Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мемлекеттік бағдарламалар » "Қол жетімді баспана 2020"

"Қол жетімді баспана 2020"

 

 

 

 

                                                   

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА - 2020»

Бүгінде баспана жайы халық көкейіндегі бірінші кезектегі мәселе. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Сөйтіп, бұл бағдарламаны жүзеге асыру бағытында бірталай шаруа қолға алынып, ел көлемінде көптеген іс тындырыла бастады. Бүгінде ол өз нәтижесін беріп те жатыр.

                                            

Бұл тұрғын үй нарығындағы жағдайды жақсартуға және қатардағы азаматтардың үй-жайлы болуына айтарлықтай ықпал етуде. Бүгінде мұны Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша іске асырып келеді. Сондықтан қазір өңірлерде тұрғын үй салу үрдісі қарқын алып, даму үстінде. Сондай-ақ, бұған қомақты қаражат та бөлініп отыр. Осы мәселенің жүзеге асырылу барысын тағы бір мәрте пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметов аймақ басшыларымен селекторлық кеңес өткізді. Басқосуға облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов пен өзге де өңір басшылары және салаға жауапты қызметкерлер қатысты. Жиынды ашып, жүргізіп отырған Үкімет басшысы алдымен күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелер төңірегінде егжей-тегжейлі таныстырып өтті.
Жиында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының бірінші жартыжылдығының іске асырылу барысы кеңінен талқыланды. Бұларға бөлініп жатқан қыруар қаражаттың игерілу жағдайы да сөз болды. Сондай-ақ, кеңесте осы бойынша орын алған кемшілік тұстар да тізбектеле айтылып өтті. Сонымен бірге құрылыс индустриясын дамыту мәселесі де жан-жақты әңгімеленді. Мұнымен қоса, астық жинау жұмыстарының бүгінгі жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ. Осы бағдарламаға сәйкес, биыл 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Жалпы, осы бағыттағы жұмыс барысының орындалуы тұрғысында Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігінің бірінші вице-министрі Серік Нокин кең көлемде хабарлама жасады. Жиында қаралған мәселелерге қатысты Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева да өз ойын ортаға салды.
Ал, құрылыс индустриясын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай және тағы басқалары тұщымды ой қозғады. Кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан астық жинау науқанының қызу жүргізіліп жатқандығын және бұл бағыттағы шаруаның өз деңгейінде орындалуы үшін барлық жағдайдың қарастырылып отырғандығы баяндалды. Осыған орай, Үкімет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесе отырып, жиын-терін науқанын уақытылы және ысырапсыз жүргізу керектігін қадап айтты.
Сондай-ақ, ол жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыруда жылдан-жылға Үкімет тарапынан қомақты қаражат қарастырылып келетіндігін және бұл шаруа алдағы уақытта да басты назарға алынып, қатаң қадағаланатындығы жөнінде құлаққағыс етті. Осы мәселе бойынша бірқатар өңір басшылары да қысқаша мәлімдеді. Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов, сала мамандарымен кеңесе отырып, жүктелген міндеттемеге сәйкес берілген тапсырманы нәтижелі орындап, одан әрі жандандыру жолын қарастырды.

 

«Қолжетімді баспана 2020» Текеі қаласы бойынша

Текелі қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесімен 2014 жылы келесі жұмыстар атқарылды:

         «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатынан (425,1 мың теңге) 80 пәтерлі коммуналды тұрғын үй құрылысы жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссия қабылдап алды, бөлінген қаражат толығымен игерілді.

         Ғимарат қабаттығы                                  5 қабат

         Құрылыс салу алаңы                                1177,9 м²

         Ғимараттың жалпы алаңы                        5868,4 м²

         Пәтерлердің жалпы алаңы                       4067,6 м²

         Құрылыс көлемі                                       18874,2 м³

         Достық шағын ауданында орналасқан 80 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік жүйелер құрылысына және абаттандыруына 39,6 мың теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді.

         Сонымен қатар Текелі қаласының 80 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысы жұмыстарына ЖСҚ дайындау үшін 19,7 мың теңге және инженерлік жүйелер құрылысы мен абаттандыруға ЖСҚ дайындау үшін 3,6 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтіп қорытындысы алынды.

Текелі қаласының мектепке дейінгі шағын орталығымен №1-ші орта мектеп спорт залының құрылысы аяқталып мемлекеттік комиссия қабылдап алды. Бөлінген қаржы сомасы – 124,8 мың теңге.

Ғимараттың жалпы алаңы – 905,76 м².                    

Сонымен қатар 2014 жылы Текелі қаласының жас өспірімдерге арналған туризм мектебінің ғиамаратын реконструкциялау және                  №6 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып мемлекеттік комиссия қабылдап алды. Тапсырыш беруші Алматы облыстық құрылыс басқармасы.

Аталған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес уақытылы жүргізіліп, бөлінген қаражат толығымен игерілді.