Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Қалалық басқармалар » Жастар саясаты » Міндеті мен мақсаты

Міндеті мен мақсаты

«Алматы облысы жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы – «Текелі қаласының жастары»
Филиал Текелі қаласыны аумағында Орталықтың атқару қызметтерімен міндеттерін жүзеге асыру мақсатымен құрылады. Филиал Алматы облысының, Текелі қаласының аумағында өз қызметін көрсетеді.
Филиалдың негізгі мақсаттары мыналар:
1) Алматы облысы, Текелі қаласының аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүргізу міндетін іске асыру; 2) Филиалдар Орталықтың балансында тұрған мүліктерден бөлінеді, «Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» бастығымен бекітілген Ережеге сәйкес әрекет етеді және Қазақстан Республикасының күші бар заңнамаға сәйкес аумақтық әділет органында тіркеу есебінде жатады. 3) Жастар саясаты мәселесіне қатысты басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; 4) Жастар үшін әлеуметтік инфрақұрылым жасау-объектілердің жастар өмірін қамтуға арналған қажетті (ғимараттар, құрылыс, құрылғылар), сондай-ақ денсаулық сақтау, білім, тәрбие беру, әлеуметтік бейімделу, физикалық, рухани және адамгершілік дамыду жүзеге асыруды, жастардың жұмыспен қамтыулын және жастар арасындағы азаматтық-құрықтық тәрбие болуын ұйымдастыру; 5) Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, Конституцияға қарсы немесе қоғамға қарсы әрекеттерге бейжай қарамау, ішкі саяси тұрықтылық пен ұлтаралық келісімді жаңа мәдени және діни диалогтар формасын іздестіру арқылы нығайтып отыру; 6) Әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республикада тұратын өзге де этностардың тарихын, дәстүрі мен салтын оқыту; 7) Өскелең ұрпақ арасында азаматтық-патриоттық тәлім-тәрбие аясында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгерту; 8) Студенттік ұйымдардың және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне мониторингтер мен сараптамалар жүргізу, басқа да үкіметтік емес ұйымдармен, діни, құқық қорғау, ұлттық-мәдени орталықтармен, саяси партиялардың жастар қанатымен, студенттік ұйымдармен және жастардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау, Алматы облысы әкімдігінің қоғам өмірінің ішкі саясаты және жастар саясатының маңызды мәселелері жөніндегі мәжілісінің құжаттарын дайындауға қатысу; 9) Бұқаралық ақпарат құрылдары мен құқыққорғау органдары арасында байланыс орнату, ауылдық және аудандық, қалалық, облыстық жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу бойынша ақпараттық және кеңестік-әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмыс жүргізу, ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру, реттеу және жалпылыу, жинақтау бойынша қызметті іске асыру.
Қойылған іс-әрекет пәніне сәйкес Филиал келесі қызметтерді атқарады:1) Текелі қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын бұдан әрі қарай жүзеге асыру бағдарламасын жасап, Басқармаға бекітуге ұсыну, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты саласында мемлекеттік тапсырыстарды өңдеуге қатысу; 2) Текелі қаласының әкімдіктердегі жастар ісі бойынша кеңестің жұмысын, Алматы облысындағы Текелі қалалық жастар ісі бойынша кеңестің өзара байланысуын қамтамасыз ету;3) Кәсіби және техникалық білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы, мемлекеттік тапсырысы негізінде білім алған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету; 4) Текелі қаласының аумағында білім беру мекемелерінде өскелең ұрпаққа азаматтық-құқықтық және патриоттық тәрбие беру жұмыстарын қадағалау және үйлестіру;5) Қоғамдық маңызы бар жастар ынтасын қолдауды жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімге арналған клубтар мен қозғалыстардың қызметін үйлестіру және тәжірибеде орындауды ұйымдастыру; 6) Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды іске асырады. 7) Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, жастар денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жасалуын, шаралардың орындалуының қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.