125,6,
2014 жылы – 4114 – 210,0.
  1. Дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 2013 жылғы - 19,4 - тен 2014 жылы - 17,1 – ге азайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының №145 бұйрығына сәйкес қан айналымы жүйесі, қатерлі ісік, қант диабеті, глаукома ауруларын ерте айқындау мақсатында тұрғындардың жеке санаттарының профилактикалық медициналық тексерулері өткізілді.
ҚАЖ ауруларын және қант диабетін ерте айқындау үшін тексерілуге тиістісі – 4029, тексерілгені – 4029 – 100,0%.
Қант диабеті бойынша анықталған науқастар – 11 – 0,19%.
Колоректальды обырды ертеайқындау үшінтексерілуге тиістісі – 2303, тексерілгені – 2309 – 100,2%. Анықталған науқастар 3 – 0,13%.
Глаукоманы ертеайқындау үшінтексерілуге тиістісі – 3287, тексерілгені– 100%. Анықталған науқастар - 10 – 0,3%.
Обыралды ауруларын және сүт безі обырын ертеайқындау үшінтексерілуге тиістісі – 830, тексерілгені – 823 – 99,2%. Анықталған науқастар – 75 – 9,1%.
Обыралды ауруларын және жатыр мойны обырын ертеайқындау үшінтексерілуге тиістісі – 976, тексерілгені – 976 – 100%. Анықталған науқастар – 13 – 1,27%.
Жүктілердің мониторинг көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу деңгейімен тәуекел тобы анықтала отырып, бақылау жүргізіледі.
2014 жылғы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 мамырдағы №325 «Қазақстан Республикасында перинатальды көмекті аймақтандыруды жетілдіру жөнінде нұсқауды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыстық перинатальдық орталықта - 56 жүкті, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институтында бір жүкті босандырып алынды.
Бала жасындағы ауруларды кіріктіре емдеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Педиатр-дәрігер мен кезекші-дәрігерлер арасында бала жасындағы ауруларды кіріктіре емдеу жөнінде конференция жүргізілді. Бала жасындағы ауруларға диагноз қою және емдеу алгоритмдері жасалынды.
2014 жылы емізудегі 6 айға дейінгі балалар саны өсті:
2013 жылы -388-82,0%;
2014 жылы -429-90,7%.
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (одан әрі - БҰДЖ), емделушілерге дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын қалыптастырады, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелес ортаны, нәтижелі жетістіктерге жетуге бағытталған медициналық ұйымдардың жұмысын және нақты шығындар бойынша медициналық қызмет ақысын төлеуді қарастырады.
2014 жылы республикалық деңгейде (ҒЗИ, ҒО) – 41 науқас, аймақаралық деңгейде – 59 науқас, жергілікті деңгейде – 2140 науқас жоспарлы стационарлық емдеу алды.
Стационаралмастырушы технологияларды қолдануға баса назар аударылады.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын дайындау сапасын жақсартуда нақты жұмыстар жүргізілді.
Жас мамандарды жұмысқа тарту жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.
2014 жылы ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК – ына 7 жас маман келді. Олар Текелі қаласы әкімдігінің қолдауымен тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
2014 жылы ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК – ында 81994,0 мың.тг қаржыға медициналық жабдықтармен санитариялық автокөлік алынған:
- 41499,0 мың.тг қаржыға - жуу машинасымен бірлескен жинақталымда колоноскопия, гастроскопия бейне - жүйесі;
- 10490,0 мың.тг қаржыға - ЭКГ тіркеуімен физикалық жүктелім сынамасын өткізуге арналған компьютерлік кардиологиялық жұмыс станциясы.
- 11900,0, мың.тг қаржыға - офтальмологиялық кабинетке арналған диагностикалық жабдық жиынтығы;
- 8249,0 мың.тг қаржыға - ХУНДАЙ, 2665,0 мың.тг қаржыға - УАЗ, санитариялық автокөлік – 2.
- 7191,0 мың.тг қаржыға әйелдер кеңесі бөліміне (женская консультация) арналған медициналық диагностикалық жиынтығы.
 
Құрылыс және күрделі жөндеу:
Текелі моноқаласының 2014 – 2017 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК емханасының, терапиялық бөлімінің, әкімшілік ғимаратының және Рудничный кентінің амбулаториясының сейсмологиялық жағдайын жақсарта отырып, қалпына келтіру жұмыстары жоспарланды.
 
Директор                                                             Л.Төлеуханова