Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Моноқала » Моноқаланың Кешенді даму жоспарының жүзеге асырылуы

Моноқаланың Кешенді даму жоспарының жүзеге асырылуы

2012-2014 жылдарға Текелі моноқаласының Кешенді даму жоспарының жүзеге асырылуы туралы анықтама

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республикамыздың моноқалалар тізіміне Алматы облысынан орта даму серпінімен, 31,8 мың адам санымен Текелі қаласы енгізілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Текелі қаласының 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары» Алматы облыстық мәслихатының шешімімен 2012 жылдың қазан айында бекітілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан 20 іс-шара жүзеге асырылды, 12-сі жүзеге асырылу барысында. Бұл мақсаттарға 2,7 млрд теңге қаражат бөлінді (РБ – 1,2 млрд. тенге, ЖБ – 1,5 млрд. тенге).

Текелі қаласының Кешенді даму жоспарында негізгі 4 бағыт айқындалды.

1-бағыт. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.

        Экономикалық зерттеулер институтымен қаланың ары қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына ұсыныстар жасалына отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. 

Қаланың Бас жоспары 2008 жылы бекітілді. Егжей тегжей жобалау жоспары 2015 жылдың наурыз айында қала әкімдігімен бекітілді, оны даярлауға облыстық бюджеттен 32,0 млн. теңге қаражат бөлінген. (жоспарды даярлаушы «Градо» ЖШС).

Инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында «Достық» индустриалды аймағын құру бойынша жұмыстар басталды. Нақты уақытта жалпы 134,4 га  аумағымен өнеркәсіп учаскілеріне инвентаризация жүргізіліп, 17 га құрайтын 25 қолданылмайтын учаскілер анықталды. Индустриалды аймаққа 15,5 га бос жер айқындалып, белгіленді.

Технико-экономикалық негіздемесін даярлауға 12,0 млн. теңге бөлініп, оны даярлаушы «Алматыдорпроект» ЖШС болып табылады.

2-бағыт. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту

Бағдарламаның екінші бағыты аясында «Bapy Mining» ЖШС-нің «Инновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» зәкірлік жобасын жүзеге асыру жалғасуда, жобны 2015 жылы іске қосу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асырылуынан бастап 2,5 млрд. теңге инвестиция игерiлді (құрал-жабдықтар сатып алынып, қосалқы ғимараттар дайындалуда).

Қала құрушы кәсіпорындармен шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 13 әріптестік бағдарламасы іске асырылды.

Қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы аясында жұмысшылар киімін тігетін тігін цехы ашылды (25 жұмыс орнына), жылу электро станциясының, темір кенді концентратын брикеттеу цехінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«ТЛК Текесу» ЖШС-нің 12 нөмірге есептелінген туристік базасының құрылысы аяқталды. Аталған жоба аясында автотұрағымен қонақ-жай құрылысы, бугельді трасса, шана тебуге арналған трасса, шаңғы және сноубордтар, маунтинбайктар тебуге арналған тарссаларын салу жоспарлануда.

Шағын және орта бизнес дауда, 928 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде, 2014 жылы олармен 7,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 697,5 млн. теңгеге бюджетке салық түсімдері түсті.

Шағын және орта бизнес саласында 2,8 мың адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қалада кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан жаңа өндірістерді құруға 9 жобаға 25,0 млн. теңге сомасында гранттар берілді, жалпы соммасы 734,8 млн. теңгеге 15 жобаның пайыздық ставкалары субсидияланды, 146,1 млн. теңгеге 69 адам шағын кредиттер алды.     

2015 жылы кредиттердің пайыздық ставкалары субсидиялауға 14,3 млн. теңге, жаңа өндірістер ашуға 11,0 млн. теңгеге гранттар, шағын кредиттер беруге 114,6 млн. теңге қарастырылды.

3-бағыт. Текелі қаласының еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату

        Бағдарламаның іске қосылғанынан  бастап 533 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қаланың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату мақсатында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан 142 адам өтті, әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адам орналасты, жастар практикасына 65 түлек жіберілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Теміртау политехникалық колледжіне газ қондырғыларын реттейтін жұмысшы, су құбырын жүргізуші, домна пеші шихтовщигі   мамандықтарына    кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға) 30 адам  жіберілді.

Жер асты қазбалары саласы мамандарын дуалдық оқыту бойынша 3 жақты меморандумға қол қойылды, қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарынан 18 адам оқытылды.

4-бағыт. Текелі қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту

2012-2014 жылдары республикалық бюджет есебінен 22 км қала көшелерінің жолдары, 11 км канализация желілері, 3 км су желілері қайта жаңғыртылып, 7 км арық жежілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 6,3 км қашықтықта қаланың 6 көшесі және саябақ аллеясы жарықтандырылып, барлығы 426 жарықтандыру қондырғылары орнатылды, қаланың орталық саябағы абаттандырылып, «Металлург» және «Горняцкий» шағын аудандарында балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылды, №6 бала-бақшанының ғимаратына сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 80 пәтерлі тұрғын үй, 120 орындық бала-бақша, №1 орта мектепке спорт зал салынып, скаладроммен балалар мен жасөспірімдерге арналған  туризм мектебінің ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, қоқыс бөліктері орнатылып, «Металлург» шағын ауданында орналасқан клуб ғимаратына және орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 40-228 шешімімен Кешешді даму жоспарына жандандыру жұмыстары жүргізіліп, Текелі қаласының 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары бекітілді.

2015-2017 жылдарға арналған Кешенді даму жоспарында барлық бағыттар бойынша 20,0 млрд. Теңгеге 38 іс-шара жоспарланған, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 4,1 млрд. теңгеге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңгеге, басқа да қаражат көздерінен 14,8 млрд. теңгеге.

Бағдарлама аясында 2015 жылы республикалық бюджеттен 683,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 376,0 млн. теңге бөлінді.

«Достық» және «Алатау» шағын аудандарының магистралды жылу жүйелерін, Текелі қаласының Текелинка өз. көпірінен Қонаев көшесі бойындағы орталық көпір өткеліне дейінгі жолды, жаяу жүргіншілер технологиялық аспалы көпір өткелін қайта жаңғырту, Текелі қаласындағы тазарту ғимараттары мен Қора бас тоғанында резервтегі электр беру желісінің құрылысы бойынша жұмыстар басталды.

Өнеркәсіп өндірісі мен инвестиция көлемін арттыру мақсатында, «зәкірлік» жобамен қатар қалада жалпы сметалық құны 7,3 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда:

- Қора өзенінде 25 МВт жылу электрстанциясының құрылысы («АСПМК-519» ЖШС, жобаның құны - 4,7 млрд. теңге);

- электро-жабдықтары мен темір бетонды бұйымдар өндірісі бойынша шағын завод құрылысы («АлтайКазИнжиниринг» ЖШС, жобаның құны - 480,0 млн. теңге);

- оттекті-азот өндірісі үшін цех құрылысы («Электромарганец» ЖШС, жобаның құны - 90,0 млн. теңге);

- көлік логистикасын құру ( «NLC Атасу» ЖШС, жобаның құны - 675,0 млн. теңге);

- «Текесу» туристік базасының құрылысы («ТЛК Текесу» ЖШС, жобаның құны - 372,0 млн. теңге);

-  дене-шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы («АSК-ТЕКZНАN» ЖШС, жобаның құны - 675,0 млн. теңге).