Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қалалық басқармалар » "Жұмыспен қамту орталығы" ММ » Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

2017 жылдың I тоқсанына

Текелі қаласы бойынша халық саны 32600 адам (жастар саны-7008 адам), оның ішінде жұмыс күші 17512 адам, жұмыспен қамтылған халық саны 16629 адам, жалдамалы қызметкерлер саны 11218 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 5411 адам, жұмыссыздар саны 883 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %, жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,3% (обл. бойынша 3,1 %).

Ағымдағы жыл басынан 27 сәуір айына Халықты жұмыспен қамту орталығына 532 адам жүгінді, оның ішінде 456 адам Бағдарламаға қамтылды (жұмыссыздар саны-307, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны-149). Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Текелі қалалық комиссиясы 2017 жылдың 16 ақпан айында құрылды. Жыл басынан 55 жаңа жұмыс орны құрылып, қосымша мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 290 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сәуір айында Текелі кәсіптік колледжге қысқа мерзімді кәсіптік оқуға аспаз-31, кондитер-11, электрик-14, электр мен газбен дәнекерлеуші-8, шаштараз-30, және тігінші-20 мамандықтары бойынша 114 адам, Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қорына тәрбиешінің көмекшісі мамандығы бойынша 13 адам жолданды. Сонымен қатар, мамыр айында еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға сәйкес қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға 33 адам жолданатын болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 52876 мың теңге қаржы қарастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 45 жобаға 188 млн. қаржы қарастырылды, қазіргі таңда шағын несие алуға 60-қа жуық адам тізімделді.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 335 адамға 46826 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыстарға 161 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам, жастар практикасына 23 адам жолданды.

Сонымен қатар, тұрақты жұмыс орнындарына 131 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде білім саласына – 37 адам, денсаулық саласына – 37 адам, өнеркәсіп саласына -19 адам, құрылыс саласына – 5 адам, қызмет көрсету саласына – 14 адам, мемлекеттік мекемелерге – 19 адам жолданды.