Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Негізгі » Мемлекеттік бағдарламалар » Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналғ » Текелі қаласында

Текелі қаласында

2011 – 2020 жылға арналған тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға арналған тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасының аясында 2011-2013 жылдары аралығында Текелі қаласында жеті көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру механизмдерін жеделдік және қайтарымдылық жағдайында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлікіне жөндеу жұмыстарын өткізуді жүзеге асыратын «Текелі қаласының тұрғын үй-пайдалану кешені» ЖШС арнайы кәсіпорны 78 млн. 291 мың теңге бюджеттік қаражаты игерді.
2011-2013 жылдары аралығында жөндеу жұмыстары жасалған, пәтер иелерінен қайтарылған қаржы сомасы 32 млн.43мың. теңге құрады.
Оның ішінде 15млн. 900 мың.теңге үйлерді жөндеуге және 16 млн.143 мың теңге ЖШС-ті ұстауға жұмсалды.
2014 жылы көп қабатты 4 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, 55 млн.127 мың. теңге бөлінген. Барлық үйлерге мемлекеттік сараптаудан өткен жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жөндеу жұмыстары мамыр айынан басталады.
2011-2013 жылдары аралығында кондоминиум 11 объектісі тіркелген, көп қаббатты үйлердін жалпы санынан 5,7% құрайды, осы бағытта жұмыстар жалғасуда. Тұрғындармен жиналыстар жүргізілуде. Өйткені күрделі жөндеуді талап ететін үйлердің тұрғындарының көбі зейнеткерлер. Олар көбінесе үйді тіркеуге қаражат жинауға, банктерде жинақтау есепшот ашуға зауықсыз келіседі. Қазіргі кезде жөнделіп жатқан үйлердің тұрғындары поштада есепшот ашуда, барлығы 10 есепшот ашылды.
Биылғы жылдың бірінші кварталында үш кондоминиум нысан тіркелді,
Бағдарлама аясында 2015 жылы күрделі жөндеу өткізуге тұрғындармен үш келісім хаттамаларына қол қойылды.
2012-2020 жылдарға «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының аясында 2013 жылда келесі жобаларды жүзеге асырылды. «Алматы облысы Текелі қаласының жолдарын қайта жаңғырту» соммасы 122696,0 мың. теңге. Жолдарды қайта жаңғырту бойынша 10,588 км қалада 13 көше, орталық базарға кіреберіс жол жасалған.
  1. ы екі жоба жүзеге асыруда;
-Алматы облысының Текелі қаласындағы Әуезов, Л.Хамиди көшелерін, Қора көшесінен «Бытовик» гараж қоғамдығына дейінгі орам аралық көшелерін қайта жаңғырту жалпы соммасы 355804,4 мың. теңге. Қайта жаңғырту барлығы 4,083 км жол. Ағымдағы жылдың 15 мамырында жасалған жұмыстар асфальты демонтаждау жабу, бордюр және жаңа бордюрды орнату.
-Алматы облысы Текелі қаласының жолдарын қайта жаңғырту соммасы 141358,4 мың тенге. Қайта жаңғырту құруы 6,4 км жол.
2014 жылдың 15 мамырында жасалған жұмыстар асфальты жабу және демонтаждау.
 
Текелі қаласының тұрғын үй қоры 212 көп қабатты үйді құрайды, соның ішінде жылыту жүйесі қосылған 194 көп қабатты тұрғын үй және 40 – шы жылдардың соңында салынған 18 үй Горняцкий шағын ауданында орналасқан, алдағы уақытта бұл үйлерді пайдалану мүмкін еместігі туралы қорытынды берілген.
Текелі қаласында көп қабатты үйлермен жаппай құрылыс ошағы өткен ғасырдың 50 – 60 – шы жылдары басталғанын есепке ала, ғимараттар күрделі жөндеуден барлық уақыт ағымында өткізілген жоқ, тұрғын үй қорының күйі өте қиын жағдайға жетті. Осы үйлердің едәуір бөлігі 62 % (119 үй) ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге талап етеді. Бұл мәселені шешуге, 2020 жылға дейін есептелген тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасын бекітуге сәйкес, қалада белгілі жұмыс өткізілуде.
Жөндеу жұмыстарының бағасы өте жоғары болғандықтан тұрғындардың өз қаражаттары арқылы жасауға мүмкіндіктері жоқ. Бұдан басқасы кейбір тұрғындардың өз пәтерінен тыс жағдайына қызықпайтын арқа сүйеушілік көңілі орын алады.
Осы бағдарлама шеңберінде 2011 жылдың мамыр айында Текелі қаласында штаттық 6 адамнан тұратын ЖШС «Текелі қаласының тұрғын үй – пайдалану кешені» кәсіпорыны құрылды. Ең басты тапсырма жалпы мүліктік көппәтерлі тұрғын үйлер жағдайына жедел және қайтарылымдық жөндеу жұмыстарын жасауға қаржыландыру құрылымын іске асыру болып табылады.
Ұсынылған кесте көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды тек қана оларды тиісті жағдайына жеткізуге мүмкіншілік беріп қана қоймай, сонымен қатар әр тұрғынға жеке жалпы үйлер меншігіне ұқыптап көңіл бөлуге әдеттендірілді.
2011 – 2013 жылдары мемлекеттік мекеме қызметкерлері және қаланың коммуналды қызметкерлері көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен 200 ұқсастықтан көбірек тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасын түсіндіру өткізілді. Нәтижесінде 2011 жылы 2 КСК құрылды және тіркелді және Ауэзова №17 мекен - жайындағы көппәтерлі тұрғын үйде соммасы 7 млн 791 мын теңгеге бірінші жөндеу жүргізілді. Пәтер иелерінің жалпы жиналысында жөндеу жұмыстарын жүргізу, жұмыс түрлерін анықтау, ұйымдардың келісімі, өңдеудің жобалық – сметалық құжаттамасы, медігерлік құрылыс ұйымы сұрақтары шешілді. Жиналыстағы барлық шешім хаттамада рәсімделді. Өткізілген жұмыстың сапасын тұрғындардың өздері ЖШС «Текелі қаласының тұрғын үй – пайдалану кешені» жұмысшыларының күнделікті мониторингі арқылы бақылады. Жөндеу жұмыстары заманауи құрал – саймандарды пайдаланумен, жаңа технологияны енгізумен, қазақстанда жасалған товарлармен және материалдармен жүргізілді. Алынған нәтиже жаңа мемлекеттік бағдарламаның көрнекі нәтижесін көрсетті. Үйдің архитектуралық келбеті жақсарды. Автоматтандырылған жылу пунктісі орнатылғаннан соң жылу жүйесі бойынша төлем 35 % экономдалды.
Мемлекет әлеуметтік қорғау мекемесі арқылы тұрғылықты үйлердегі табысы төмен деңгейдегі тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Мұның бәрі пәтер иелеріне осы үйдегі жөндеу жұмыстары үшін лезде есеп айырысуға мүмкіндік берді.
Бірінші үйдегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайтарылған қаражат есебіне Абылай хан көшесіндегі №13 үйде жөндеу жұмыстары басталды. Олар жалпы соммасы 7 млн 850 мың теңгеге 2012 жылдың мамыр айында аяқтады.
2012 жылы 4 КСК құрылды және тіркелді, барлық келісілген рәсімдер жасалды және жалпы соммасы 21 млн 677 мың теңгеге Саптаев көшесіндегі №43 және Ауэзова көшесіндегі №13 екі үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
2012 жылы бөлінген қаражат есебінен екінші механизм бойынша қаржыландыру соммасы 15 млн. теңгеге үш көппәтерлі үйлерге толықтай жөндеу жұмыстары игерілді.
Облыс әкімінің демеуінің арқасында бағдарлама шеңберінде жұмыс көлемінің ұлғайуынан 2012 жылдың үшінші тоқсанында қосымша 40 млн. теңге бөлінді, ол басталған үйлердің жөндеу жұмыстарын аяқтауға және тағы Гагарина көшесіндегі №7 үй, Абылай хан көшесіндегі №10 үйдің жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Бұл үйлердің жөндеу жұмыстары 2013 жылдың мамыр айында аяқталды.
Жергілікті қаржы есебінен 173 техникалық төлқұжат, жалпы саны 89% көпқабатты үйлерді құрайды, кондоминиумді нысандарды тіркеу үшін қажет.
Кондоминиумнің 10 нысаны тіркелді, оның ішінде 8 үй түрлері КСК басшылығының таңдауымен.
2012 – 2013 жылдар кезеңінде жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлердің меншік иелерінен қайтарылған қаржы соммасы 28,5 млн. теңгені – 75% құрады.
Текелі қаласында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасы жұмыстары жалғасады.
2013 жылы Ауэзова көшесіндегі №16 үйге, «Дельфин» КСК күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Үш үйдің жөндеу жұмысына Абылай хан көшесі №12 , Гагарина көшесі №1, Космонавтов көшесіндегі №5 үйлерге жобалық – сметалық құжаттама дайындалды.
Қазақстан Республикасы 2011 – 2020 жылдары тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасы (ары қарай бағдарлама) Текелі қаласында айналым жинайды
Ақпарат
2011-2020 жылдар аралығана ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жасалған және жасалатын тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары туралы төмендегідей ақпарат жолдаймыз. Тұрғын үй коммуналдык шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Текелі қаласында 10 үйде күрделі жөндеу жұмастары жүргізілді. Бұл күрделі жөндеу жұмыстары терможаңғыртуды есепке ала отырып үнемдеу мақсатында жүргізілді. Барлық жөндеу жүргізілген үйлерге автоматтандырылған жылу есептегіш пункті орнатылды. Жылу есептегіш пункті орнатылған үйлерде, пәтер иелері орта есеппен алғанда шығындарын 40-45 % - ға үнемдейді. Сонымен қатар шатыр, жертөле, үйдің сыртқы келбеті, подъездері жөнделіп жылыланған темір есіктер кодтық және домофонды құрылғылармен орнатылды. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 10 үйге бөлінген мемлекеттік қаржы 119 734 930 теңгені құрап толығымен игерілді.
2011-2014 жыл аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерден, бүгінгі күнге пәтер иелерінен қайтарылған сомманың көлемі 34 528 604 теңгені құрайды. 2015 жылы көпқабатты 5 үйге жөндеу жұмыстарын 60 000 000 теңге көлемінде жүргізуді жоспарлап отырмыз.
 

         Ауэзова көшесі №13 үйдің жөндеу жұмыстары

         Жалпықұрылыстық жұмысқа  қосылды: шифер шатырын  металл жабынқышпен ауыстыру, үй жылу жүйесін  инженерлік  жөндеу, су құбыры және кәріз, электр өткізгішті ауыстыру, подъездерге  кодты құлыппен металл есіктерді орнату жөндеу жұмыстары. Міндетті ретпен автоматтандырылған жылу пункті орнатылды, ол осы үйдің тұрғындарына жылуға ақшалай қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.