Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мемлекеттік қызметтер » Мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Текелі қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің 2016 жыл үшін есебі
Жалпы ережелер
1. Қызмет берушілер туралы мәліметтер:
2016 жылы 10 мемлекеттік мекеме қызмет берушілер болды:
1) «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2) «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3) «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4) «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5) «Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6) «Текелі қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7) «Текелі қаласының ветринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8) «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9) «Текелі қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі
10) «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі», «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері 2016 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсеткен жоқ, себебі – ешкім жүгінген жоқ.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2016 жылы көрсетуге жататын мемлекеттік қызметтердің түрлері 86 болды.
Текелі қаласы бойынша 2016 жылы 69 түрлер бойынша барша 19280 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде:
халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы -3188 (16,5%);
мемлекеттік органдарда - 15407 қызмет (80,0%);
«электрондық үкімет» веб порталы арқылы 685 (3,6 %) қызмет көрсетілді.
18399 қызмет тегін көрсетілді, ақылы негізде 881 мемлекеттік көрсетілетін қызмет 6 түрлер бойынша көрсетілді: «Өзгерістерді, түзетулерді, толықтыруларды енгізуге байланысты, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер беру», «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру», «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру», «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».
Қағаз нысанда 18595 (96,4%) мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда – 685 (3,6%) қызмет көрсетілді.
1. 2016 жылы барынша талап етілген қызметтердің түрлері:
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (5064 қызмет, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 26,3% құрайды);
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» (2070 қызмет, немесе 10,7%);
- «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (1344 қызмет, немесе 7,0%);
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» (1085 қызмет, немесе 5,6%);
- «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (1171 қызмет, немесе 6,1%).
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Көрсетілетін қызметтердің тізімі, олардың стандарттары мен регламенттері қала әкімдігінің сайтында орналасқан. 2016 жылы «Текелі тынысы» газетінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы 5 мақалалар мен мәліметтер жарияланған.
2016 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті» мемлекеттік мекемесінің мамандары және «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам өкілдері, Текелі қаласының әкімі аппаратының басшысымен бірлесіп, «Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізді.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру
жөніндегі қызмет
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2016 жылдың желтоқсан айында қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлерімен қалалық семинар-жиналыс өткізілді.
АХАЖ мәселелерімен айналысатын әкім аппаратының қызметшілері ХҚКО жұмысшыларымен бірігіп 12 семинар өткізді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1. 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары түскен жоқ.