Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Баннерлер

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Мемлекеттік бағдарламалар » "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы" » Текелі қаласында

Текелі қаласында

Текелі қаласы бойынша Жұмыспен қамту оратылығының 2016 жылдың 1 сәуір айына атқарылған жұмыстар туралы мәлімет              

Текелі қаласы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2016 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 1306 адамды қамту жоспарланған.
2016 жылдың 1 сәуір айына белсенді жұмыспен қамту шараларына 224 адам қамтылып, оның ішінде (жұмыссыздар 199 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 25 адам, табысы аз азаматтар 11 адам) мемлекеттік қолдау шаралары аясында 127 адам қоғамдық жұмыстарға, 67 адам тұрақты жұмыс орндарына, 30 адам Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында қамтылды.
Текелі қаласының Жұмыспен қамту орталығы бірінші және үшінші бағыт бойынша жұмыс атқарады.
2016 жылы бірінші бағыт аясында инфрақұрылымдық екі жоба бекітілді.
1) «Рудничный ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу» барлығы 6 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 3 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылады.
2) «Әуезов көшесіндегі даңқ монументіне, интернационалист жауынгерлер ескерткішіне және субұрқаққа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу» барлығы 24 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 12 қатысушы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылады.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмыссыз азаматтар арасынан субсидиялық жалақымен әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам, жастар тәржибесіне 24 адам жұмысқа жолданды.
Ағымдағы жылдың 01 сәуір айынан Теміртау политехникалық колледжіне «Домна пештерге газ жағушы», «Агломератшы», «Домна пешінің көрікшісі» мамандықтары бойынша 30 адам қайта даярлауға 3 айға жолданды.
 

              Директор                                                              К. Жантекеева