Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Верхняя навигация » Сайлау 2018 » Кандидаттарды тіркеу

Кандидаттарды тіркеу

ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЫ

 

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар болып тіркелді:

№ 12 Көксу сайлау округі бойынша:

Беделбаева Данна Асқарқызы, 1984 жылы туылған, іс жүргізу инспекторы-статист, Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ, Текелі қаласында тұрады;

Жақсыбекова Әсел Болатқызы, 1981 жылы туылған, директор, «Рудничный ауылының № 7 ОМ МДШО» КММ, Рудничный ауылында тұрады;

Сәдуақасова Гүлім Әубәкірқызы, 1981 жылы туылған, әлеуметтік педагог, «№ 8 ОМ МДШО» КММ, Текелі қаласында тұрады.


 
№12 Көксу сайлау округі бойыншаТекелі қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
БЕДЕЛЬБАЕВА Данна Аскаровна
 
Өмірбаян
 
1984 жылы дүниеге келдім. 2000 жылы Үштөбе қаласындағы №13 орта мектебін бітірдім. Еңбек жолымды 2002 жылы Үштөбеде бастадым. 2012 жылдан Текелі қаласының қаржы бөлімінде инспектор болып қызмет етемін. Ұлтым – қазақ, тұрмыс құрмағанмын, балам бар. Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына өз-өзімді ұсынып отырмын.
 
Сайлаудағы бағдарлама
 
1. Соғыс және тыл ардагерлеріне, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал етемін;
2. Ұлттық сананы, салауатты өмір салтын дамыту бойынша жұмыс істеймін;
3. Халықтық өнерді дамытуға күш саламын;
4. Жастардың адамгершілік құндылықтар, рухани тұрғыдағы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлемін;
5. Нашақорлықпен және балалар арасындағы қылмыспен күресті күшейте түсуге маңыз беремін;
6. Ана мен бала денсаулығын қорғауды ортақ мақсаттардың бірегейі етуге күшімді саламын;
7. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамтуға жан-жақты қолдау көрсетемін.

 

№12 Көксу сайлау округі бойыншаТекелі қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
ЖАКСЫБАЕВА Асель Болатовна
 
Өмірбаян
 
1981 жылы Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылында тудым. Тұрмыстамын, 4 бала тәрбиелеудемін. 2006 жылы Д.Қонаев атындағы гума-нитарлық университетті, 2008 жылы І.Жансүгіров атындағы университетті бітірдім. Еңбек жолымды Беріктас орта мектебінде бастадым. 2017 жылдан Рудничный ауылындағы №7 ОМ директорымын.
 
Сайлаудағы бағдарлама
 
Қала және Рудничный ауылындағы мәселелерді оңтайлы шешу қолымнан келеді деп есептеймін. Мақсат-міндеттерім:
1. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мемлекеттік бағдарламалар арқылы ықпал ету;
2. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуын қадағалау;
3. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды күшейту;
4. Ауылдағы көшелерді жарықтандыруды жалғастыруға, тротуарларды, су іркуіш құрылғыны, мектепті күрделі жөндеуге қаржы бөлінуіне ықпал ету;
5. Балалар мен жастар ұйымдарын құрып, жұмысын дамыту;
6. Жалпыға міндетті оқу қорына бюджеттен түсетін қаржыны ұлғайту есебінен балаларды ыстық тамақпен көбірек қамту, демеушілерді тарту;
7. «Нұр Отан» партиясының партиялық жобалары бойынша жұмыс істеу.

 

№12 Көксу сайлау округі бойынша Текелі қалалық мәслихатының
депутаттығына кандидат
САДВАКАСОВА Гулим Аубакировна
 
Өмірбаян
 
1981 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сары-өзек ауылында тудым. 2005 жылы Қ.Сәтбаев атындағы колледжді техник-бағдарламашы мамандығы бойын-ша, 2017 ж. ЖМУ-ды педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымды 2005 жылы бас-тадым. 2014 жылдан №8 орта мектебінде жұмыс істеймін. Ұлтым – қазақ.Тұрмыста емеспін. Ұлым бар. Депутаттыққа өз-өзімді ұсынып отырмын.
 
Сайлаудағы бағдарлама
 
Өмірлік тәжірибемді қолдана отырып, жұмысымды сайлаушылардың мүддесін қорғауға бағыттаймын.
1. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал етемін;;
2. Жастар ұйымдарымен бірлесе ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге белсене атсалысамын;
3. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласындағы жас мамандарды баспанамен қамту мәселесінің шешілуі үшін тиісті шаралар қолданамын;
4. Әлеуметтік және экономикалық бағыттағы бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жасаймын;
5. Жас болсам да, барлық жігерімді алға қойған міндеттерді шешуге арнаймын және сіздердің қолдауларыңызды күтемін.