Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мемлекеттік қызметтер » Мәлімет

Мәлімет

Текелі қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемелерінің
2017 жылдың  3 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді
көрсету бойынша жұмысы туралы
Ақпарат
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі         № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес Текелі қаласының мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызметтердің 84 түрлерін көрсетеді.
Қала бойынша мемлекеттік қызметтерді 12 мемлекеттік мекеме көрсетеді.
2017 жылдың 3 тоқсанында барлығы 2993 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде: мемлекеттік органдардан тікелей - 2587 қызмет,  15 қызмет баламалы түрде Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетілу мүмкін, электрондық нысанда 391 қызмет көрсетілді.
 «Текелі қаласының ветеринария бөлімі», «Текелі қаласының білім бөлімі», «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелері ең көп мемлекеттік қызметтерді көрсетті.
2017 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік мекемелерге бөлгендегі сандары:
  1. «Текелі қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі               - 338 мемлекеттік қызмет көрсетті;
  2. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 2138 мемлекеттік қызмет көрсетті;
  3. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 391 мемлекеттік қызмет көрсетті;
  4. «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі – 89 мемлекеттік қызмет (азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша).
  5.  «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 2 қызмет көрсетті;
  6. «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 34 мемлекеттік қызмет көрсетті;
  7.  «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 1 мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсеткен жоқ, өйткені ешкім жүгінген жоқ.
Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер тоғыз түрі бойынша  көрсетілді, олар: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 6 қызмет, «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» - 33 қызмет, «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» - 53 қызмет, «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» - 154 қызмет, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» - 43 қызмет, «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» - 12 қызмет, «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» - 44 қызмет, «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 33 қызмет, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 13 қызмет.
 Көрсетілген электрондық қызметтердің үлесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санында 13,1 % құрайды.