Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Қаланың дамуы » Қалалық спорт мекемелері

Қалалық спорт мекемелері

 

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының Олимпиядалық резервтегі мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының БЖСМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1961 жылы ашылды, Спорт сарайы пайдалануға 1963 жылы берілді.

2009 жылдың 27 ақпанда Алматы облысының әділет Департаментының Текелі қаласының әділет басқармасында тіркелді, заңды тұлғаның 40-1907-23-КГУ мемлекеттік қайта тіркелудің күәлігі.

Мәртебе- коммуналдық мемлекеттік мекеме.

Мекеменің пайдалы алаңы – 2029 кв.м., өткізу мүмкіндігі – тәулігіне 500 адам.

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының БЖСМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 бөлімше:жеңіл атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, ауыр атлетика, футбол, садақ ату, хан дойбы, тоғызқұмалақ, дзюдо күресі, еркін күрес, қазақ күресі, джиу-джитсу, шаңғы спорты, пауэрлифтинг, барлығы – 759 спортшы оқушылар.

Жеңіл атлетикадан ҚР негізгі құрама командасына 1 спортшы, бокстан ересектер командасына – 1 спортшы, жеңіл атлетикадан жастар командасына – 1 спортшы, бокс және ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында командасына -5 спортшы және жеңіл атлетикадан  кіші жасөспірімдер командасына – 1 спортшы кіреді.

Спорт сарайында қалалық, облыстық және республикалық жарыстар өтеді.Сонымен қатар ауыр атлетика, бокс, волейбол, садақ ату, регби, және күрестін барлық түрлерінен, велосипед спортынан  ҚР құрама командалары оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Қазіргі кезде Текелі қаласының Спорт сарайы Алматы облысының ең үздік спорт нысандарының бірі деп танылады.

            ҚР ауыр атлетикадан құрама командасы жылда ең жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалады (Олимпиада ойындары, Әлем чемпионаттары және Азия ойындары).

            Соңғы жылдары Текелі қаласының БЖСМ-сі Алматы облысының спорт мектептерінің арасындағы рейтингте жоғары орындарға ие болып жүр.

«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Текелі қаласының БЖСМ» КММ жылда 11 спорт түрлерінен қалалық оқушылар Спартакиадасын өткізеді. 2012-13 оқу жылында Текелі қаласының жалпыбілімді мектептерінен 1200-ге таяу оқушылары келесі спорт түрлерінен Спартакиада бағдарламасына қатысты: жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс, футбол, волейбол, гандбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, кросс және шаңғы спорты.

2013 жылы «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Текелі қаласының БЖСМ» КММ штатында 39 адам болды:

Директор – Абейбеков Нуржан Ешмуханбетович,  оқу-тәрбиелеу ісі жөнінде директордың орынбасары – Рахым Құсайынович Керімбаев,  шаруашылық жөнінде директордың орынбасары – Шамиль Адхамович Курманов; әдіскер – Анара Мергенбаевна Калыбекова; есепші – Бибигуль Сейтмұратовна Сулейменова; іс қағаздарын жүргізуші – Гульнара Сайлюбековна Асылканова; фельдшер – Арман Алтынбекович Бимуратов.

14 жаттықтырушы-оқытушы: Плотников Валерий Фёдорович, Омарұлы Тұрарбек, Таджибаев Нурлан Микенович, Таджибаев Қайрат Микенович, Құдакелді Қобыланды, Орлов Денис Викторович, Володин Григорий Владимирович, Байзаков Рустам Қанабекович, Сопиков Константин Александрович, Майснер Эдуард Андреевич, Клиновитский Алексей Иванович, Есенбаев Бақыт Нуркисаевич, Коксогон Жетпісбек, Байболатов Берік Мырзакалиевич, Тугамбеков Сұлтан Абылгабылович, Курманов Дамир Шамильевич, Акимжанов Асхат Болатбекович, Тах Иван Самуилович, Жақсыбеков Жанайбек Жақсыбекұлы, Тельтаев Сержан Сарсенбаевич, Кобланов Марат Мұханбетович.

            Техникалық қызметкерлер: жүргізуші, вахтер, 4 еден жуушы, жабдық технигі, 2 жұмысшы, 3 күзетші.

            Өз қызметінде мекеме ҚР Конституциясын, заңдарын, ҚР Үкіметінің нормативтік актілерін, еңбек кодексін қолданады.

Мекеме мекен-жайы: 041701, Алматы облысы, Текелі қаласы, Сатпаев к-сі, 34

Тел. 8 (72835) 4-14-90 (факс), 4-11-06

dusshtekeli@bk.ru

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық аталуы:  «Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы» МКҚК
Бөлімнің заңды мекен-жайы: 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Әуезов көшесi,15

Ашылған уақыты: 06.01.2015 ж.

Электрондық пошта:
Бөлім телефондары:
Қабылдау бөлмесі/Факс:

Директоры: Жанбырбаев Самат Калижанович
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Саржевская Лариса Георгиевна
Бөлім меңгерушісі: Танирбергенова Назгуль Толегеновна          
Есепшісі: Ануар Айнур      

 

Аталған кәсіпорын 3 бағыт бойынша жұмыс істейді:

 

  1. Спорттық туризм (тау туризмі, жаяу туризмі, су туризмі)
  2. Өлкетану (гографиялық, экологиялық, тарихи)
  3. Спорттық (спорттық бағдарлау, жартасқа өрмелеу, туристік көпсайыс)

Үйірмелердің атауы:

  1. Тау туризмі
  2. Жаяу туризмі
  3. Су туризмі
  4. Спорттық жартасқа өрмелеу
  5. Спорттық бағдарлау
  6. Велосипедтік туризм
  7. Жас туристтер
  8. Туристер жолсеріктер
  9. Географиялық өлкетану
  10. Тарихи өлкетану
  11. Экологиялық өлкетану
  12. Туристік көпсайыс