Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Бөлімдер » «Текелі қаласының қаржы бөлімі» ММ » Жылдық есеп

Жылдық есеп

2017 жылдың Текелі қаласы бюджетінің орындалған есебіне
Түсінік хат
 
2017 жылдың Текелі қаласының бюджет кірістері бойынша 100,9 %, шығындары бойынша – 99,6 % орындалды. Бюджеттік орындауы келесі нәтижесімен мінезделенеді: бюджет кіріс бөлігінің орындалуы 3100151,0 мың теңге, бюджет шығын бөлігінің орындалуы 3115253,2 мың теңге құрады. Жылдың аяғына бюджеттік қаражат құралған қалдығы барлық соммасы 15102,2 мың теңге.
 
Кодтары
Атауы
Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет
Бюджет түсімдердің атқарылуы жәненемесе бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер
Ауытқу
Бюджет түсімдердің атқарылуы жәненемесе бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер, орындалған бюджеттке %
 
1.Кірістер
3071247,0
3100151,0
28904,0
100,9
1
Салықтық түсімдер
241496,0
256269,7
14773,7
106,1
2
Салықтық емес түсімдер
27815,0
32071,8
4256,8
115,3
3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
40120,0
49993,5
9873,5
124,6
4
Трансферттердің түсімдері
2761816,0
2761816,0
0
100,0
 
2.Шығындар
3127289,0
3115253,2
-12035,8
99,6
01
Жалпы сипатағы мемлекеттік қызметтер
143178,0
 
142709,8
-468,2
99,7
02
Қорғаныс
2685,0
2644,4
-40,6
98,5
03
Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқару қызметі
4223,0
4222,2
-0,8
100,0
04
Білім беру
1241585,0
1239944,8
-1640,2
99,9
06
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
258210,0
258017,1
-192,9
99,9
07
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
773270,0
769808,1
-3461,9
99,6
08
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
94425,0
94419,6
-5,4
100,0
10
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қоғау, жер қатынастары
56199,0
56185,2
-13,8
100,0
11
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
16071,0
16060,0
-11,0
99,9
12
Көлік және коммуникация
170862,0
166095,0
-4767,0
97,2
13
Басқалар
354254,0
352821,9
-1432,1
99,6
14
Борышқа қызмет көрсету
120,0
119,4
-0,6
99,5
15
Трансферттер
12207,0
12205,9
-1,1
100,0
 
3. Таза бюджеттік кредит беру
0,0
0,0
0,0
0,0
 
4. Қаржылық активтермен болатын опреациялар бойынша сальдо
0,0
0,0
0,0
0,0
 
5. Бюджеттің тапшылығы (профициті)
-56042,0
-15102,2
 
-56042,0
 
6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)
56042,0
15102,2
 
 
 
Несие түбіртегі
19272,0
19272,0
0,0
100,0
16
Несие түбіртегі
19272,0
19272,0
0,0
100,0
 
Бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары
75314,0
34374,1
 
 
 
Анықтамалық:
 
 
 
 
 
Бюджет қаражаттарының қалдықтары
 
 
 
 
 
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары
 
83509,9
 
 
 
Есепті кезең соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары
 
49135,8
 
 
 
2017 жылдың аяғына бюджет қаражаттарының қалдықтар соммасы 49135,8 мың теңге кірістердің артығымен орындалған есебінен құрылған соммасы 28904,0 мың теңге, игерілмеген шығын соммасы 12035,8 мың теңге және жылдың басындағы соммасы 8195,9 мың теңге бос қаражат қалдықтары бағытталған жоқ.
 
Барлығы
Кіріс бөлігінің артығымен орындалған есебі
Оның ішінде салық түсімдері бойынша
Оның ішінде салықтық емес түсімдері бойынша
Оның ішінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері
Оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу
Жыл басына бос қаражаттардың бағыталмаған қалдығы
Шығын бөлігінің орындалмаған есебі
Оның ішінде нысаналы трансферттердің орындалмаған есебі
Басқа шығындар
49135,8
28904,0
14773,7
4256,8
9873,5
8195,9
12035,8
1525,1
10510,7
49135,8
 
 
I. Кірістер
 
Текелі қаласының бюджет кірісі 2017 жылдың есеп мерзіміне барлығы жоспар бойынша 3071247,0 мың теңге түсті 3100151,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 256269,7 мың теңге субвенциясы алынды және нысаналы трансферттері соммасы 1344826,0 мың теңге.
Жинақ жоспары бойынша салықтық түсімдері 241496,0 мың теңгені құрап, 106,1% орындалды, нақты түскені 256269,7 мың теңге. Оның ішінде түсімдері жоспар бойынша артығымен орындалған:
- техникалық байқауды өтіп жатқан және төлеуші саны көбейді, өткен жылдың берешектің өтеміне байлансыты жеке меншікке салынатын салық бойынша;
- төлеуші саны және өндірістің көлемі көбеюіне байланысты тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар бойынша;
- заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттегі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер бойынша төлеуші санына байланысты.
Жинақ жоспары бойынша салықтық емес түсімдері 27815,0 мың теңгені құрап, 115,3%-ға орындалды, нақты түскені 32071,8 мың теңге, оның ішінде:
- ғимараттар мен мектеп асханасының бөлмелерінен жалдаудан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер бойынша кіріс жоспары асыра орындалған;
- салық төлеушілер жалдау төлемі уақытылы төлемеуі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер бойынша кіріс жоспары асыра орындалған;
- әкімшілік айыппұл төлемдер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар бойынша кіріс жоспары асыра орындалған;
- жүйелік емес және біржолғы мінездеме түр төлемі өзгеде салықтық емес түсімдері бойынша орындалмауы.
Жинақ жоспары бойынша негізгі капиталды сатудан түскен түсімдері 40120,0 мың теңгені құрап, 124,6%-ға орындалды, нақты түскені 49993,5 мың теңге. Оның ішінде түсімдері жоспар бойынша артығымен орындалған:
- мемлекеттік мүлікті сату мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген, ғимараттарды, пәтерлерді сату және машиналар;
- сату жерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, жер сатып алу жеке және заңды тұлғалар мен жалға алғаны үшін төлем жер.
2018 жылдың 1 қаңтарына кірістер бойынша қалалық бюджеттке мезгілінде төленбеген салық, ағымдағы төлем 8546,0 мың теңге, оның ішінде: 101202 коды бойынша төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұстлатын жеке табыс салығы – 569,0 мың теңге, 104402 коды бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салығы – 7977,0 мың теңге.
Кемшілікті қысқарту мен борышты жоюға мемлекеттік кірістер басқармасымен салық берешегін бюджетке өндіріп алуға барлық шаралар мен тәсілдер қолдануда.
 
II. Шығындар
 
2017 жылдың Текелі қаласының бюджет шығындардың бөлігі 99,6%-ға орындалды. Жоспар бойынша 3127289,0 мың теңге, игерілген соммасы 3115253,2 мың теңге. Игерілмегені 12035,8 мың теңге (оның ішінде: жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттері - 1525,1 мың теңге), мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 9941,6 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнемі – 307,5 мың теңге, жергілікті атқарушы органдардың резерві қайта қарастырылмаған – 1301,0 мың теңге, әлеуметтік төлемдер алушылардың нақты санның азаюы – 178,2 мың теңге, іссапар кестесінің өзгеруі - 13,3 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 12,4 мың теңге, келісім-шарт бойынша жабдықтаушылар шартын орындамаған - 238,5 мың теңге, болмаған мемлекеттік сатып алу бойынша – 19,0 мың теңге, басқа шығындары – 24,3 мың теңге.
Бюджет қаражаттары жыл бойы бағытталған соммаларға сәйкес жинақ қаржыландыру жоспары негізінде Текелі қалалық мәслихат сессиялары шешімдерімен бекітілген.
Текелі қалалық мәслихат сессиясының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-55 шешімі бойынша бекітілген бюджет шығындары мен кірістер соммасы 2352309,0 мың теңге, одан жеке кірістері – 260159,0 мың теңге, трансферттері – 2092150,0 мың теңге. 2017 жыл бойы қала бюджетіне 5 нақтылану еңгізілген. (№13-75 03.03.17ж; №15-94 08.06.17ж; №17-109 17.08.17ж; №18-117 03.11.17ж; №20-130 08.12.17ж.). Бұдан басқа, Текелі қаласының әкімдігінің 2017 жылдың 27 қаңтардағы №20, 2017 жылдың 23 қарашадағы №350 қаулыларымен бюджетке түзету жасалды.
Текелі қаласына бөлінген барлық жоғары бюджеттен трансферттері 1344826,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттік қаражат есебінен – 644557,0 мың теңге, жергілікті бюджеттік қаражат есебінен – 700269,0 мың теңге. Игерілгені 1343300,9 мың теңге құрады немесе 99,9% орындалды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 644457,5 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 698843,4 мың теңге. Игерілмеген 1525,1 мың теңге, оның ішінен негізгі қызметкерлерді оқыту кезеңіне ауыстыру үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін жалақы қорына үнемдеу, шағын-орталықтар бойынша төлемінің үнемі - 98,1 мың теңге, мептердің күрделі жөндеу жұмыстары, қала мектептерінің байланыс қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 1278,3 мың теңге, жылу магистральдік жүйесінің қайта жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 120,5 мың теңге, әлеуметтік төлемдерді алушылардың нақты санның азаюы – 21,6 мың теңге, ағымдағы басқада шығындар – 6,6 мың теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттердің орындалуы – 480799,4 мың теңге жоспар бойынша 482200,0 мың теңге. Нысаналы даму трансферттердің орындалуы 862501,6 мың теңге жоспар бойынша 862626,0 мың теңге.
 
Атауы
Жылдық есеп жоспары
Бөлінген
Жылдық есебін орындауы
Ауытқу
% орындау
Орындалмау себебі
РБ бөлінген нысаналы трансферттер, барлығы
644557,0
644557,0
644457,5
-99,5
100,0
 
оның ішінде
 
 
 
 
 
 
Ағымдағы нысаналы трансферттері
36265,0
36265,0
36166,8
-98,2
99,7
еңбекақы қоры бойынша үнемі – 97,8 мың теңге (негізгі қызметкерлерді оқыту кезеңіне ауыстыру үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу), есеп жиынтығының қалдығы – 0,4 мың теңге
Нысаналы даму трансфертері
608292,0
608292,0
608290,7
-1,3
100,0
есеп жиынтығының қалдығы – 1,3 мың теңге
ЖБ бөлінген нысаналы трансферттер, барлығы
700269,0
700269,0
698843,4
-1425,6
99,8
 
оның ішінде
 
 
 
 
 
 
Ағымдағы нысаналы трансферттері
445935,0
445935,0
444632,6
-1302,4
99,7
мептердің күрделі жөндеу жұмыстары, қала мектептерінің байланыс қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 1278,3 мың теңге, шағын-орталықтар бойынша төлемінің үнемі – 0,2 мың теңге, әлеуметтік төлемдерді алушылардың нақты санның азаюы – 21,6 мың теңге, басқада шығындар – 2,3 мың теңге
Нысаналы даму трансфертері
254334,0
254334,0
254210,8
-123,2
100,0
Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша үнем нәтижесі – 120,5 мың теңге, өзгеріссіз соманы қайтару – 1,0 мың теңге, есеп жиынтығының қалдығы – 1,7 мың теңге
Нысаналы трансферттер, барлығы
1344826,0
1344826,0
1343300,9
-1525,1
99,9
 
оның ішінде
 
 
 
 
 
 
Ағымдағы нысаналы трансферттер
482200,0
482200,0
480799,4
-1400,6
99,7
 
Нысаналы дамуы трансфертері
862626,0
862626,0
862501,5
-124,5
 
100,0
 
 
 
Басымдық тәртіпте қаржыландыру, уақытысындағы еңбекақыны төлеуге, салық пен арнайы зейнетақы жарналарын аудару мен коммуналдық қызмет төлемдерін төлеуде жүргізілген. Солай, жалпы Текелі қаласы бюджет шығынынан еңбекақы және аударымдар 1039508,4 мың теңге немесе 33,2 % құрады.
 
«Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобы бойынша бюджет орындауы 142709,8 мың теңге немесе жинақтық қаржыландыру жоспарына 99,7% құрады. Осы топ бойынша қамтамасыз ету үшін жұмсалған шығындары қалалық Мәслихат аппаратына - 15352,6 мың теңге, Текелі қаласының Әкiм аппаратына - 78660,7 мың теңге, Рудничный ауылдық округінің Әкім аппаратына - 14130,4 мың теңге, Текелі қаласының қаржы бөлiмiне - 13026,8 мың теңге, экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiне - 15556,6 мың теңге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыны – 4933 мың теңге. Сонымен қатар, осы топта салық салу мақсатында мүліктің бағалауын жүргізуіне шығындары көрсетілген – 380,0 мың теңге, жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу – 669,8 мың теңге. Игерілмеген 468,2 мың теңге, оның ішінен: еңбекақы қоры бойынша үнемі – 124,6 мың теңге, есеп-фактурасы, орындалған жұмыс актісін уақытылы өткізілмегені – 197,9 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 109,5 мың теңге, іссапар кестесінің өзгерілуі – 13,3 мың теңге, мүлікті бағалау бойынша болмаған конкурстар – 19,0 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 0,3 мың теңге, жиынтық шотының қалдығы – 3,6 мың теңге.
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша орындауы 2644,4 мың теңге немесе жинақтық қаржыландыру жоспарына 98,5% құрады. Осы топта жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларының шығындары көрсетілген – 1496,1 мың теңге, аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар – 1148,3 мың теңге. Игерілмеген 40,6 мың теңге, оның ішінен есеп-фактурасы, орындалған жұмыс актісін уақытылы өткізілмегені – 40,6 мың теңге.
«Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет» функционалдық тобы бойынша қалалық бюджеттен орындалған соммасы 4222,2 мың теңге қаржыландыру жинақ жоспары кезеңінде 4223,0 мың теңге немесе 100%. Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша осы топтың шығындары көрсетілген. Игерілмеген мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 0,8 мың теңге.
«Бiлiм беру» функционалдық тобы бойынша бюджет орындауы 1239944,8 мың теңге соммасында немесе есептiк кезеннін жинақтық қаржыландыру жоспарына 1241585,0 мың теңге немесе 99,9% құрады. Осы топ бойынша шығындары мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету - 85225,0 мың теңге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 143699,8 мың теңге, жалпы білім беруге – 857949,5 мың теңге, балаларға қосымша білім беру – 50086,0 мың теңге, білім бөлімі қамтылуына - 15029,0 мың теңге, білім беру жүйесін ақпараттандыру – 4500,0 мың теңге, мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу – 37097,8 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары – 6300,0 мың теңге, жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері – 21507,0 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 18550,7 мың теңге. Игерілмеген – 1640,2 мың теңге, оның ішінен еңбекақы қоры бойынша үнемі – 156,2 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнем – 1480,9 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 3,1 мың теңге.
«Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша орындау 258017,1 мың теңге немесе жинақтық қаржыландыру жоспарына 99,9% құрады. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары «Текелi қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi аппаратының қамтылуына - 26966,7 мың теңге, «Өрлеу» жобасы бойынша ақшалай көмек көрсетіді енгізу - 18323,1 мың теңге, жұмыспен қамту бағдарламасына – 87655,5 мың теңге, ауылдық жерлерде тұратын мамандарына отын сатып алуға – 374,4 мың теңге, тұрғын үй көмегі – 11517,0 мың теңге, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек – 11623,6 мың теңге, үйден көмек алып тәрбиеленетiн бала-мүгедектердiң материалдық қамсыздануы – 1102,5 мың теңге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету – 34420,1 мың теңге, 18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы – 6424,0 мың теңге, мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және қамтамасыз етуге, және ымдау тiлі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету – 14299,5 мың теңге, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу – 801,2 мың теңге, мемлекеттік органның күрделі шығыны – 600,0 мың теңге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асару 3542,7 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 1380,6 мың теңге. Бұдан басқа, бұл функционалдық тобында 1186,1 мың теңге сомасында патронат тәрбиесіне берілген (балалар) баланы қамтамасыз ету шығынына қарастырылған, 3575,6 мың теңге білім беру кәсіпорындарының тәрбиеленушілерге қоғамдық көліктерге жеңілдік жолда жүріп өтуіне. Игерілмеген 192,9 мың теңге, оның ішінен: алушылардың нақты саны азаюы әлеуметтік төлемдер – 178,2 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 6,2 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнем – 3,0 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 5,5 мың теңге.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобына қала бюджетiнен 773270,0 мың теңге бөлiнген, игерiлгенi 769808,1 мың теңге, ол жинақ қаржыландыру жоспарынан 99,6% құрайды. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары Алматы облысының Текелі қаласында 80 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына - 430429,4 мың теңге, Алматы облысының Текелі қаласында 80 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысына - 39997,1 мың теңге, "Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы" объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалауға - 2000,0 мың теңге, "Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы" объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалауға - 1000,0 мың теңге.
Бұл топқа жұмсалған шығындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттiк мекемесiн қамтылуына – 16253,3 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыны – 779,0 мың теңге, мемлекеттік тұрғын-үй қорының сақтауын ұйымдастыруына - 30,0 мың теңге, азаматтардың жекелген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету – 27136,0 мың теңге, авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу – 6318,3 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 1307,1 мың теңге, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуіне - 27422,1 мың теңге. Сонымен қатар, осы тобына Рудничный ауылдық округінің көшелерін жарықтандыру – 2749,7 мың теңге, Рудничный ауылдық округінің санитариясына – 224,0 мың теңге, Рудничный ауылдық округінің аббатандыру және көгалдандыру – 2034,8 мың теңге, қала санитариясына – 32186,6 мың теңге, қаланы жарықтандыруына – 33296,7 мың теңге, қаланы аббатандыру және көгалдандыру – 77743,9 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу – 2175,1 мың теңге.
Текели қаласына сумен қамтамасыз ету үшін ұңғымаларын бұрғылауға есепті жылға қала бюджетінен бөлінді 60000,0 мың теңге, "Алматы облысы Текелі қаласы Рудничный кентінде су бөгеті ғиматарын реконструкциялау" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге - 1093,0 мың теңге, Алматы облысы Текелі қаласының "Чажа" сорғы станциясынан өзі ағатын 300 мм диаметрлі су құбырының құрылысы" жоба сметалық құжаттамасын дайындау - 3000,0 мың теңге, Алматы облысы Текелі қаласының канализация жүйесін реконструкциялау – 1000,0 мың теңге.
Сонымен қатар, бұл функционалды топ бойынша шығындар "Алматы облысының Текелі қаласының орталық саябағында орналасқан Амфитеатр құрылысы" объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалауға – 1632,0 мың теңге.
Игерілмеген 3461,9 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 3451,1 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 5,5 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 5,3 мың теңге.
«Мәдениет, спорт және туризм ақпараттық кеңiстiк» функционалдық тобы бойынша бюджет 94419,6 мың теңгеге орындалды немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 100,0%. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары Мәдениет үйiн қамтуға – 33005,0 мың теңге, дене шынықтыру және спорт бөлімін қамтылуына – 5915,1 мың теңге, кiтапхананы қамтуға – 11475,2 мың теңге, мәдениет және тiлдi дамыту бөлiмiн қамтылуына – 8556,0 мың теңге, ішкі саясат бөлiмiн қамтылуына – 20200,7 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыны – 200,0 мың теңге, ведомствалық мекемелердің күрделі жөндеу жұмыстарына - 80,0 мың теңге, мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн дамыту – 836,0 мың теңге, қалалық деңгейде спорттық жарыста өткізу – 752,5 мың теңге, әртүрлі спорт түрлері бойынша қала құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы - 2292,0 мың теңге, мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер – 11107,0 мың теңге. Игерілменен 5,4 мың теңге, оның ішінде еңбекақы төлемі бойынша үнем – 3,0 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 1,3 мың теңге, жиынтық шотының қалдығы – 1,1 мың теңге.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функциналдық тобы бойынша бюджет 56185,2 мың теңгеге немесе қаржыландыру жоспарына 100,0% орындалды. Осы функционалдық тобы бойынша бағыталған шығындары ауыл шаруашылық бөлiмiн қамтылуына – 10359,3 мың теңге, ветеринария бөлiмiн қамтылуына – 10088,8 мың теңге, жер қатынастары бөлiмiн қамтылуына – 10294,4 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыны – 12604,9 мың теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру – 1500,0 мың теңге, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу – 64,8 мың теңге, жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринарялық іс-шараларды жүргізу – 25,0 мың теңге, ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізу – 257,9 мың теңге, эпизотияға қарсы іс-шаралар жүргізу – 9005,0 мың теңге, қала шекарасын құру кезінде жүргізілген жерді басқаруына - 1985,0 мың теңге. Игерілмеген 13,8 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 1,0 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 10,8 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 0,7 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 1,3 мың теңге.
«Өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық топ бойынша бюджет 16060,0 мың теңгеге немесе қаржыландыру жинақ жоспарына 99,9 % орындалды. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары құрылыс бөлiмiн қамтылуына – 7691,4 мың теңге, сәулет және қала құрлысы бөлiмiн қамтылуына – 8368,5 мың теңге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығындары – 400,0 мың теңге. Игерілмеген 11,0 мың теңге, оның ішінде еңбекақы төлемі бойынша үнем – 0,4 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 10,1 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 0,5 мың теңге.
«Көлiк және коммуникация» функциналдық тобы бойынша шығын соммасы 166095,0 мың теңгеге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 97,2%. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары Рудничный ауылдық округінің автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге - 1252,0 мың теңге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін қамтылуына – 5938,1 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығындары – 495,8 мың теңге, автокөлiк жолдарының істеуін қамтамасыз ету - 40240,0 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді және автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына - 117044,1 мың теңге, кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру - 1125,0 мың теңге. Игерілмеген 4767,0 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 4766,1 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 0,7 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 0,2 мың теңге.
«Басқалары» функциналдық тобы бойынша шығын орындауы 352821,9 мың теңге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 99,6% құрды. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары кәсіпкерлік бөлімін қамтылуына – 8381,6 мың теңге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығындары – 213,0 мың теңге, кәсіпкерлік қызметін қолдауға - 2200,0 мың теңге, “Өңірлерді дамыту 2020” Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру – 937,0 мың теңге, моноқалаларды ағымдағы жайластыру – 16013,4 мың теңге. Осы бағдарламалар бойынша екі инвестициялық жоба 2015 жылдан басталған: Текелі қаласының "Алатау" шағын ауданының магистралдық жылу жүйелерін қайта жанғырту және Текелі қаласының "Достық" шағын ауданының магистралдық жылу жүйелерін қайта жаңғырту, "Алатау" шағын ауданының магистралдық жылу жүйелерін қайта жанғыртуына есептіе жылға бағыталған - 309192,0 мың теңге, "Достық" шағын ауданының - 15884,8 мың теңге. Игерілмеген 1432,1 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша үнем - 129,1 мың теңге, бөлінбеген резерв - 1301,0 мың теңге, соманы банк орындамай қайтару – 1,0 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 1,0 мың теңге.
«Борышқа қызмет көрсету» функциналдық тобы бойынша шығын орындауы 119,4 мың теңге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 99,5% құрды. Осы топта көрсетілген шығыс кредиттер бойынша сыйақылар төлеу жөнінде.
«Трансферттер» функциналдық тобы бойынша шығын орындауы 12205,9 мың теңге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 100,0% құрды. Осы топта нысаналы трансферттерді қайтару бойынша көрсетілген шығындар, 2016 жылы 6949,9 мың теңге игерілмеген, жергілікті өзін-өзі басқару органның трансфртері 923,0 мың теңге,
заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары бюджеттің шығындарын өтеу үшін төменгі бюджеттен мақсатты ағымдағы нысаналы трансферттер – 4333,0 мың теңге.
«Қарыздарды өтеу» функциналдық тобы бойынша пайдаланылмаған несие сомасын қайтару 19272,0 мың теңге екі жоба шеңберінде жылу, су және ағынды суларды қайта құру және салу үшін: Алматы облысы Текелі қаласын сумен жабдықтау жүйесін байта құру соасы 9647,4 мың теңге, 2-ші кезек Алматы облысы Текелі қаласының су құбыры құрылысы және байта құру сомасы 9624,6 мың теңге. Жинақ қаржыландыру жоспарына 100,0% игеруін құрды.
Текелі қаласы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дебиторлық берешек жоқ
Текелі қаласы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық берешегі – 18,1 мың теңге құрады, оның ішінде Текелі қаласының кәсіпкерлік бөлімі бойынша жоспарланбаған іссапар шығыны – 18,1 мың теңге.
 
Бухгалтерлік есебі
 
Қаржыландыру жоспары орындалуының бухгалтерлік есебін жүргізу Қазақстан Республикасы қаржы Министірінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы» №393 бұйрығына сәйкес бухгалтерлік есепті меморалдық-ордерлік нысаны негізінде іске асырылады.
Текелі қаласы бойынша мекемелер және қазынашылық мекемелер, қалалық бюджет қаражатынан қамтылатын – 37: оның ішінде 18 – мемлекеттік мекемелер, 10 – коммуналдық мемлекеттік мекемелер (8 мектеп, жұмыспен қамту орталығы, кітапхана), 1 – жеке балабақша, 7 - мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындары, 1 – жауапкершілік серіптестік шаруашылығы (50%). «Парус-Каз.Бюджет» лицензиялық бағдарлама барлық мекемелерге орнатылған.
 
 
Текелi қаласы қаржы
бөлiмiнiң басшысы Е. Ахметов
 
 

Трансферттер есебі

Бюджетінің атқарылуы туралы есебі

Салықтар мен төлемдер түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау

Бюджеттерге түсетін түсімдер бойынша берешек сомасын талдау