Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қалалық басқармалар » Жастар саясаты » Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы:  «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы – «Текелі қаласының жастары»
Заңды мекен-жайы: 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесi 29/1
Электрондық пошта: tekeli.kalasynyn.zhastary@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (728-35) 7-90-81
Жетекшісі: Жұматаев Айдос Ерікұлы
Бас кеңесші: Молдахметов Нұржан Ғалымұлы
Кеңесші:

Азаматтарды қабылдау кестесі

Апта күндері
Қабылдау уақыты
Түскі үзіліс
Дүйсенбі
9.00 – 19.00
13.00 – 14.00
Сейсенбі
9.00 – 19.00
13.00 – 14.00
Сәрсенбі
9.00 – 19.00
13.00 – 14.00
Бейсенбі
9.00 – 19.00
13.00 – 14.00
Жұма
9.00 – 19.00
13.00 – 14.00
Сенбі
Демалыс
Жексенбі
Демалыс

Жетекшінің өмірбаяны

 Мен, Жұматаев Айдос Ерікұлы 1994 жылдың 10 қарашасында Алматы облысы, Жаркент қаласында дүниеге келдім. 2000 жылы Текелі қаласының №1 орта мектебіне бірінші сыныпқа бардым. Осы мектепті 2010 жылы тоғызыншы сыныпты үздік куәлікпен бітіріп, Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті колледжінің құқықтану мамандығы бойынша оқуға түстім. Оқушы кезімде мектептің қоғамдық өміріне белсене араластым, мектеп ішілік пікір – сайыстарға, басқа да шараларға қатысып, алғыс хат, мадақтау қағаздарымен марапатталдым. Колледж қабырғасында да қоғамдық шараларға ат салысып, белсенді студенттердің бірі болдым. Аталған колледжді 2013 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы жылы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Заң факультеті, құқықтану мамандығына сырттай бөліміне оқуға түсіп, бүгінгі Заң факультетінің III курс студентімін. Осы жылдың қараша айында «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі ММ» инспектор қызметіне жұмысқа орналастым. 2014 жылдың қаңтар айының 28 жұлдызынан бастап «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы – «Текелі қаласының жастары» ресурстық орталығына кеңесші лауазымына жұмысқа тағайындалдым. 2015 жылдың сәуір айынан бастап «Текелі қаласының жастары» ресурстық орталығының жетекшісі болып тағайындалып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жолында өз үлесімді қосып, еліме қызмет етудемін.